«№121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих пәнінің мұғалімі: Сандыбаева Салима
Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Монғол мемлекетінің құрылуы, Шыңғысханның өмірі мен заңдар жинағын, монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы нәтижесінде қазақ халқының дамуына кері әсерін тигізуін оқушыларға жеткізу.
Дамытушылығы: Оқушылардың тарихи танымын жетілдіру, сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке өз Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаз, өзіндік жұмыс, карта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жыр шумақтар
Үй тапсырмасын сұрау: Ғылым мен білімнің дамуы.
1. Әл-Фараби өмір сүрген жылды ата?
870-950 жылдар
2. Әбу Райхан әл-Бирунидің қанша еңбегі бар?
150-ден астам
3. Махмуд Қашғаридің үш кітаптан тұратын еңбегі?
«Түрік тілдерінің сөздігі»
4.Жүсіп Баласағұнидің еңбегін ата?
«Құт негізі-білік»
5. «Ақындардың ақыны, даналардың көшбасы» деп кімді атаған?
Ахмет Иүгнеки
6. Қожа Ахмет Йасауиден қалған мұра?
« Даналық кітабы»
7. «Жүсіп–Злиха» поэмасын жазған ақын?
Әли ақын
8. Қожа Ахмет Йасауи кімнің қолында өседі?
Әпкесі Гауһар Шаһназдың
9. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін кімге сыйға тартты?
Сүлеймен Арслан ханға
10. Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті кім?
Сүлеймен Бақырғани
Жаңа сабақ: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Қазіргі Монғолияның жерінде Керей, Найман, Жалайыр хандықтарының шекарасына іргелес жатқан монғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрді. «Монғолияның құпия шежіресінде» Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасында жақсы қатынас орнағаны айтылады. Монғол империясының шаңырағын көтерген Шыңғысхан болған. Ол империяны 95 түмен әкімшілік аймаққа бөлген. Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Мемлекеттің басты заңы жасақ болды. Ол екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері, екінші бөлім әскери азаматтық істерді орындаудағы заңдар және орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.
1. Сөзжұмбақ
1. Шыңғысханның бала кезіндегі аты
2. Әкесінің есімі
3. Әкімшілік бөлініс
4. Заңы
5. Жоғарғы органы
6. Шыңғысханды қорғайтын жасауылдың монғолша атауы
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
3.« Миналы аймақ» ойыны
1. Ұлыс дегеніміз не?
2. Аймақ, түмен, мыңдықты кімдер басқарды?
3. Үш әскери аймақтарды ата?
4. Шыңғысхан жанындағы уәзірлердің қызметі
4. Дәптермен жұмыс
Монғол мемлекетінің басты заңы
Жасақ Яса
1 бөлім 2 бөлім
5. Кестені толтыр және оқиғаларды анықта.
№ |
Жылдар |
Оқиғалар |
1 |
1155 ж |
|
2 |
1206 ж |
|
3 |
1207-1208жж |
|
4 |
1208-1209жж |
|
5 |
1211-1215ж |
|
6 |
1217ж |
|
7 |
1218ж |
|
8 |
1219ж |
|
9 |
1219-1224жж |
|
10 |
1259 ж |
|
6. Отырар опаты
1219 жылы болды.
7. Сәйкестендіру
Ашнас 3 ай
Отырар 15 күн
Сығанақ 6 ай
8. Кластерді толтыру
Бағалау
Үйге тапсырма: Ұлыстардың құрылуын кескін картаға түсіру.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі