Жамбыл ауданы
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Ходжалепесова Зоя Кайпановна
Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлттық тәрбие үрдісінде патриоттық сезімі жоғары, рухани адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, өз өмір жолын таңдай білу қабілеті биік, өз Отанына адал жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
2. ХYIII ғ. Бас кезінде қазақ елінің халықаралық жағдайының қиындауы, кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей империясына үміт артыуына себепші болғандығын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, Әбілқайыр ханның, Анна Иоановнаның суреттері.
Сабақтың жоспары:
1. Әбілқайыр ханның басты мақсаты.
2. Орыс өкіметінің Қазақстан жөніндегі жоспары.
3. ХYIII ғ.30-40 жылдардағы Кіші және Орта жүздің жағдайы.
1. Ресеймен сенімді байланыс орнатып бар күшті жоңғарларға қарсы күреске жұмылдыру қалмақтар мен башқұрттардың Қазақстанды мазалауын тоқтату.
Сонымен қатар Ресейге арқа сүйеп өзінің жеке қарсыластарының жеңіп, өз беделін көтеру.
Жайық, Есіл, Ертіс өзендері бойындағы қазақ руларына мал шаруашылығын дамыту үшін бейбіт өмір қажет болды .Ресей және басқа елдерге өтетін керуен жолының қауіпсіздігін қалпына келтіру үшін Ресеймен келісімге келу керек болды.
2. Ал орыс өкіметінің қазақтардың жоңғарлармен соғысып жатқанын пайдаланып қазақ жеріне бекіністер салу арқылы біртіндеп жаулап алу еді. 1731ж қазанның 10-ы күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған 29 старшина Ресейдің қол астына кіруге ант қабылдады. Әбілқайырдың бұл ойы қазақ елінің империя құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды.
1740 ж.Орта жүз билеушілері Абылай мен Әбілмәмбет те Ресей билігіне қарауға ант берді.
Орта жүз әліде өз дербестігін сақтады. Саяси жағдайдан туған айла - Ресеймен жақындасып Орта жүзге жоңғар шабуылдарын әлсіретуді көздеген еді.
3. Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Цэреннің 1741-1742 ж.Орта жүз бен кіші жүзге жасаған шабуылы «ақтабан шұбырындыдан» кем түспеді. Жоңғария екі жүздің билеушілерінен қалмақтардың билігін мойындауды және қазақтарға қонтайшы белгілеп берген жерде ғана көшіп-қонуын талап етті. Осы кезде орыс үкіметінің Ресейдің билігіндегі қазақтарды қорғауға дайын екендігін ескертуі қалмақтардың әскери қимылдарына біршама шек қойды.
1742 ж мамыр айының 20-сы күні Ресейдің сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық шығарды.1742 ж қыркүйек айында Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюев Қалдан Церенге жолдаған хатында қазақтарға қысым жасамауды талап етті, алайда жоңғар билеушілері бұл талаптарға құлақ аспады.
Әбілқайыр ханның 1731 ж қазан айының 10-ы Ресей билігін мойындауы нәтижесінде жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына біршама шек қойды. Құжатқа сай Ресей империясының құрамына Кіші жүз саяси-территориялық бірлестігі ғана енді. Патша үкіметі бұл қадамды Қазақстан мен Орта Азияны отарлаудың бастамасы ретінде қарады.
Хронологиялық кесте
- 1714-1720ж Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Кереку, Өскемен бекіністері тұрғызылды.
- 1726 ж Әбілқайырдың империя құрамына кіруге талпынған ұсынысы жауапсыз қалды.
- 1730 ж Кіші жүздің ықпалды билері Әбилқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырды.
- 1730 ж Әбілқайыр Ресейге әскери одақ құруды емес, Ресейдің қол астына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қою үшін елшілігін аттандырды.
- 1731 ж ақпанның 19-ы күні қазақ елшілері С.Қодағұлұлы мен Қ.Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын патшайым Анна Иоановна қабыл алды.
- 1742 ж Мамыр айының 20-да Ресей сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық қабылдады.
III. Қорытынды. Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Сұрақтар:
1. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:
2. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігін басқарып келген:
Бағалау.
Үйге тапсырма.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі