Өлең, жыр, ақындар

Өміріңді уландырма, жас өскін!

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Тарих пәні мұғалімі
Таймасова Лаззат Едилхановна

Мақсаты:

- Оқушылар мен жастардың гуманизмге қазақхалқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтап, дамытуға Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымы және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарымқатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру.

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бөлімімен оқушыларды таныстырып, спирттік ішімдіктен, темекінің, есірткінің зиянды зардаптары жөнінде түсінік қалыптастыру.

- Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығы екенін, өздерін денсаулыққа зиянды жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты.

Әдісі: іздену, проблемалық баяндау, пікір алмасу, ой қозғау.

Көрнекілігі: Рефераттар, суреттер

Қанатты сөздер: «Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды».

«Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар, наша тартқан өз көрін өзі қазар».

«Шылым шегіп әдемі болғанша, қылығың асай кәделі бол».

«Ішпеген, шылым шекпеген, жасайды жылдар көптеген».

«Шылымды әртартқаның, табытыңа темір шеге қаққаның».

Пәнаралық байланыс: биология, тарих, химия, әдебиет, құқық негіздері, экология.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Кіріспесөз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Өміріңді уландырма, жас өскін!» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Тәрбие сағатының мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықтың үлесімді дамуын қамтамасыз ететін, оны сақтайтын және нығайтатын профилактикалық шаралар жиынтығы.

«Дені сау баласыз, елдің келешегі жоқ»,-деп ел басымыз Н.Назарбаев айтқандай жасөспірімдерді жат қылықтардан аулақ қылып, еліміздің болашақ азаматы етіп, тәрбиелеу басты міндетіміз.

I жүргізуші: Салауатты мақсатың өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдалы сол-жолдан аулақ жүру.

II жүргізуші: Халқымыз қашаннан – ақ денсаулықты алдыңғы орынға қойып, бірінші байлық деп есептеген. Орыс ғалымы И.П.Павлов «Адам - аса күрделі және өте нәзік жүйе. Табиғат қазынасын пайдалану және осы қазыналардың зейнетін көру үшін адамның дені сау, рухы мықты және саналы болу керек» деген.

«Ессіз білмес естінің қасиетін, Сау сезбес аурудың қасіретін»-деп халық айтқандай, кімболса да аурудың қасіретіне жалықпай, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген ұғымды әр адам санасына сіңіріп, өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезінгені жөн.

I жүргізуші:

Жазғанымды дәрменсіз боп, бас жағыма жастаймын
Кезі келген сөзімді енді неден бастаймын,
Жан ұшырған үнін естіп тірінің,
Көпшілікке ортақ бол деп ойымды мен тастаймын.

Сахналық көрініс: «Дене мүшелері кем бала.»
Ақыл менен сезім қайда білмедім,
Таза тәннің қызыметін көрмедім .
Бекер екен сұм жалғанда мынау бір,
Өмір сүріп, адам болыпжүргенім.
Қырдың қызыл гүлін тегі термедім,
Бұл өмірге пенде болып келген соң
Қызығыңды ажыратып көрмедім.
О құдайым! Кінәсі не мына отырған баланың
Кім кетірд іберекесін адамның
Қайдан іздеп кем кетігін табамын.
Мына отырған, мына отырған баланың.
Жас нәресте не берсе де алады,
Қолыменен құлақ қайда, кімдер оны табады?
Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырған
О дүниеге не көрдім деп, не сездім деп барады.

(сахнаға анасы шығып баласының басынан сипайды. Көзіне жас алып, баласын сахнадан алып кетуге әрекет жасайды.)

II жүргізуші:

Тұншығып ана, тұншығып ана жылайды,
Көзінің жасын неге сонша бұлайды.
Нәлет атқан арақ пен наша зардабы
Екенін біліп, екенін біліп жылайды.

I жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатына ұстаздар мен қоса тәртіп қызыметкерлері, дәрігерлер, нарголог, тарихшы, химик, биолог мамандар қатысып отыр.

Ендігі кезекті осы аталған мамандық иелеріне берейік.

II жүргізуші: Спирттік ішімдік адамзаттың жауы. Оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Бұл жау қалай пайдаболды? Адамның ішімдікке қызығуы қай кезден басталды? Бұлсұраққа тарихшы маманымыз жауапбереді.

I жүргізуші: «Көрсем» дейді су қараңғы бір ғаріп
Енді біреу сырқат жанын жүр бағып.
О бастағы денсаулықты құртамыз
Арақ ішіп, шылым шегіп уланып! – дегендей өзімізге-өзіміз жасап жүрген қасіреттің адам денсаулығына келтірер зияны өз алдына.

«Спиртті ішімдік адамағзасына қалай әсер етеді?» бұл сұраққа жауап табу үшін сөз кезегін биолог маманға берейік.

II жүргізуші: Жер бетінде адамнан күшті тірі ағза жоқ дейміз. Солай бола тұра адам неліктен әлсіз? Бұл сұрақтың жауабын химик маманымыздан сұрап көрелік.

I жүргізуші:
Бақыттысың шара түспей көңілге,
Шылым шекпе, арақ ішпе өмірде
Арақ деген апарады өлімге.
Шылым да дерт секілді, іліп алған ерінге
Шылым шегіп, арақ ішсең егерде
Өмірің сенің көза лдыңда сөнуде.
-дей келе енді темекінің зиянды әрекетіне тоқталайық.

II жүргізуші: Күрк-күрк көк жөтел
Күркілдеген не жөтел
Жасыңнан шексең темекі
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтіні мен ыстап өкпені
Никотин уын төккені
Жүректің ұстап талмасын,
Мишықтың құрғап кеткені.

I жүргізуші: Темекінің зиянын практика жүзінде көрсету.

1.  Тартылған темекі мен тартылмаған темекінің фильтрін ашып көрсету.

2.  Бөтелкеге шегілген темекінің тұқылын салу.

II жүргізуші: Көрініс: «Бұл кім?»

1-оқушы,  2-оқушы,  3-оқушы.

Үшеуі қосылып;
-Кім екенін білдік,
Қарағаннан сиқына.
Шылымшы ғой сұмдық,
Шылымы сонда да езуінде
Обалы жоқ екенін өзінің де,-деп шылымшыны итеріп жібереді.

I жүргізуші: Халқымыз арақ пен темекінің қасіретінен құтыла алмай жүрген шақта «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей жастарымыз енді есірткіге бой алдыра бастады.

Ендігі сөз кезегін нарколог маманға береміз.

II жүргізуші:

Адал болу оңай емес бұл күнде,
Адам болу одан қиын бұл күнде.
Айтыңдаршы жолы бар машығатын,
Қашан және қалай жетік бұл күйге?!
«Күн сайын жасалып жатқан қылмыстық істерге спирттік ішімдіктің, нашақорлықтың қатысы бар ма?» деген көкейтесті сұраққа тәртіп қызыметкерінің жауабын тыңдайық.

I жүргізуші: Қазіргі таңда қара бұлты бүкіл жер шарын басып келе жатқан XXI-ғасыр обасы - СПИД ұрпақтың өрескел жат қылықтарының көрінісі.

Ендігі кезекті мектеп дәрігеріне береміз.

II жүргізуші:

Өмірің болсынд есең сенің сәнді
Ойланып айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан,өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер барлық жанды.

I жүргізуші:  Болыңдар білімді әрі парасатты
Ішімдік, нашақорлық болсын жауың,
Сақтай біл, өз ұлтыңның дәстүр салтын!

II жүргізуші: Ендігі кезекті ситуациялық сұрақтарға кезек береміз.

1. Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Бірақ сенің темек ішеккің келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді. Достарының көңілін де қимайсың. Не істер едің?

2. Әкең темекі шегеді. Сен оның темекі шеккенін жақтырмайсың. Әкеңнің темекіні тастауына қалай ықпал етер едің?

3. Темекі шегіп отырған қыздарды көрдің. Не істер едің?

I жүргізуші:  Біздер тәрбие сағатымыздың соңына таяп қалдық. Енді оқушыларымызға дайындаған қорытынды сұрақтарымыздыұсынамыз.

1. Темекіні кім, қашан әкелді? (1496 ж, Х.Колумб)
2. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе, жүрек, бауыр,т.б)
3. Темекінің түйірінде қанша никотин бар? (0,8-4%)
4. Күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда өкпесіне қанша смола жиналады? (1 мм)
5. Өкпедегі қан айналымның жұмысы қанша дана темекі шеккенде бұзылады?(1дана)
6. Үнемі шылым шеккенде қандай белгілер пайда болады? (құрғақ жөтел, еріннің сілекей қабықшасы, тіл, көмей, таңдай зақымдануы, жағымсыз иіс, бетке ерте әжім түсу, тістің сарғаюы, тыныс алу жиілейді, әр түрлі ішкі ағзалардың ауруға шалдығуы.)

II жүргізуші: - Балалар, жоғарыда келтірілген мәліметтерден кейін ойланып, қорытынды жасаңдар.

Бүгіннен бастап жаман әдеттен аулақ болып, жақсылыққа жаны құмар ұрпақ болуымыз керек. Бүгінгі таңның жаман әдетінен бойымызды аулақ салып, жақсы әдетіміз білімге құштарлық, тәніміз бен жанымыздың тазалығын сақтап, өмірден өз орнымызды тауып, еліміздің ардақты азаматы болу біздің өз қолымызда.

Дендерің сауболып, ұзақ та, бақытты өмір сүріңдер.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз