Сабақ |
Сергеевка орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||
Күні: 10.02.2016 ж |
Мұғалім есімі: Бохан Силау |
|||||||||||||||||||||||
Сынып 8 «ә» |
Қатысқандар саны |
қатыспағандар саны |
||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
• Токтың жылулық қасиеті және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат беру. • Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету. |
|||||||||||||||||||||||
Оқу нәтижелері
|
Токтың жылулық қасиеті және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат алады. Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын қолданып есептер шығара алады. |
||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар озық тапсырмаларды шешудің әр түрлі жолдарын өздері меңгереді. |
||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: - Формулаларды қолданып есеп шығара алады. |
|||||||||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Тоқтың жұмысы, қуаты. |
||||||||||||||||||||||||
Джоуль-Ленц заңы, токтың жылулык әсері |
||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: |
||||||||||||||||||||||||
Электр тогы |
||||||||||||||||||||||||
Сіз неліктен...... екенін айта аласыз ба? |
||||||||||||||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
||||||||||||||||||||||||
Тоқтың жұмысының формуласы, өлшем бірлігі. Токтың қуатының формуласы, өлшем бірлігі Джоуль-Ленц заңы формуласы, өлшем бірлігі |
||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Тоқтың жұмысы мен қуаты |
|||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Басталуы І. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
Миға шабуыл (5 минут) Ыстық орындық стратегиясы. Жылдам сұрақтар. (5 минут) |
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу Топқа бөлу. Өлшеуіш құралдарының (электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат) суреттерін әр түрлі фигураларға (мысалы электроскопты үшбұрыш қып алтыға бөлеміз) қию арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз. (ұшбұрыштар бір топ, квадраттар екінші топ, тіктөртбұрыштар үшінші топ, қисық көп бұрыштар төртінші топ) Оқушылар сурет қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді. 1. Электр тогы деген не? |
Интерактивті тақта, электронды оқулық, Оқулық Физика 8-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева |
||||||||||||||||||||||
Ортасы Ой қозғау (2 минут)
Жаңа сабаққа мақсат қою.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі Теориялық бөлім: (10 минут)
Топтық жұмыс (5 минут) |
Суреттерге арқылы отырып жаңа тақырыпқа шығу. Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің бар екендігімен ерекшеленеді. Яғни бүгін токтың жылулық әсері Джоуль-Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз. Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды. Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал. Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды. Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады. І топ. Электр тогының жұмысы ІІ топ. Электр тогының қуаты ІІІ топ. Джоуль-Ленц заңы ІV топ. Тізбек бөліге арналған Ом заңы. Жеке жұмыс. |
Интерактивті тақта, электронды оқулық, Оқулық Физика 8-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева |
||||||||||||||||||||||
Аяқталуы Деңгейлік есептер шығару (10 минут)
Кеңейтілген тапсырмалар: (5 минут)
Үйге тапсырма Кері байланыс (3 минут)
|
Теориялық есептер мен топтамаға байланысты есептер шығару А деңгейінің есептер 1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді. 2. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар. В деңгейінің есептері 1. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. 2. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. С деңгейінің есептері 1. Тізбектегі деректерді пайдаланып, токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2 А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут. 2. Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр -120В. 1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
Электр тогының әсерлері сәйкес дұрыс жауабын көрсету керек. Қаламмен сызу арқылы.
Физикалық диктант дәптермен жұмыс. 1. Зарядталған бөлшектің реттелген бағытталған қозғалысы ..... деп аталады. §43 оқу |
|
||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТқұзыреттілігі |
||||||||||||||||||||||
|
• Смайликтер арқылы бағалау. |
|
||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау |
||||||||||||||||||||||||
Қандай екі нәрседе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1. 2. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі