Өлең, жыр, ақындар

«Тілдер мерекесіне» арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім » атты апталықтың өтілу барысы жайында мәлімет

№ 75 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы
«Тілдер мерекесіне» арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім »
атты апталықтың өтілу барысы жайында
МӘЛІМЕТ

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
№75 мектеп-гимназиясында 15-25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған директордың ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Бөгенбаева Н.Р. тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екндігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Шараны пән мұғалімдері Р.Насырова , Г.Төлегеновалар дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Л. Асылбекова «Ананың тілі-жүректің үні» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, Г. Кадирбаева , А.Садыкова «Мен көп тілді білемін» атты интеллектуалды марафон өткізді. Сайыстың жеңімпаздары қалалық байқауға жолдама алды. Олар : Қараева Балнұр 10 а сынып оқушысы , ІІ орын Лесбекова Аружан, ІІІ орын Мылтықбай Әсем. Тіл мерекесінің жоғары деңгейде өтілуіне бастауыш сынып оқушылары да атсалысты. «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты іс-шараға 3б сынып оқушылары арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды. Орыс тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен « Если дружат люди- дружат языки» атты мерекелік іс-шара 4,8,9 сынып оқушыларының қатысуымен ( Ұйымдастырушылар: Мамырбаева Д, Қапабаева А ) Акт залында атап өтілді. Ал, ағылшын мұғалімдерінің «English is a global language» атты 5-7 сыныптармен пән мұғалімдері А.Ақбергенова , А.Омарова сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сабақ қызықты өткізілді.
«Тапқыр болсаң тауып көр» атты 5-6 сыныптар арасында тіл жанашырларына дебат ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. ( Пирманова З, Қиясова Ж )
Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл - татулық тірегі» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі С.Амангелдиева құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.
Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, оқушылар қазақтың ұлттық биін шабыттана орындады. 5б сынып оқушыларынан құралған «Дарын» тобы өзінің қоңыр дауысымен көрермен қауымын таңқалдырды. 9-сынып оқушысы Махамбет Ұлжанның орыс тілінде жаңылмай жаңылтпашты айтып шыққандығы дүйім жұртты таңғалдырды. Концерттік бағдарламаны Шапағат Ақылбекова, Бағдаулет Ибрагимов жүргізді.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі:
Жабагиева Еркежан Асилмаметовна


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз