Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Менкеева Мирагуль Аманкосовна
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты:
1. Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
2. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім.
Сабақтың әдісі: түсіндіру; сұрақ-жауап; шығармашылық т.б Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 27 – жаттығу. (берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу) Ереже сұрау
Жан-жақты білімдерін тексеру Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Жаңа сабақ. Өткен сабақта біз ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүргенін айттық.Оның аты «Күрделі сөз» екенімен таныстық. Енді осы «Күрделі сөз» ақсақалдың үш ұлы бар екен. Олардың аттары «Біріккен сөз», «Қос сөз», «Қысқарған сөз». Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте, татулықта өмір сүріпті. Балалары да тату болып, бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен. Біз бүгін «Күрделі сөз» ақсақалдың қай ұлымен танысатынымызды «Фигураны тап» ойыны арқылы анықтайық.
1. Фигураларды тақтаға тізіп жазып шығады. Мысалы: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш. Бұлар қалай жасалған? Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған
Осылайша екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталатынын оқушылар өздері пайымдайды. Осы тұста біріккен сөздердің үнемі бірге жазылатыны ескертіледі.
ІҮ Оқулықпен жұмыс.
32-жаттығу берілген сөздерді оқып, сөз құрамына талдау. Осы арқылы бұл сөздердің біріккен сөз екені байқатылады.
33-жаттығу сөздерді көшіріп жазу.
34-жаттығу өлеңді жатқа жазып, біріккен сөздерді табу.
35-жаттығу берілген біріккен сөздерді қатыстытып сөйлем құрау, олардың біріккен сөз екенін дәлелдеу.
Сергіту.
Ү Бекіту:
Семантикалық картамен жұмыс.
36-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жазу.
ҮІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ Үйге тапсырма: 37-жаттығу.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі