Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
№87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебі
Технология пәнінің мұғалімі
Қожабаев Кенес Жупарбекович
Пәні:Технология
Сынып: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеудің технологиясы
а) Білімділік: Оқушыларға композиция құру шеберлігін, нүктелік күйдіру, штрихпен күйдіріп салу, эстетикалық талғамдарын жетілдіру, тереңдету.
ә) Дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту. Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс- әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану, білуге баулу.
б)Тәрбиелілік: оқушыларды жауапкершілікке, жүйелі еңбекке, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, эстетикалық жағынан дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: практикалық іс–әрекет.
Сабақтың көрнекілігі: электр күйдіргіш аспабының сұлбасы мен натурасы. Күйдіру түрлеріне қарай дайын бұйымдар, слайд.
Пәнаралық байланыс: физика, сурет.
Сабақтың өтілу барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу әдебі, сабаққа қатысуын бақылау, оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру.
Мақсат қою кезеңі: Балалар, сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге нақыл сөздер оқып берейін.
Өткен сабақта біз ағаш деген тақырыпты талдадық. Осы тақырыпқа байланысты менде бірнеше сұрақтар туындап тұр.
1. Ағаш дегеніміз не?
Ағаш –табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы болған.
2. Ағаштарын қандай қасиеттерін білесіңдер?
Ағаш материалын өңдеу үшін оның табиғи түр-түсінің ерекшеліктері, тығыздығы, жұмсақ-қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі қасиеттері бар.
3. Пирография дегеніміз не?
Ағашты күйдіріп әрлендіруді, кейінірек пирография деп атады.
4. Ағашты кептірудің
Бұл құрал қалай аталады? Осы құралмен жұмыс істегенде нені ескеруіміз керек?
Осы жауаптарына қарап ағаш тақырыбын жақсы меңгерді деген ойдамын. Енді бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты сыйкәделік бұйымды күйдіріп аяқтау, бояу және қорғау.
Ал жұмысымызды бастайық.
1. Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтаймыз.
2. Күйдіргіш аспапты тоқ көзіне қосайық.
3. Артық құрал жабдықтарды алып тастаймыз.
VІІ Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау.
1. Күйдіру әдістері неше топқа бөлінеді?
2. Ағашты күйдірудің қандай әдістерін білесіңдер?
3. Нүктелік әдістің сызықшалы әдістен қандай айырмашылығы бар?
VІІІ Үйге тапсырма: Дәптер, А4 формат, сызғыш, қарындаш әкелу. Ағаштан жасалған күректің сызбасын сызу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі