Тараз қаласы
№44 «Ертарғын» балабақшасы
Бейнелеу өнер жетекшісі
Жолдыбайқызы Жазира
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімдері: Сурет салу.
Тақырыбы: Тастар әлемінде.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,Тастың құпиясы туралы білімдерін қалыптасуына мүмкіндік беру, құрылымын тамашалау, тастарды қасиетіне қарай топтастыру (үлкен,орташа, кішкентай), сырты (тегіс, түрпіленген, бұдырмақты), салмағы (жеңіл, ауыр), жүзгіштігі– суға батады. Танымдық қабілеттерін арттыру.
Әдіс- тәсілдері: Көрсету, тусіндіру, әңгімелесу, сұрақ- жауап.
Сөздік жұмыс: Тастар, зертхана, қанқыз.
Билингвальды сыңары: тас – камень - stone,
Заттық дамыту ортасы: суреттер жинағы, ыдыстағы су, тастар жиынтығы, екі тәрелкеден, поролон, үлкен-кішкентай тастар, гуашь бояуы, қылқалам, сулы сүрткіш
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагогтың қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкені менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. |
Балалар шаттық шеңберге тұрып көңіл -күйлерін білдіріп айтып шығады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Тастар әлемінде». Көзімізді жұмып елестетейікші, тастарды біз қайдан көреміз? - Дұрыс айтасыңдар. Барлығымыз интерактивті тақтаға назар аударайық, шынымен де тастар судын астында, жерде болады екен және үлкен тастар да болады екен Билингвальды сыңары: тас – камень - stone, Біз тасты зерттей аламыз, тастарды зерттеумен кім айналысады? Тастардың құпиясын білу үшін олардың қасиетін зерттеу қажет. Зерттеуге арналған аспаптармен жабдықталған бөлмені зертхана деп атайды. Қазір біз зерттеушілер боламыз. Балалар тасты зерттемек бұрын, қауіпсіздік ережені ескеріп кетейік. Тасты абайлап ұстауымыз керек,жерге түсіріп алсақ аяғымызды ауыртып аламыз. №1 тәжірибе: «Түсті және пішінін анықтау» Бізге тастар қандай түсті және қандай пішінді болатының білу керек. Тастарға мұқият қарандар, олар қандай түсті және пішіні қандай екенің айтындар. №2 тәжірибе: «Көлемін анықтау Тастардың көлемі бірдей ме екенің анықтау керек. Ең үлкен, орташа, ең кішкентай тастарды тауып көрсетіндер. Тастардың көлеміне байланысты қандай қорытынды жасауға болады? №3 тәжірибе: «Сыртқы жағын анықтау» Бізге тастын сыртқы жағын анықтау керек: тегіс немесе бұдырмақты? Қазір біз әр тасты сипаймыз. Ең тегіс және ең бұдырмақты тасты көрсеттіндер. №4 тәжірибе «Жүзгіштігін анықтау» Енді тастың суда жүзгіштігін тексерейік. Салыстыру үшін тасты және поролонды алайық. Суға тасты және поролонды саламыз. Біз не көріп тұрмыз? Тас неге батып кетті? Сергіту сәті: «Құм, тас, су» «Құм «дегенде әр жерде шашыранқы болып отыру. «Тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «Су» дегенде толқын жасап қозғалу. Қалай ойлайсыңдар, тастар қайдан алынады? Жаңбыр кезінде жартас арасына енген су қыстың күні қаттады және оларды кеңітеді. Жыл сайын жарық үлкейіп отырады сонан соң таудан тас бөліктері сынып түседі. Балалар, бүгін біз тастың қандай қасиеттерімен таныстық? Бүгін біз сендермен неше тәжірибе жасадық? Тастардың бетіне сурет салуға болады екен. Интерактивті тақтаға назар аударайық. Тастардың бетіне әр–түрлі суреттер салынған. Балалар енді бізде тастың бетіне сурет салып көрейік. Тастың бетіне қанқыздың суретін саламыз. Барлығымыз қанқыздың суретіне назар аударайық қанқыздың түсі қандай болады екен? Алды мен ауада қанқыздың суретін салып көрейік. Қара қарандашты алып, тастын бетіне қанқыздын бейнесін саламыз. Қызыл түсті гуашь бояуы мен бояп шығамыз. Ең соңында, көзін саламыз. |
- жерден, судын астынан
тас-камень-ston
ғалымдар, зерттеушілер балалардың назары үстел үстіндегі тастарға аударады. балалар тастарды қарайды, байқағандарын талқылайды,тастар түсімен пішініне қарай әр түрлі болады. Балалар тастарды қарайды және тастардың көлемін дәйектейді. Тастар әр түрлі көлемді болады тастар тегіс және бұдырмақты болады балалар тасты және поролонды суға салады, бақылайды. тас батып кетті, ал поролон жүзиды. тас батты, өйткені ол ауыр, поролон жүзиді, өйткені ол жеңіл. балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды таудан. балалар тастың қасиеттері туралы әңгімелейді Біз бүгін төрт тәжірибе арқылы тастарды зерттеп шықтық. қызыл түсті, қара таңбалары болады. балалар тастын бетіне қанқыздың суретін қызығушылық пен салып шығады. |
Рефлекстік коррекциялаушы
|
Балалардың тасқа салған суреттеріне талдау жасап, мадақтаймын. Ең жақсы шыққан суреттерге көрме жасаймын . Сұрақ–жауап арқылы ұйымдастырылған ашық оқу қызметін пысықтаймын. |
балалар өздерінің тасқа салған суреттерін талқылап, ризашылығын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тастардың құпиясын тәжірибе жасап біледі.
Игереді: Қанқыздың суретін тастың бетіне түсіріп салуды игереді.
Меңгереді: Ұқыптылық пен жұмысты орындау барысындағы жинақылық қалыптастырады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі