Өлең, жыр, ақындар

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

 

 

Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңыздылығын,   қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын, қозғалыстың себептері және басталуын, қазақ демократтарының саяси көзқарастарын көрсету, ірі орталықтары, қозғалыстың жеңілу себептері және тарихи маңызын, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету, түсіндіру.

Дамытушылық: Ұлт-азаттық көтеріліске талдау жасап,  оқушылардың   ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжанды, отаншыл және  өз елінің патриоты болуға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап әдісі, топтастыру әдісі,  вен диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактиві тақта, фотосуреттер, карта, схема, і, тарихи деректер, үлестірме тапсырмалар.

 

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.

     

                                    Сабақтың  барысы

 

І.Ұйымдастыру бөлімі.  Оқушылармен амандасу,  түгелдеу, оқу құралдарын және

оқу бөлмесінің тазалығын тексеру(2-3 мин).

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. ХІХ ғасырдың 30-50жылдары  ұлт-азаттық қозғалыстар.

  1. ХІХ ғасырдың 30-50жылдарындағы   ұлт-азаттық қозғалыстардың жалпы сипаты.
  2. Осы кезеңдегі   ұлт-азаттық қозғалыстардың себептері.
  3. Ұлт-азаттық қозғалыстың  қолбасшылары.

 

 
   

 III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс».
1. Қозғалыстың  сипаты, себептері және басталуы.
2. Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.

3. Қозғалыстың негізгі  орталықтары.

4. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы.


          1. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

 

Көтерілістің негізгі себептері

Көтерілістің қозғаушы күші 

Көтерілістің барысы

1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын


 

Өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды

1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды
 

 

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды(Режиссер Моисей Левиннің  Ленфильм киностудиясында түсірілген «Амангелді Иманов» кинофильмінен үзінді көрсету).

2.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды

 

Патша  жарлығын қолдады

 

Қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды

Халықты сабырлыққа шақырды

 

Феодалдық басшы топтар, жергілікті әкімшілік                        

 

Революцияшыл топ өкілдері 

Либералдық-демократиялық зиялылар 

Феодолистер, болыстық басқармалар, патшаның қолшоқпарлары

Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, Ә. Майкотов, С. Сейфуллин, Т.Бокин, С. Меңдешов, Б. Алманов

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов

 

3. Қозғалыстың негізгі  орталықтарына  Жетісу,  Торғай,  Орал облысы мен Бөкей Ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары болды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей түсті. 

1Қозғалыстың Жетісудағы көрінісі. 1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. 
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: 
1. Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 
2. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 
3. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. 
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новокиев көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау отрядының арасында күші тең емес шайқастар болды.
Революцияның ірі ошағы-Қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. 
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. 
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. 

Қозғалыстың Торғайдағы көрінісі. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. 
Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті.
Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты.

1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Торғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды. 
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Амангелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды.

Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейін де біраз уақытқа жалғасты.


         Көтерілістің салдарынан  3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді,161-і каторгаға айналды, жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 
 

4. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 

1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы. 
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 
5. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады. 
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды. 

Көтерілістің тарихи маңызы 
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды. 

Әлихан Бөкейханов: «Қазақ қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді...Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына, басына да ие болмайды»

Шын мәнінде, 1916 жыл XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып тарихта өз орнын алды.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Тірек сызба арқылы жаңа сабақты бекіту.

 

Көтерілістің негізгі себептері
 

1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 

2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 
6. Орыстандыру саясаты. 

 

2.Топпен  жұмыс. 1-ші топ революцияшыл топ өкілдері  мен либералдық-демократиялық зиялылардың “Қазақ зиялыларының көзқарастары” атты «Венн  диаграммасы»  арқылы ерекшелігі мен ортақ белгілерін анықтайды.

2-ші топ Торғайдағы және Жетісудағы  көтерілістердің  ерекшелігі мен ортақ белгілерін  «Венн  диаграммасы»  арқылы  анықтайды.

3.  «Ел таныған тұлғалар» атты тапсырма. А. Иманов, Ж. Мәмбетов, Ә. Жангелдин, Т.Бокин, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сурет арқылы әңгімелеу.

Ү. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.  «Қазақ  жазушыларының туындыларындағы 1916  ұлт-азаттық көтерілісінің көрінісі»  туралы ізденіп келу. Тақырыпты оқу.

                        Қызылордаоблысы, Арал ауданы, Арал көпсалалы колледжі

Тарих және қоғамтану пәнінің  оқытушысы

                                 Ерғали   Сейтбаев   Сағынғалиұлы


Пікірлер (7)

Гулмаржан

Өтінем көтерілістің негізгі орталықтары мен сипаты деп кесте кұрып бересізбе? ✍

гүлшынар

өте жақсы

Талшын

Мен бул жерден өзіме керектіні таптым. Көп рахмет

Мадина

Мен өзіме керекті мәліметті алдым.үлкен рахмет

Изизова Дильнура

Өте керек мәлімет. Өзіме керектілерін таптым. Көп рахмет

незнакомка

Өте жаксы малимет.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз