Өлең, жыр, ақындар

Рационал сандарға амалдар қолдану

Пригород орта мектебі
Математика пәні мұғаілімі
Жалгасова Лиза Акылбаевна

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға рационал сандарға амалдар қолдана алуды, оң және теріс сандарды көбейтіп, бөлуді, азайтып, қосуды меңгерту, білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу және амалдарды орындай алуға дағдыландыру;

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы, «білім көрмесі» сайыс сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, бірін-бірі бағалау әдісі, ауызша тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар орындау

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, геометриялық фигуралар, бағдаршам түстері, оқулық, слайдтар, семантикалық карта, бағалау парағы

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. «Зерек оқушылар» көрмесі «қайталау-оқу анасы» өткен материалды қайталау

IV. «Тапқыр оқушылар» көрмесі (оқулықпен жұмыс)

V. Сергіту сәті « Жылдам оқушылар» көрмесі (қызықты тапсырма)

VI. «Жас математиктер» көрмесі (семантикалық карта толтыру)

VII. Бағалау, жеңген топты анықтау

VIII. Рефлексия (кері байланыс алу)

IX. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу. Сәлемдесіп болғаннан кейін мұғалім «Бір-бірімізге не тілейміз?»  дегенде, оқушылар «Сізге шығармашылық табыс, бізге көтеріңкі көңіл-күй» деп сабақты бастайды.

ә) Оқушыларды түгелдеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

г) Оқушыларды таңдаған геометриялық фигуралары бойынша (төртбұрыш, квадрат, үшбұрыш, дөңгелек) топқа бөлу, топ басшыларын, бағалаушыларын сайлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар үй тапсырмасын интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстырып, тексереді, дұрыс болса бағдаршамның жасыл түсін, қате болса сары түсін, орындай алмаса қызыл түсті көтереді.

№627 есеп  

-63 * (7-11) = 252

(32-40) * 3,5= -28

(0,99-1) *26= -0,26

9,9 * (3-5) = -19,8

-2,2 * (8-3) = -11

(26-11) * (-0,4)= -6

«Зерек оқушылар» көрмесі. Өткен тақырыптағы ережелерді  қайталау бойынша «Ережені аяқта...» ойынын ойнату

1.Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса, .......

2.Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін....

3.Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса, ....

4.Теріс санды теріс санға бөлу үшін....

IІІ .«Зерек оқушылар» көрмесі

ІV. «Тапқыр оқушылар» көрмесі.  Оқулықпен жұмыс жасау

Берілген есептерді шешіп, бірінші болған топ  шығарылу жолын түсіндіреді, тақтада орындайды   №633, 634, 635, 

Деңгейлік тапсырмалар.

А тобы

Өрнекті ықшамдаңдар: № 633 (1, 3)        

В тобы

Теңдеуді шешіңдер: № 634 (1,3)

С тобы

Есептеңдер: № 635 (1,3)

V. Сергіту сәті  «Жылдам оқушылар» көрмесі» (қызықты тапсырма)

1. Ең кіші натурал саннан Али бабаның серіктерінің санын алып таста (1-40 )

2. Астанамыздың әріптерінен қолыңдағы оқулығыңның санын алып таста (6-10)

3. Тәуелсіздігіміздің биылғы мерейтойы жылын -4-ке көбейт (25*(-4))

4. Тұңғыш президент күнінен ең үлкен екі таңбалы санды азайт (1-99)

VI. «Жас математиктер» көрмесі. Рационал сандарға амалдар қолдануға байланысты семантикалық карта толтыру. Толтырып болғаннан кейін көршілерімен ауыстырып, слайдта көрсетілген жауаптармен салыстырып, бірін-бірі бағалайды.

Семантикалық карта                                   

І нұсқа

 р/с

тапсырма

А

Б

В

Г

Д

100

16

5

10

10

1

19+21: (-7)

 

 

 

 

 

2

-48: (-12)+ 96

 

 

 

 

 

3

-20*4: (-8)

 

 

 

 

 

4

49:(-7)+17

 

 

 

 

 

5

-25*4 : (-20)

 

 

 

 

 

 

ІІ нұсқа

р/с

тапсырма

А

Б

В

Г

Д

-15

21

10

-100

-2

1

(-14+21)*3

 

 

 

 

 

2

-54: (-3)-20

 

 

 

 

 

3

-45:15 -12

 

 

 

 

 

4

36*(-2)-28

 

 

 

 

 

5

-30*3: (-9)

 

 

 

 

 

 

VII. Бағалау  

Топтардың сайыс бөлімдеріне қатысуына байланысты ұпай сандарын есептеп, жеңген топты анықтау. Топ басшыларынан бағалау парағын алып, оқушыларды жария түрде бағалау

VIII. Рефлексия (кері байланыс алу)

«Тақырыпты меңгердім, меңгере алмадым, толықтыруды қажет етемін»  әдісі бойынша бүгінгі сабақтан алған білімдері, әсерлері жөнінде стикерлерге жазып, сәйкес кестеге жапсырып,  кері байланыс жүргізіледі

IX.Үйге тапсырма

№634 (2,4), 635 (2,4)  ережелерді жазу, жаттау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз