Ақтөбе облысы
Мәртөк ауданы
Қаратоғай ауылы
Қаратоғай орта мектебі
Пәні: Математика Класс: 2 Б
Мұғалім: « Бастауыш класс мұғалімі» Искакова Салтанат Сагитжановна
Сабақтың тақырыбы: «Өткенді қайталау»
Мақсаты:
Білімділік: Қосу мен азайту амалдарын баған түрінде орындалуын
қайталау;
Бір және екі амалмен шығарылатын есептерді талдау,
теңдеу шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық ,іскерлік қабілеттерін , математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа,жылдам ойлауға, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: «Математика еліне» арналған саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, көбелектер суреттері ,гүл қималары.
-Саламатсыз ба ,құрметті ұстаздар ,оқушылар!Бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіз!
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын
«Ғылымдар патшасы» боп дараланып
Математика қызығына тоймайтұғын
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру. (Әуен қосылады, геометриялық фигураны оқушылар бір-біріне кезекпен беріп отырады.Әуен тоқтағаннан кейін,бір оқушының қолында геометриялық фигура қалып қойса,сол оқушы үй тапсырмасы оқиды.Осы қалыпта 2-3рет қайталанады.)
№6 2 минут беріледі
15 43 37 83 49 63 54 93
+ - + - + - + -
28 28 46 46 14 14 39 39
43 15 83 37 63 49 93 54
Оқушылар өздерінің шығарған есептерін салыстырып тексеріп, түзеп отырады
ІІІ. Жаңа сабақ
Өткенді қайталау
( Осы сабақ барысында оқушылар математика еліне саяхат жасайды.Саяхат кезінде түрлі математикалық аралдармен кездеседі.Әр математикалық аралдың өзіне тән тапсырмасы болады.Мұғалім тапсырмаларға сәйкес оқушыларды гүл қиындыларымен бағалап отырады.Сабақ соңында осы гүлдер саны арқылы жеңіске жеткен топ анықталады.)
-Ал, оқушылар,біз математика еліне саяхат жасамастан бұрын, топқа бөліну керекпіз!!Менің алдымда көбелектер тұр,бір оқушыдан келіп өздеріңізге ұнаған көбелекті таңдауыңызды сұраймын. (Оқушылар саны бойынша 3 түрлі көбелектер тұрады.)
-Оқушылар, енді біз өздерімізге ұнаған көбелекті таңдап болсақ, мен сізде таңдаған көбелектеріңізге сәйкес топ бөліп берейін.Көк көбелектілер 1қатарға келіп отыруыңызды сұраймын.Қызыл көбелектілер 2 ші қатарға,ал жасыл көбелектілер 3қатарға келіп отыруңызға болады.
1- тапсырма 7минут (интерактивті тақтамен жұмыс)
Тапсырма 3 топқа ортақ
№2. Шығар.
Асханаға 50л сүт әкелінді. Оның ертеңгі тамаққа 20литрі, ал түскі тамаққа5 литрі жұмсалды.Асханада неше литр сүт қалды?
Кері есептер құрастыр және оларды шығар.
Ертеңгі тамаққа-20л
Түскі тамаққа-5л 50л
Қалды -?
Ш:50-(20+5)=25
Ж: 25л қалды
Ертеңгі тамаққа-?л
Түскі тамаққа-5л 50
Қалды -25
Ш:50-(25+5)=20
Ж: ертеңгі тамаққа 20л жұмсады
Алған білімдерінің диогностикасы кезеңі. «Таңбалар аралында»
№3 Есепті салыстыр 7 минут.Тапсырма 3 түсті хат арқылы беріледі. (сары, жасыл,қызыл хаттар көрсетіледі.Әр топтан бір оқушы шығып ,қалаған хатты таңдайды.)
Қызыл хат 60 + 28 >59 – 30
73 – 38 <67 + 18
46 – 10 <50 + 27
Сары хат 56 + 29 > 93 – 26
88 – 20 =53 + 15
56 + 24 >80 – 54
Жасыл хат 46 + 49 >99 – 17
39 + 11 <70 – 19
40 – 25 <37 + 23
№4 Салыстыру
2м3дм+3м5дм = 3м5дм+2м3дм
8м9дм-2м3дм < 9м8дм-3м2ддм
5дм9см-2дм3см < 8дм3см-2дм3см
6дм7см-2дм4см >5дм9см-3дм2см
ІV.Сергіту сәті 2 минут оқушылар интербелсенді тақтадан әуенді тындап ,би қимылдарын орындайды.
«Геометриялық пішіндер аралындағы» тапсырма (Геометриялық пішін артында тапсырма жазылады .Әр топ өздері қалаған геометриялық фигураны таңдайды.)
№5 5 минут
А) Қабырғалары 3дм және 5дм тік төртбұрыштың периметрін тап
Р=16дм
Ә) Қабырғасы 5дм шаршының периметрін тап
Р=20дм
Б) Қабырғалары 2см және 3см тік төртбұрыш сал. Оның периметрін тап
Р=10см
В) Қабырғасы 2см шаршы сал. Оның периметрін тап.
Р=8см
«Логикалық аралдың» тапсырмасы
V.Сабақты қорыту
ОрТаға 3топтан бір оқушы шығады.Әр оқушыға ақ қағаз бен қалам беріледі.Қағазда тапсырма жазылады, осы тапрсыманы оқушылар уақытқа орындайды.Ең тез орындаған оқушыға гүл қиындысы беріледы.
«Белгісіздер аралында»
№6 Теңдеулерді шеш: 4 минут
Х+32=85 х-24=46 50-х=25
х=85-32 х=46+24 х=50-25
х=53 х=70 х=25
53+32=85 70-24=46 50-25=25
85=85 46=46 25=25
VІ.Үй тапсырмасы №1 1 минут
Май-15 кг
Ет-7 кг артық
Барлығы-?
Ш: (15+7)+15=37
Ж: Асханаға 37 кг азық түлік әкелінді.
VІІ.Бағалау.Әр топтың гүл қиындыларын санап , жеңіске жеткен топ анықталып,белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі