Өлең, жыр, ақындар

Түбір және туынды сөз

ОҚО, Ордабасы ауданы
«Ынтымақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Керимова Акшолпан

Тақырыбы: Түбір және туынды сөз

Мақсаты:

Білімділік: қазақ тіліндегі  қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту,  жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту.

Дамытушылық: ана тілін қадірлеуге білімділікке, салауаттылыққа, ұжымдық жұмыс жасау барысында адалдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: фонетика тарауы бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: Дамыту сабақ

Сабақтың әдіс–тәсілі: сұрақ–жауап, мәнерлеп оқу, талдау, кеспе қағаз.

Көрнекілігі: Слайд, оқулық, суреттер, кеспе қағаздар.

Пән аралық байланысы: дүниетану, әдебиет.

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгелдеу,

зейінін сабаққа аудару.

ә) Оқу құралдарын дайындау.

б) Психологиялық  дайындық.

Кеудемізді тік ұстап,
Шеңбер болып тұрайық.
Ұстайықшы қолымызды,
Достықтың бұл белгісі.
Отанымыз – Қазақстан
Қазақтың біз баласы.

Ойқозғау

Ертегі жұмбақ

Бір әкенің екі баласы болыпты. Бірінші баласы оны толықтырып тұрады екен. Ал екінші баласы болса. Оны өзгертіп басқаша түрлерге ендіріпті. Әкесіне екі  баласының да еңбектері ұнайды екен. Сондықтан да үнемі қайда болса да өзі болса өзі барады, өзі болмаса, екі ұлын алма кезек жіберіп отырады екен.

Жұрнақ, жалғау

Үй тапсырмасын сұрау

5 – жаттығу

Мәтінді оқып, көшіріп жаз.

Әли музыкалық мектепте оқиды. Ол кішкентайынан домбыра тартады.

Әли Астана қаласында өткен өнер сайысына қатысты. Жарысқа  жан – жақтан домбырашылар келді. Әли  сайыста  жүлделі орынға ие  болды. Бұл жүлде – оның алғашқы жеңісі.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда

1. Сендер қандай сайысқа қатыстыңдар?
2. Түбір сөз дегеніміз не?
3. Туынды сөз дегеніміз не?

Жаңа сабақ

Түбір және туынды сөз

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу

"Жапырақсыз  жалаңаш
Дірдек қағып, бақ тұр-ау”,–
Деп ойласам, бар ағаш
Жамылыпты ақ қырау.
Ақ мамықтай ұлпа қар
Жамылыпты қырқалар.
Қалың-қалың тон киіп,
Маужырайды шыршалар.

Топтық жұмыс:

1. Өлеңді оқиды.
2. Қарамен жазылған сөздердің ішінен жұрнақ жалғанғанын бір, жалғау жалғанған сөзді екі сызықпен сыз. Ал жұрнақ  жалғанғанын бір сызықпен

2 - жаттығу

 

1-топ:

Мәтінді оқып, алдыңғы үш сөйлемдегі қосымшалы сөздерді тауып, сөз құрамына талдайды.

2-топ:

Мәтіннің мазмұнын баяндап, кейінгі үш сөйлемдегі қосымшалы сөздерді тауып, сөз құрамына талдайды.

Сергіту  сәті

Түбір менен туынды,
Егіз қозы секілді.
Туындының белгісі,
Жұрнағы бар деседі.
Әй-әй,  түбір сөз,
Әй-әй, туынды.

3 – жаттығу

Мақалдарды көшіріп жаз. Туынды сөздерді тауып, қосымшасын белгіле

Берекелі жерден мереке кетпес.

Татулық – табылмас бақыт.

Білім кілті – тіл.

Мақалдардың мәнін түсіндір. Жаттап ал.

4 - жаттығу

Өздік жұмыс

Берілген сөздерден жұрнақ жалғанған туынды сөздерді теріп жаз.

Ауыл, өріктер, шыдамды, көбелек, күздік, толқын, инабатты.

шыдамды, күздік, инабатты.

5 - жаттығу

Мәтінді оқы. Туынды сөздерді  теріп  жазып, сөз  құрамына  талда.

Өсімдіктердің жабай және мәдени түрлерінің арасында ерекшелік бар. Жабай бананның жемісі ұсақ, дәмсіз. Мәдени бананның жемісі хош иісті және дәмді. Картоптың үлкендігі алғашқыда жаңғақтай болған. Ал қарбыздың үлкендігі алмадай еді.

Қазіргі дәмді жемістер, көкөністер  адам еңбегінің  нәтижесінде жабайы өсімдіктерден шыққан.  

Жаңғақтай, алмадай, дәмді, дәмсіз, ерекшелік, иісті.

“Кезбе тілші”  ойыны

Үйге тапсырма

6 - жаттығу

Білімдерін бағалау.


Пікірлер (2)

Гүлдараш

Түбір сөз кандай

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз