Өлең, жыр, ақындар

Жаттығулармен жұмыс

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш  ауданы 

№73 «Ө.Жәнібеков» атындағы мектеп-гимназия

Сабақтың тақырыбы: Жаттығулармен жұмыс                

Мұғалімнің аты-жөні: Алибаева Гүлжан  Алимхановна Бастауыш сынып мұғалімі                    Күні: 4.04.2017ж

Сынып: 3 «А»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған   оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

  Білімділік: зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысқтау, жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту;

Сабақтан күтілетін нәтиже: 

1-деңгей (білу, түсіну ):

Оқушылардың барлығы орындай алады: Сан есім ажырата   біледі

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Оқушылардың  көбісі мынаны орындай алады: Сөйлем  мүшелерін құрап, талдай алады. Сөз таптарын мағынасын талдай алады

3-деңгей

(жинақтау, бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: басқа тапсырмалармен салыстырып, құндылығын бағалау

Тілдік мақсат:

Талдағандарын анықтау

Ресурстар:

Таратпа қағаздар, смайликтер, А4 қағазы, дәптер, кесте, сызба

Пәнаралық  байланыс:

Математика, дүниетану, бейнелеу өнері

Алдыңғы оқу:

Қайталау

 Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын  әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі 

3 минут

Оқушыларды суреттер арқылы топтарға  бөліп шығу  ұсынылады. «Шаттық шеңбер» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы лебіздер, тілектер айтады. Әрбірп топ  өз ұрандарын айтып шығады. Психологиялық ахуал  қалыптастыру.

 

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут            

1-деңгей (білу, түсіну ):

(Қажетті лігіне  қарай әдіс  қолдануға болады)

Әрбір топ мүшелеріне сұрақтар қою арқылы оқушылардың білім деңгейлері тексеріліп шығады. «Сұрақтар  легі» әдісі                                                                               

1. Етістік дегеніміз не?

2. Етістіктің сұрақтарын ата?

3. Етістікке мысалдар келтір?

4. Негізгі және туынды етістік деген не?

6. Жазып келген жұмыстарын тексеру.

Оқушыларға карточка тарату.

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Жұрнақ дегеніміз не?

3. Жалпы және жалқы зат есім дегеніміз не?

Зат есім туралы білетіндері сұралады. Қосымша етістіктер туралы  білімдері тексеріліп шығады.

Сын есім дегеніміз не?

Дұрыс жауаптарға                      1 балл қойылады

2-деңгей (қолдану, талдау):

Сөзді құрамына қарай  байланысын  дұрыс таба білуге не  істеуге керек деп ойлайсың? Суреттер арқылы  сөйлемдерді құрап шығу ұсынылады  

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей  (жинақтау, бағалау)

- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің жіктелуі деген не? Неше жақта жіктеледі?
- Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер? Етістіктің неше шағы болады?
Сын есім нешеге бөлінеді?

Негізгі және туынды сын есім дегеніміз не?

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады

Жаңа сабақ 

12 минут

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)  (Жаңа  сабаққа дайындықпен келген оқушының  қорғауын  ұйымдастыру) Қызығушылықтарын ояту

1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабаққа дайындық
Тірек білімдерін жетілдіру
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.: ыдыс, кілем, аяқ.
Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.
(Интерактивті тақтадан негізгі және туынды зат есімдерге мысалдар көрсету).
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
1. Оқулықпен жұмыс
1-топ

 Ребусты шеш. Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.
Көз + ілдірік = көзілдірік
Балық + шы = балықшы
Ас + паз = аспаз
Дәрі + гер = дәрігер
2 – жаттығу. Өлеңді оқы
Іскерлер
Дәрігер бала емдейді,
Жолшы жолды жөндейді.
Ұстаз сабақ береді,
Бағбан жеміс егеді.
Ұста темір соғады,
Балташы ағаш жонады.
Диқан тыңды тіледі,
Ісмер кесте тігеді.
Кенші жерді қазады,
Ақын өлең жазады.
Дәрігер, жолшы, балташы, ісмер, кенші.
2-топ Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.
Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер,
қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана,
көл, коньки, суат.
• Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгіле.
Негізгі зат есімдер: ойпат, сый, қалам, ағаш, өнер, су, балық, мұз, коньки, көл.
Туынды зат есімдер: суретші, сыйлық, қапшық, сусын, үйшік, құлыншақ, асхана, суат.
3-топ Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып,
туынды зат есім жаса.
Кітап, дос, егін, орын, - шы, - ші, - лық, - лік,
таза, адам, мал, шебер - дық, - тық, - хана
Кітапхана, достық, егінші, орындық, тазалық, адамдық, малшы, шеберлік.
Сергіту сәті

Жұптық  жұмыс

Сабақты бекіту  15 минут 1-деңгей

(білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға  болады) Оқушылардан ережелер сұралады Әрбір топтың балалары тақтада ілінген карзинкеге сөздер мен сөйлемдерді реттестіріп шығады. «Өзіңді  тексер» әдісі

Жұптық жұмыс Дұрыс  жауапқа 1 балл қойыла- ды

2-деңгей (қолдану, талдау):

«Бір сөзбен» атты әдіс пайдаланылады.Мұғалім айтылған сөйлемдерді талдап шығып бір сөзбен айтып  шығады.

Дұрыс жауапқа 1 балл қойыла- ды

3-деңгей  (жинақтау, бағалау)

Ой толғау. Суреттер бойынша оқушылардың ми ойларын  жинақтау. Тақтада ілінген күндер арқылы оқушылар  өздерінің көңіл-күйлерін анықтап шығады.      

Смайликпен  бағаланады.

Дұрыс  жауапқа 1 балл қойылады

Үйге тапсырма  5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату) Сын есім  мен сан есімге қарай талдау жұмысы беріледі.

Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады

2-деңгей  (қолдану, талдау):

Сөз  таптарын  құрау  беріледі.Карточка  жасап  келу  ұсынылады.

Тапсырманы  орындағанға «4» баға  қойылады

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Сызбалар құрастырыпт  келу. 39 -жаттығу.

Тапсырманы  орындағанға «5» баға  қойылады

Бағалау

3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.

6-8 балл жинаған оқушыға «4» баға қойылады. 

9-12 балл жинаған оқушыға «5» баға қойылады.

 

Кері байланыс

Оқушылар сабақта түсінгенін түсінбегенін «Таңдау» әдісі арқылы көрсетіледі.

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз