Өлең, жыр, ақындар

Геометриялық пішіндер еліне саяхат

Қостанай облысы, Рудный қаласы әкімдігі «№19 орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі: Бугенбаева Тажида Асанбаевна

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық сыныбы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер еліне саяхат

Мақсаты: Баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың  қасиеттері туралы түсінігін дамыту; фигураларға ұқсас заттарды меңгерту; математика ұғымдарына деген қызығушылық қалыптастыру..

Қостілді құрам: шаршы- квадрат, үшбұрыш-триугольник, дөңгелек- круглый.

Негізгі іс-әрекеті

    Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық  көрнекіліктер

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

Балалар шаттық шеңберге тұрамаз да,бір-бірімізге жылы лебіз білдіреміз.

- Армысың асыл күн?

- Армысың жан досым.

- Жылуыма жылу қос,

- Міне, менің қолым.

- Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер?

 

Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталап, көңіл-күйлерін көтереді.

- Жылылық, қуаныш т.б.

 

Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Тосынсый

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс

 

 

Бейне тапсырмалар

 

 

 

 

Сергіту сәті

Тәжірибелік жұмыс

Балалар қараңдаршы біздің сандықшамызға хат келіпті, мен оқып берейін тыңдаршы

«Сәлеметсіңдерме кішкентай бүлдіршіндер? Мен матматика әлемінен хабарласып тұрмын, сендер мені көре алмайсыңдар, бірақ мен сендерді көріп тұрмын. Сендерді математика әлеміне саяхатқа шақырамын, сендерге ұшқыш кілемдіде жібердім, сендердің білімдеріңді тексеріп көргім келеді. Кілемге «Алақай, малақай, дум» деп айтыңдар. Сәлеммен математика әлемі»

Балалар бізді математика әлемі шақырып жатыр, не істейміз барамызба?

Біз қазір «Математиканың сиқырлы ғажайып әлеміне» саяхатқа барамыз. Ол үшін балалар біз ертегідегі ұшқыш кілеммен баруымыз керек сияқты, ендеше келіңдер кілемге жайғасып,барлығымыз бірге  сиқырлы сөз айтамыз, ал сендер көздеріңді жұмыңдыр. «Алақай, малақай, дум» ал, қанекей көзімізді ашамыз. Міне ғажайып елге келдік, қараңдаршы мыналар нелер? Бұл елде ағаштары осылай болады екен.Біздің ағаштардан не айырмашылығы бар екен?Дұрыс екен біздің ағаштарда жапырақтар бар, ал мыналарда пішіндер бар екен. Түсінікті бұл ғажайып бізді сынамақшы, пішіндерді білетінімізді көрсетемізбе балалар?

Мына ағаш қандай пішін?

Әр пішінге  сипаттама беру. Фигуралар атауын орысшамен байланыстыру.

Балалар қараңдаршы пішіндердің тапсырмасы бар екен, орындаймызба?

Ал, енді  топқа бөлініп алайық

енді төртбұрыштың да тапсырмасын қарап көрейік,«тез ойлан»

Слайд арқылы тапсырмалар беріледі, әр топтан бір баладан шығу керек.

Балалар маған айтыңдаршы аю қандай жануар?

Аюдың денесі қандай пішін -дерден құралған?

Дұрыс айтасыңдар.

Тамаша балалар ендеше сергіп алайық, теледидардан жаттығуды қайталаймыз.  «Аю,аю тұршы!»

Балалар мына үшбұрыш ағашының тапсырмасы бар екен, 1.«артық фигураны тап»2. «Сәйкестендіру»

Ал, балалар ақырғы пішін дөңгелек қандай тапсырма дайындады екен? Конверт аламын (балалар маған ешқандай құстар қона алмайды себебі мен дөңгелек -пін, сендерден өтініш маған үй, ағаш  құрастырып  берің- дерші)  балалар көмектесеміз- бе?

Топпен ұя құрастырып дөңгелекке іледі.

Балалар енді мен сендерге тапсырма бергім келіп отыр, орындайсыңдарма?

Ал, ендеше мына заттарға тәжірибе жасап көреміз.

Мынау не?

Қандай фигураға ұқсайды?

Ал, мынау ше?

Бұл ыдыс.

Енді осы ыдыстарға мынау тәттілерді салу керек, жай ғана салмай қай тәтті қай ыдысқа тура келеді немесе сәйкес келеді?

Балалар көрдіңдерме математикалық фигуралар мен біздің өміріміз тығыз байланысты екен.

 

Сандықша

Сиқырлы кілем

 

 

Сандар

 

 

 

Геометриялық пішіндер

(үш бұрыш, төрт бұрыш, дөңгелек,сопақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстыруға арналған тапсырмалар

Пішіндер салынған конверттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пішіндер салынған конверттер, желім, ақ қағаз

 

Таң қалады.

 

 

 

 

 

 

Ия, барамыз.

 

Сиқырлы кілемге жайғасады.

 

Көздерін жұмады

 

Көздерін ашады.

Фигуралар

Ағаштарда пішіндер бар.

Біздің ағаштарда жапырақтар бар,түсі жасыл болады

Ия, көрсетеміз.

Әр пішінге сипаттама береді.

3 топқа бөлінеді

Тапсырманы орындайды

 

Әр топтан бір баладан шығып жауап береді.

 

Аю дала және жыртқыш жануар.

Дөңгелектер

Ден және сопақшадан.

Қимыл қозғалыс жаттығуын орындайды.

 

Топпен орындайды

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

Көмектесеміз.

Топпен сурет құрастырады да дөңгелек ағашқа іледі

 

Орындаймыз

 

Қорапша

Тіктөртбұрышқа

және шаршыға ұқсайды

Дөңгелекке ұқсайды

 

 

Тапсырмаларды орындайды

Рефлексивті түзету

 

Балалар біз тапсырмаларды өте жақсы орындадық. Бұл елдегі күн шуағы сендерге ризашылығын білдіріп, ғажайып әлемінен есекерткіш ретінде мына суреттерді беріп жатыр. (суреттер таратылады)

Балалар сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнадыма?

Пішіндер  туралы жақсы түсінік қалыптасқан шығар солайма?

Ендеше сиқырлы кілемге жайғасып тобымызға ораламыз. Сендер көздеріңді жұмыңдыр. «Алақай, малақай, дум» ал, қанекей көзімізді ашамыз. Тобымызға оралдық , бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет осымен аяқталды.

 

Сыйлықтар,

Сиқырлы кілемше

 

 

Суреттерді алады

 

Сұрақтарға өз ойларын айтады.

 

 

 

 

Кілемге отырады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: пішіндер жөнінде

Игереді: пішіндерден затты құрастыруды

Меңгереді: математика ұғымдары туралы


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз