Өлең, жыр, ақындар

Теңдеу

Математика  Сабақ: 20

Мектеп:  №51 гимназия                                                                   Бекітемін

Күні: 16.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні:  Бакиева Света Қалдыбекқызы

Класс: 1В

Қатысқандар саны:  30

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

 Теңдеу

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу

Сабақ мақсаттары

 

 

           

Барлық оқушы орындай алады:   

Теңдеудің белгілі және белгісіз бөлігін атай алады, теңдеу құрастыруда латын әріптерін қолдана алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:   

Теңдеудегі белгісіз санды таңдау әдісі арқылы анықтай алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

 

Геометриялық фигуралар арқылы берілген иллюстрациялық теңдеуді шеше алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:  

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

теңдеу

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

— Белгісіз бөлігі бар теңдікті қалай атайды?

Не себепті ….деп  ойлайсыз?

Сен қалай ойлайсың, таразының оң жақ табақшасындағы заттың массасы қандай болуы мүмкін? Оны қалай білдің?

Ишара:

Алдыңғы оқу:

Әріпті өрнектерді салыстыру

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы

 

 

Тренинг «Бірге жасаймыз» (мидың жарты шарын іске қосу үшін)

Команда беріледі: «Үш, төрт! Қолдарыңды ауыстырыңдар!»

Топқа бөлу.

- Өз атауларымыз туралы не білеміз?

- Дүкенге барғанды ұнатамыз ба?

Кіріспе тапсырма. Демонстрациялау. Табақты таразының бір жағына 100 г-дық кіртас пен массасы 100 г-дық зат қою. Екінші жағына 200 г-дық кіртасын қою.

- Нені құра аламыз: теңдікті ме, әлде теңсіздікті ме?

- Заттың массасы нешеге тең болады?

Оқушылар сол қолымен іштерін сипалайды, ал оң қолдарымен төбелерін ақырын шапалақтайды.

Қолдарын алмастырады.

 

Теңсіздік, теңдік, латын әріптері, санды өрнек, әріпті өрнек (бұрынғы білімдері еске түсіріледі)

 

Таразының екі басының теңескеніне назар аударады.

Теңдік.

Заттың массасы - 100 г

Теңсіздік, теңдік, латын әріптері, санды және әріпті өрнектер жазылған парақшалар

 

 

 

Таразы мен кіртастары

Ортасы

 

 

Белгісіз компоненті бар теңдікті теңдеу деп атаймыз. Белгісіз компоненттің мәнін табу — теңдеуді шешу.

 

Жаңа сабақты хабарлау.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Теңдеу»

деп аталады.

Оқулықпен жұмыс. Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін тап.

3 + х = 9 түріндегі теңдеу жазбасына көңіл бөлуді ескерту.  Теңдеуді оқыту. Оның белгілі және белгісіз компонентін айтқызу. Белгісіз шама теңдеудің бүтіні ме, әлде бөлігі ме? Дұрыс теңдік алу үшін теңдеудегі х-тің орнына мүмкін болатын санды таңдау керектігін тапқызу.

-Дүкенге барғанда қандай жеміс-жидек аласыңдар?

Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш.

-Сен қалай ойлайсың, ананастың массасы қандай? Теңдіктің белгісіз бөлігі неге тең?

Ойын «Текше лақтыру».      + х = 10 түріндегі теңдеу құрастыру үшін әр топтан бір-бір оқушы тақта алдына шығады. Алғашқы теңдеуді текше лақтыру арқылы мұғалім жазып көрсетеді.

2 + Х = 10                       3 + Х = 10

6 + Х = 10                       1 + Х = 10

4 + Х = 10                       5 + Х = 10

-Сөмкелерімізді жеміс-жидектерге толтырып алсақ, аздап тынығып алайық.

                      Сергіту сәті

Оң қолымда бір сөмке,

Сол қолымда бір сөмке.

Екеуін бірге көтерсем,

Теңеседі қос сөмке.

 

Дәптермен жұмыс. х неге тең? Тапсырмада суреттер мен оның санын сәйкестендіру керек болатын теңдеудің графикалық моделі ұсынылады.

 

«Қажетті фигураны тап».

 — Мұндай теңдік қалай аталады?

— Не белгілі? Ол бөлік пе, бүтін бе?

— Бүтін неге тең?

— Белгісіз неге тең?

— Неге?

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. Қалай орындау керектігі жөнінде нұсқау.

Дұрыс жауабының эталоны көрсетіледі.

Сабақтың мақсатын қояды.

-Бүгін теңдеу туралы үйренеміз.

 

Ұжымдық жұмыс.. Теңдіктің белгілі, белгісіз бөліктерін айтады. Түсініктеме береді. Мысалы, екінші бөлігі — белгісіз. Бірінші бөлігі — 3, бүтіні — 9. Қоршаудағы тақтайлар саны 9 болатындай тақтайдың суретін салу керек. Барлығы 6 тақтайдың суретін салады. Ендеше х = 6.

Жауабы:    а) х = 6;   ә) у = 40.

Қорытынды: Теңдеу шешу - осы теңдіктегі белгісіздің мәнін табу.

Топтық жұмыс.

Жауабы: х = 1 кг.

Топтық жұмыс. Әр топтағы оқушылар кезекпен текшені лақтырады, ал түскен санды тақта алдында тұрған оқушы берілген теңдіктегі бос орынның ішіне жазады.

Жауабы:  9, 8, 7, 6, 5, 4.

 

 

 

 

Қимылдармен көрсетеді.

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс. Оқушылар белгісіз х-тің мәнін таңдау жолымен табады. Бүтін мен бөліктің арасындағы өзара байланысты негізге алып, белгісіздің мәнін анықтап, суретін салады.

Ұжымдық жұмыс.

— Теңдеу.

Геометриялық фигуралардың ішінен тиістісін қойып, теңдеуді шешеді. Дәлелдейді, түсіндіреді.

Жауабы:  х = екі қызыл шаршы.

Жеке жұмыс. Суреттер бойынша белгісіздің мәнін табады.

Жұптық жұмыс. Өзара бір-бірін тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ламинатталған қағаз маркер

 

Текше

Теңдеулер жазылған флипчарттар,  маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық фигуралармен берілген теңдеудің иллюстрациясы

 

 

 

Соңы

 Рефлексия. Тірек сөздер беріледі: ұнады,білдім, қызықты, пайдалы, қиналдым, үйрендім, қажет,

түсіндім, есте қалады, шығарамын

Кері байланыс «Менің көңіл-күйім»

Тірек сөздердің ішінен біреуін таңдап, бүгінгі сабақ жайындағы пікірлерін білдіреді.

 

Стикерлерді көңілді немесе көңілсіз Күн бейнесіне жапсырады.

Тірек сөздер жазылған флипчарт

 

Күн бейнелері, оның нұры тәрізді стикерлер

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға  тапсырманы қалай  түрлендіресіз? Топ ішінде тапсырмалардың орындалуын қадағалауды міндеттеймін.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай

жоспарлайсыз? Тапсырманың дұрыс жауабын ұсыну арқылы бір-бірін бағалау.

Пəнаралық байланыс – жаратылыстану

Денсаулық жəне қауіпсіздік - дұрыс тамақтану

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі)- Ынтымақтастық

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері

орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде

өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіземін?

  Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз