Өлең, жыр, ақындар

Хром

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
№34. Ш.Уәлиханов орта мектебі
химия пәні мұғалімі: Аульбеков Бегайдар Пернебекұлы

 

Сабақтың тақырыбы: Хром.

   Мұғалімнің аты-жөні: Аульбеков Бегайдар

   Күні: 

СЫНЫП: 10

  Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):

Хромның атом құрылысын, табиғатта таралуын, қасиеттерін, қолданылуын және негізгі қосылыстары туралы ақпараттарды меңгереді.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Хромның периодтық жүйедегі орнын, қасиеттерін біледі.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Хромның атом құрылысын, қосылыстарын, химиялық қасиеттерін біледі.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Берілген тақырыпты меңгеріп, тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік мақсат:

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология: Хром (грек. хромос-бояу), Хромды теміртас. т.б

Ресурстар:

Оқулық, Слайд-"Хром", АКТ.

Пәнаралық байланыс:

Физика, Математика, География.

Алдыңғы оқу:

Мырыш.

Сабақтың жоспары

Сабақ барысы

 жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

  Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгелдеу.

- Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру.

Формативті

Үй тапсырмасын сұрау

8 мин

 

Өтілген сабақты еске түсіру мақсатында оқушыларға "Менің тұжырымым дұрыс па? "(Дұрыс-Д, Қате-Қ) сұрақ қояды:

Жеке жұмыс. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Мырыш ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан
2. Сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е бар
3. Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді
4. Мырыш қиын балқитын металл
5. Мырыш негіздік қасиет көрсетеді
6. Zn атомы ядросының құрамында 30р+,35n 30е бар
7. Мырыш сумен әрекеттескенде гидроксид түзеді
8. Мырыш қышқылдардан сутекті ығыстырады
9. Мырыш азотпен сутекпен әрекеттеспейді

Мырыш темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш, қаптамалар жасау үшін қолданылады

Әр бір дұрыс жауап 1 бал.

 

Жаңа сабақ

20 мин

 

 

Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

1 топ - Алкандар - Хромның атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы және физикалық қасиеті.

2 топ - Алкендер - Хромның химиялық қасиеттері мен қосылыстары.

3 топ - Алкиндер - Қолданылуы.

Оқушылар" Жигсо" әдісімен жұмыс істейді.Әр топ өздеріне берілген тақырыпты оқып, жұппен сосын топпен талқылап, постерге түсіріп, қорғайды.

Оқушылар өз пікірін айтады, өзін-өзі бағалайды.

1) Топтағы белсенд.

2) Тақырыпты түсінуі.

3) Тақыр. талдауы.

1-3 бал

Сабақты бекіту

10 мин

Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға тест тапсырмасы беріледі.
1. Ең қатты металл
А) темір              Б) хром         В)  мырыш
2. Хромның никельмен  құймасы
А) дихром           Б) нихром      В) метахромиттер
3. Жер қыртысындағы хромның  мөлшері
А) 0.03%               Б) 0.006%            В)0.003%
4. Хромның бай кен орны
А) Жезқазған       Б) Ақтөбе            В) Қарағанды
5. Екідайлы оксидті көрсет.
А) Cr2O3    Б)CrО   В) CrO3
6.Қиын  балқитын жасыл хром оксиді
А) Cr2O3      Б)CrО       В) CrO3
7.  Хромды ашқан химик
А) Д.Менделеев          Б) Л.Воклен     В) Ф.Гарбер
8. Хром қышқылының тұздары қалай аталады?
А) Хром қышқылдары    Б) Дихром      В) Хроматтар
9. Дихроматтың  түсі
А) Қызыл, сары           Б) Көгілдір, сары       В) Ақшыл көк
10. Хром қай топта орналасқан элемент?
А) VIII     Б) VII    В)VI

Әр бір дұрыс жауап 1 бал.

Үйге тапсырма

(Білу, түсіну)

1-деңгей:  Тақырыпты қайталайды.

2-деңгей: Хромның атом құрылысын, табиғатта таралуын, қасиеттерін, қолданылуын және негізгі қосылыстары туралы ақпараттарды меңгереді.

 

Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар

3-деңгей: Тақырыпты меңгеріп, берілген тапсырмаларды орындай алады. №7 есепті шығарады.

 

Бағалау 2 мин

Жиынтық, критерийлер арқылы.

25 – 32 – “5”

16 – 24 – “4”

08 – 15 – “3”

0 – 7 – “2”

Жиынтық

Кері байланыс

2 мин

ББҮ әдісі.

Формативті

 

                                                   Мағлұматтар жинақтау сәті.

                                             Талқылап, постер жасау сәті.

                                                           Қорғау сәті

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер