Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК
тәрбиеші: Магзумова Гулшат Кенжебековна
Мақсаты: балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімдерін тиянақтау. Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, ұсақ қол маторикасын дамыту. Таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші,ұзын-қысқа, биік-аласа), Кеңістікті бағдарлау. Жоғары-төмен,ортасы, оң-сол, алыс-жақын ұғымдары;геометриялық фигураларды атау және тану үшбұрыш, шаршы, сопақ, тіктөртбұрыш салыстыру. Тәулік бөліктерін (таңартең, күндіз, кеш, түн) ажырату. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: 1-ден 5-ке дейінгі цифры бар карточкалар, қақпақтар, 5 кубиктер тапсырмасы, суреттер, геометриялық пішіндер.
Қостілділік компонент: сан-цифр, пішін-фигура
Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің мәні ғой
Алдыменен халайық
Амандасып алайық
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!
Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар, қандай?
- Қазір қай ай?
Көктем туралы тақпақтар:
Інжу:
Көктем, көктем көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Інмен қарсы аламыз.
Дарын:
Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
- Бір аптада неше күн бар?
- Апта туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Бір аптада жеті күн бар?
Кәусар:
Дүйсенбіде доп ойнадық далада,
Сейсенбіде серуен құрдық қалада.
Сәрсенбәде сурет салдым сәндетіп,
Бейсенбіде би биледім әндетіп,
Жұма күні жидек тердім ағаштан.
Сенбі күні кино көрдім клубтан,
Жексенбіде үйде болдым дем алдым.
Осылайша өте шықты бір апта.
Мотивациялық ойды ояту.
- Балалар, бүгін біз «Ғажайып математика әлеміне» саяхатқа барамыз.
Математика патшалығына саяхатқа шығамыз.
Математика патшалығына сиқырлы кілемге отырып барамыз. Кілемшеге отырғаннан кейін көздеріңді жұмып, 1-ден 5-ке дейін санайсыңдар.
- Балалар, біз математика патшалығына келіп қалдық, мен үшке дейін санаймын сосын көздеріңді ашасыңдар.
Тоты құс: тұмсығында хаты бар
Қорапта сиқырлы кубиктер 1,2,3,4,5 сандары бар, онда тапсырмалар бар,маған көмектесе алсыңдар ма? Кәне тапсырмаларды ашып көрейік.
1-тапсырма:Сан және санау.1ден 5-ке дейін үш тілде санау
- Жарайсыңдар, балалар, сендер мүдірмей тез санай аласыңдар
- Олай болса, бізге қонаққа келген сандардың дайындап тақпақтарын тыңдайық.
Дарын А:
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрамын.
Айару О:
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын қарағым.
Бейбарыс:
Екіден соң әрқашан,
Үшінші мен тұрамын.
Қағазға сызып түсірсең,
Екі ирек саламын.
Айару:
Үш қашанда тақ саны,
Жұп болғанға не жетсін.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.
Ақжол:
Төртен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Төртеуін бүгіп санасаң,
Табасың оңай бесті.
2-тапсырма: «Суретпен жұмыс»
«Алма мен сәбіз»
- Балалар, мынау не? Алма
- Алма жемістерге жатады.
- Түсі қандай? Алма нешеу?
- Ал мынау не? Сәбіз.
- Сәбіз көкөністерге жатады.
- Сәбіз нешеу?Көп
- Алма көп пе? Сәбіз көп пе?
- Сәбіз көп.
- Балалар, мынау не? Қоян.
- Қоян нешеу? Көп
- Ал мынау не? Қонжық.
Қонжық нешеу? Біреу.
Қоян көп пе? Қонжық көп пе?
- Қоян көп.
1-тапсырма: үлкен-кіші, биік-аласа ұғымдары
- Мына не? Доп
- Мынау қандай доп? Үлкен
- Мынау қандай доп? Кіші
- Қайсысы үлкен? Қайсысы кішкентай?
- Ал, балалар, келесі суретке қарайық. Мынау не? Таспа
- Мынау -сары таспа.
- Мынау-қызыл таспа.
- Қызыл таспа үлкен бе, сары таспа үлкен бе? Қызыл.
- Сары таспа қандай? Кішкентай.
- Ағаш биік пе?
- Шырша биік пе?
- Ағаш биік.
- Шырша аласа.
2-тапсырма: кеңістікті бағдарлау. Оң-сол, алыс-жақын.
Балалардан өздерінің оң жағында кім отырғанын, сол жағында кім отырғанын сұраймын.
- Балалар, тамақты қай қолмен ішеміз? Оң.
Алыс-жақын.
- Балалар мынау не? Қой.
- Қойдың төлін қалай атаймыз? Қозы.
- Қозы қойдан алыс тұр ма? Жақын тұр ма?
- Жақын.
- Ал мынау не? Жылқы
Жылқының төлін қалай атаймыз? Құлын.
- Ал құлын ше? Жылқыдан алыс тұр ма? Жақын тұр ма?
- Алыс.
3-тапсырма: «Сөйлемді аяқта» ойыны
-Таңғы асты таңартең, ал кешкі асты. ішеміз(кешке)
-Түнде ұйықтаймы, ал.жаттығу жасаймыз (таңартең)
- Күндіз күн шығады, ал Ай .(түнде)
- Кешкі асты кеште, түскі асты. ішеміз(күндіз)
Сергіту сәті «Аңқайма, қайтала»
Қане, достым аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Бір-тұрамыз, созыламыз,
Екі-еңкейіп, керілеміз,
Үш-шапалақ соғамыз,
Басымызды шайқаймыз,
Төрт дегенде қол көтеріп,
Бес дегенде қол бұлғаймыз.
Ентігімізді басамыз және орынымызға отырамыз.
4-тапсырма: геометриялық пішіндер. (жоғары, төмен, ортасы, оң жақ, сол жақ) Пішіндермен жұмыс.
Санамақ
Айжан:
1. Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармақ-әкем,
Балалы үйрек –анам
Ортан терек-әпкем,
Шылдыр шүмек-ағам,
Кішкене бөбек-мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
2. Бір дегенім –білім
Төрт пен беске ілін.
*Екі дегенім еңбек,
Еңбекпен іс өнбек.
*Үш дегенім-үміт
Жайдары жүр күліп
*Төрт дегенім төзім,
Сабырлы бол өзің.
*Бес дегенім-бесік,
Шықтым содан өсіп.
5.Логикалық сұрақтар:
1. Аспанда қанша жұлдыз бар?
2. Сиырда қанша мүйіз бар?
3. Машинада қанша дөңгелек бар?
4. Жылқының қанша құйрығы бар?
5. Адамда қанша қол бар?
Тоты құс: Балалар менің «Ғажайып матеметика» әлеміне қайтатын уақытым келді кубиктердегі 5 - тапсырманы түгел орындадыңдар, сендермен болған маған ұнады, сендер білімді, алғыр екенсіңдер, сендерге сыйлығым бар.
Рефлекциялық–түзетушілік кезең.
- Балалар, «Ғажайып математика» әлеміне саяхатымыз ұнады ма?
- Қандай тапсырманы орындадыңдар?
- Сендер бүгінгі «Ғажайып математика» әлеміне саяхатымызға өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар, балалар бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
raimbek
метаметика* - математика