Мақтаарал мектеп-гимназиясының
технология пәні мұғалімі:
Бекмурзаева Рыскуль Орынбасаровна
Сабақтың тақырыбы: «Шебердің қолы ортақ»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын байыту.
2. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, көмек бері және қарым-қатынастыққа үйрету.
3. Танымдық белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, ой қорытуға дағдылау. Іздемпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: Қоғамдық білім байқауы, өткен материалдарды жалпылау.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, қазақ тілі, валеология, т. б.
Сабақ әдісі: Сайыс сабақ.
Құрал-жабдықтар: Жіп, ине, қайшы, түрлі-түсті қағаз, пышақ, тақта, т. б.
Кіріспе әңгіме
Еңбек адам баласының өмірдегі ең негізгі іс әрекеті екенін сендер мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, біліп, онсыз тіршілік жоқ екенін жақсы түсіндіріңдер.
Бал арасы жаз бойы таң атқаннан кеш батқанша бір тыным таппай, мың сан гүлдерге қонып, шырын жинаса, ал тиіндер ше? Олар да балқарағайдың ұшар басынан жаңғақ жинап, ұяларына тасиды.
Ал құмырсқалар ше?
Олардың бірі үйлерін жөндеп, біреулері өзін үлкен жемді сүйреп бара жатады.
Құстар ше? Олар да көктемде шөп-шалам жинап ұяларын әзірлесе, бірер айдан кейін балапандарына жем тасып қарбаласады. Олар өздерінің балапандарының өміріне күресумен болады. Өмір сүру үшін күресумен болады. Күрес дегеніміз-еңбек. Ал еңбексіз өмір жоқ. Оның бәрін күндегі көріп жүрген әке-шешеміздің тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.
Халқымыз «Баланы-жастан» дейді. Тәлім тәрбие алуың да теңіздей терең білім игерудің бастауың да қабілет, икемділікте бойыңа сіңіруің де бәрі-бәрі еңбекпен байланысты. Осы қолымыздағы оқулықтың мақсаты да өздеріңде (еңбекке) үлкен еңбек жолына апарар икемділікке, шеберлікке баулиды.
Осы оқулықтан түрлі еңбек құралдармен, олармен қалай жұмыс істеу керектігін, жұмыс орындарын дұрыс пайдалана білу, техникалық қауіпсіздікпен тазалық гигенасын сақтауды үйрендіңдер.
Қатырма қағазбен, сым, табиғи материалдар (бұтақ, шыбық, тас, шышшаның бүрі, жаңғақ, дән, жапырақ т.б.) маталар, кесте тігу, құрақ құрау, түйме қадау, түрлі-түсті қағаздардан аппликация жасау, ермексаздан түрлі бұйымдар дайындау, жапсыру, құрастыру.
Ал, енді сол алған білімдерімізді әр түрлі жұмыстың түрлерін алып, сайыс барысында көрсетесіңдер деп сенеміз.
Сабақта оқушыларды екі топқа бөлу арқылы сайыс сабағын өткізгелі отырмын. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
7 «ә» сынып қыздар арасында, екі топтың қатысуы арқылы, командаға ат беру.
Әр топтың бүгінгі сабақтаығы мақсатын сұрау.
Біз бүгінгі сабақта алдымыздағы материалдардан жұмыс түрін жасап, өзіміздің икемдігімізді көрсету.
Біздің топтағы балалардың бәрі-шебер. Шеберліктерін бүгінгі сабақта көрсетеді.
Біз бүгінгі сабақта татулықпен жұмысымызды қиналмай тез орындауға тырысамыз. Біз көппіз. Көппен орындалған жұмыс тез бітіп, әдемі шығады. Осылайша әр топ өздерінің мақсатын таныстырып шығады.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
• Өткір қайшымен жұмыс істегенде байқап ұстау.
• Қайшының ұшын қасындағы отырған кісіге қарай бағыттама.
• Қайшы, желім щеткасын қасындағы оқушыларға қарай сілкіме.
• Іс тіккенде ескі, тот басқан ине қолданба, ол тігістің сапасын төмендетеді.
• Жіпті тісіңмен қима.
• Инені ине салғышта немесе түйгіште ұстау.
• Сым темірді аузыңа салма т.б.
Топтардың аты: «Іскер» тобы, «Шебер» тобы.
1 - кезең. Топтың аты, ұраны, эмблема.
2 - кезең. Оюшылар текемет оюын ояды.
3 - кезең. Мақал-мәтел жарысы.
4 - кезең. Кесте тігу.
5 - кезең. Ұлттық қолөнерге байланысты, қоржыннан екі топ 4 сұрақтан алып жауап береді.
6 - кезең. Сөз беріп, сол әріптердің ішіненбірнеше сөз құрау.
7 - кезең. Салат жасау.
Қорытынды бөлім: Әділқазылар алқасы екі топтың жұмыстарын бағалап, толықтыратын жерлерін көрсетеді, жеңімпаз топты анықтайды. Оқушылардың еңбегіне қарай орындар беріп марапатталады.
Сабақтың көрнекілігі:
«... Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады».
Әл - Фараби
«Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән».
«Еңбек үйренемін десең жерікпе».
«Баппен бастап, талғаммен аяқта».
Осы қанатты сөздер көрнекті жерге ілінеді.
Жүргізуші:
Уа, халқым аманбысың, армысың,
Көңілі көктем арулары бармысың.
Мерекеге сән беретін аруларды
Мына отырған көрерменім қолдасын.
Болады қыздың аты затына сай.
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі,
Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі.
Салт - дәстүр мирас болып бізге жеткен,
Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі.
Халқымыз «Шебердің қолы ортақ» деген, он саусағынан өнері тамған «Іскер» тобы мен «Шебер» тобының өнерін көрейік.
Жүргізуші:
1. Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1 - топ басшысы: Айдана
2 - топ басшысы: Гулназ
1 - топ топтың аты, ұраны, эмблема.
2 - топ топтың аты, ұраны, эмблема.
2. Түрін – ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой қошақаным өзіме!» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымды жай.
Күйімді кешсеңдер - ау сол беттегі,
Тұрғандай ана - көңілі тербеп мені,
Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
«Ою ойғанның ойы ұтқыр». Екі топтың қыздары текемет оюын ояды. (5 минут).
3. Салт – дәстүрге байланысты мақал – мәтел жарысы. ( 5 минут).
4. Гүл өсірсең терлеп – мұның аты еңбек,
Кесте тіксең зерлеп – мұның аты еңбек,
Сабағыңа жөндеп, әзірлесең еңбек,
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Қазақ халқында «Өнерлінің қолы алтын» деген сөз бар, екі топтың кестешілері кесте тігеді. ( 7 минут).
5. Ұлттық қолөнерге, салт – дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.
1. Қазақ қыздарының бас киімі. ( Сәукеле )
2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. ( Сырмақ )
3. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал. ( Оймақ )
4. Ең көне ою. ( Қошқар мүйіз )
5. Жеңсіз жеңіл киім. ( Камзол )
6. Кестеге арналған матаның аты. ( Шыт )
7. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтың үй жиһаздарының бірі. ( Түскиіз )
8. Кестеге арналған ине қандай болу керек? ( Жіңішке және қысқа )
6. Дастарқан деген сөздің ішінен, бірнеше сөз құрау. (1 минут )
7. Жақсы ісі шығарар адам атын,
Танытқандай мөр қасқаны маңдайымнан.
Тәтті қолмен жасалған дәмді астың,
Дәмі кетпес талай уақыт таңдайымнан.
«Ас адамның арқауы» - қыздардың салат жасау уақыттары келді. Ортаға салат жасаушы қыздарды шақырамыз. ( 7 минут)
Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа марапаттау қағазын табыс етеді.
Жүргізуші:
Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен жыр кестесін аяқтаймын,
Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін.
«Еңбек» өлеңімен сабақты қорытындылау.
Бағалау
Қош сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі