Кажикова Айсулу Т, «Бөбектер» шағын орталығының тәрбиешісі,
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы
Тақырыбы: Менің мысығым.
Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.Тілде сын есімдерді белсенді (кішкентай,тентек,жұмсақ,ойынпаз, т.б.) қолдана білуге жаттықтыру. «М» дыбысын айтуға жаттықтыру. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту.
Көрнекіліктер:Мысық және оның балаларының (мысықтың балалары доппен, жіппен ойнап жүр) суреті.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын.
Сөздік жұмыс: мысық, жұмсақ, үлпілдек, тентек, ойынпаз.
Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.
Әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс – әрекеті.
Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Рефлексиялық-түзетушілік
Мотивациялық- қозғаушы
«Білер қазақ баласы,
Сәлем –сөздің анасы» дегендей сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?(күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады)
Балалар, мен балабақшаға келе жатқанымда сиқырлы қалта тауып алдым.
Онда хат бар екен. Хатта: « Өлең не туралы екенін білсеңдер ішінде не барын табасыңдар»- деп жазылған .
«Мысық» Ә.Баубеков
Мышым,мышым, мысығым,
Екі көзді қысығым,
Ол ақылды, ол батыр,
Көрдім талай қызығын.
-Балалар, өлең не туралы айтылған?
Сиқырлы қалтаны ашып, ішінен ойыншық мысықты алып шығады.
-Балалар сендердің үйлеріңде мысық бар ма?
-Енді балалар ойыншық мысығымызды ұстап, жүнін сипап көрейікші.
-Ол қандай?
-Мысықтың жүні жұмсақ, үлпілдек.
-Мысық қалай дыбыстайды?
-Балалар мысық үй жануарына жатады.
Мысықтың баласын біз «марғау» деп атаймыз,оның түсі ақ, сары, қара болады.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
-Балалар, тақтаға қараңдаршы суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Мынау не?
-Мысық қандай екен?
Үлкен мысық.Кәнекей барлығымыз қайталайық. Үлкен мысық.
-Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр?
-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.
-Екінші мысық не істеп жатыр?
-Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.
-Балалар мысық қалай ұйықтайды? Пыр-пыр-пыр.
-Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?
-Ол жіппен ойнап жүр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.
Тіл ұстарту жаттығу.
Ық – ық – ық,
Тышқан жейді мысық -бәріміз қайталайық.
Ойын : «Байқағыш» деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап,көздеріңе елестетіп,еске түсіріп,менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
- Мысықта қанша құлақ бар?
- Мысықта қанша аяқ бар ?
- Мысықта қанша құйрық бар?
- Мысықтың құлағы ұзын ба,құйрығы ұзын ба?
- Мысық туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
(«м» дыбысының анық айтылуына мән беру).
Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный. Балалар шаршадыңдар ма, бой жазып денемізді сергітіп алайық
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу.
Дейді мысық мияу-мияу.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Дидактикалық ойын: «Мысық нені жақсы көреді?»
1-топ:
Мысықтың нені жақсы көретінін қыстырғыш арқылы көрсетеді.
( Балық.Сүт.Тышқан.Орама жіп.Доп.)
2-топ:
Балаларға үлестірмелі тапсырма беріледі, мысыққа қажет заттар, сонымен қатар артық зат бейнеленген, соны балалар қарындашпен қоршап сызады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Синквейн әдісі
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: сурет бойынша әңгімелеп, әр сөздегі дыбыстарды анық айтуды.
Түсінеді: сын есімдерді зат есімдермен қалай байланыстыру керектігін.
Қолданады: сурет бойынша сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі