Алматы облысы, Алакөл ауданы
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
тарих пәнінің мұғалімі: Жаксыбаева Батима Сейтжанқызы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
1. Білімділігі: Біртұтас қазақ мемлекетінің тарих сахнасынан нық орын алып, дәуірлеуі, саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандығын біріктіріп, жерін кеңейтудегі, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтудағы Хақназар ханның орасан зор еңбегі туралы
2. Дамытушылық: Хақназар ханның ішкі-сыртқы саясатын тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси өмірімен ұштастыру
3. Тәрбиелік: атасы Жәнібек пен әкесі Қасым ханның қасиетті ісін жалғастырып, азаттық жолында қаза болған Хақназар ханды –ұлттық қаһармандық тәрбиенің жарқын бейнесі ретінде оқушыларды Отанын сүюге ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қазақстанның Республикасының, Қазақ хандығының карталары, қазақ хандарының портреттері, хронологиялық кестелер, карточкалар.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ–жауап, пікірсайыс
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мұғалім шаттық шеңберіне шақырады
Мейірімді жүрекпен
(жүректерін ұстайды)
Айпейілді тілекпен
(қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық
(бір –бірінің қолынан ұстайды)
Біржадырап қалайық
(бір-біріне қарап күлімсірейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық!
(бас бармақтарын көрсетеді)
жұпқа бөлу
2. Үйге берілген тапсырма: Жаңа тақырып өткен сабақтармен тығыз байланысты болғандықтан, оқушылардың үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын қадағалап, көрнекі құралдарды пайдалана отырып мазмұнды түрде пысықтап шығу керек. Үй тапсырмасының сұрақтары (сұрақ –жауап)
А) Ғасырлар бойы қазақ хандары қандай саясат жүргізді?
Ә) Қазақтың ұлы хандарын ата.
Б) Қасым хан тұсында Қазақ хандығы қандай ірі табыстарға қол жеткізді?
В) Қасым хан ішкі жағдайды реттеу үшін қандай заң шығарды?
Г) Қасым хан тұсында қазақ жерлерін толық біріктіру аяқталды ма?
Д) Қасым хан неліктен ұзақ жылдар бойы Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жүргізді?
4. Жаңа білімді меңгертуге дайындық
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады
5. Жаңа білімді меңгерту
Бірінші кезекте Қасым хан қайтыс болғаннан кейінгі Қазақ хандығындағы саяси дағдарыстарға, оның себептеріне тоқтала отырып, Хақназар ханның билікке келуіне байланысты өзгерістермен таныстыру
Сабақ барысында
- Ресей және Қазақ хандығы шекараларының жақындасу себептері
- Ноғай Ордасындағы дағдарыс себептері
- Ноғай Ордасының Қазақ хандығының құрамына кіруі
- Жетісу жеріндегі саяси жағдайдың шиеленісуі
- Қазақ–өзбек қатынастары
- Хақназар ханның қаза болуы
6. Жаңа білімді меңгеруін тексеру (үлестірме карточкаларға жазылған жұптарға тапсырма)
1) тапсырма:
1 жұп: Қазақ хандары бір ғасыр бойы жүргізген қазақ жерлерін біріктіру процесін Хақназар хандық құрамына қосып алды және оның маңызы қандай еді?
2 жұп: Хақназар хан тұсында қазақ халқының этникалық құрамында қандай өзгерістер болды?
3 жұп: Жәнібек пен Қасым жете алмаған Қазақстанның қай бөлігін Хақназар хандық құрамына қосып алды және оның маңызы қандай еді?
2) тапсырма:
- Хақназар ханды неліктен «қазақ-қырғыз ханы» деп атайды?
- Жоңғарлар деп кімдерді атады?
- «Ант беріскен шарттың» мазмұны қалай аталды?
- Хақназар хан орыс патшасымен қандай қатынаста болды?
7. Сабақты қорыту: критерий бойынша бағалау
Өздерін бағалау
Рефлексия
«Бес саусақ» тәсілі
Бас бармақ –басты мәселе.
1. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды ?
Балан үйрек - бірлесу. Мен жұпта қалай жұмыс жасадым? Жолдасыма қандай көмек көрсеттім.
Ортан терек – ойлану .Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым ?
Шылдыр шүмек - шынайылық.
Сабақ маған ұнады ма?
Кішкентай бөбек - көңіл күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? Ақ параққа салынған саусақтарға сұрақ бойынша жауап береді?
Бағалау парағындағы балдарын есептеп баға қою
8. Үйге тапсырма 39 осы сұрақтар бойынша жауап дайындап келу
1. Қазақ хандары алдында қандай тарихи міндеттер тұрды? Хақназар хан осы міндетті толық орындай алды ма?
2. Неліктен қазақ хандарының басты назары оңтүстікте болды ? Хақназар ханның басты қызметі неден көрінді?
3. Хақназар тұсында Жетісудағы саяси Хақназар хан тұсында мемлекет қандай саясат ұстанды,оның себебі? Хақназар хан өз саясатында қандай ірі табысқа қол жеткізді? Хақназар тұсында Жетісудағы саяси жағдай неліктен шиеленісіп кетті? Хақназар ханның тұсында хандықтың жаңдайы қандай болды?
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі