"Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші: Тулендиева Ардақ Касымxановна
Тақырыбы: «Бағдаршам және мен!»
Мақсаты: Балаларды жол ережесін, белгілерін есте сақтауға үйрету. Жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту. Сұраққа толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру. Ұсақ моторикаларын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері.
Сөздік жұмыс: Қызыл, сары, жасыл; көрсеткіш белгілері: («жаяу өтпесі», « жер асты жаяу өтпесі»; « жер үсті жаяу өтпесі», « жаяу жүргінші жолы».)
Өтілу барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәті.
Телефон шырылдайды. Топқа «Бағдаршам» кіреді.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдерме балалар?
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа кім келді?
- Балалар, бағдаршамды білесіңдер ме?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Бағдаршам, сенің келетініңді балалар білген, сол үшін саған тақпақтар дайындады.
- Енді бағдаршамның құрметіне тақпақтар тыңдайық.
II. Негізгі бөлімі.
1. Тақпақтар.
1 - оқушы
Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
2 - оқушы
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да көлік те,
Сол шаммен жүреді.
3- оқушы
Үлкен біздің қаламыз,
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам.
Көшеде тұр бағдаршам.
Тәрбиеші: Бағдаршам, саған тақпақтар ұнады ма?
Балалар бағдаршам сендерге де қызық ойын алып келіпті, ойынның аты «Болады, болмайды!».
2. Дидактиқалық ойын «Болады, болмайды!»
Тәрбиеші: Балалар, тақтада суреттерді мұқият қарап, жолда не істеуге болады, не істеуге болмайды айтып беріңдерші?
Көлік жүретін жол мен ойнауға болмайды.
Көлік жүретін жол мен жүруге болмайды.
Көшенің кез келген жерінен өтуге болмайды.
Көліктің артына жармасып ойнауға болмайды. Ол өте қауіпті
Көлік тоқтаған кезде, сені артынан көлік басып кетуі мүмкін.
« Жаяулар өтпесі» белгісі тұрған жерден-ақ өтуге болады.
Немесе «Жаяу жүргінші» жолымен жүруге болады.
Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.
Ал егер осы «Жаяу жүргінші жолы», әлде « жаяулар өтпесі» ақпараттық – көрсеткіш белгісі жоқ болса, « жер асты жаяу өтпесі», әлде « жер үсті жаяу өтпесі» деген жерден өтуге болады.
Әрқашан бағдаршамның жасыл түсің күтіп, асықпауға тиіссің.
Аялдаманың қасында да, « жаяулар өтпесі» көрсеткіш белгісі бар, сол жерден- ақ өтуге болады.
Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.
Жолдан тек жасыл жанғанда ғана өт.
Ал, енді балалар « Жолда жүру ережесін» білесіңдер, мен сендерді тексерейін, қалай осы ережені түсінгендеріңді.
Балалардаң сұрақ – жауап алу.
1) Осы сүреттің ішінде жолда жүрген кезде не істеуге болмайды!» деген суретті көрсетіндер? Неліктен?
2) Көліктер жүретін жерде ойнауға болады ма?
3) Көліктің артына жармасып ойнауға болады ма? Неліктен?
4) Көшеде кез келген жерде ойнауға болады ма? Болмайды ма?
5) Балалар қай жолмен жүру керек?
6) Балалар, бағдаршамның қай көзі жанғанда, жолдан өтуге болады?
7) Ал қызыл көзі жанған кезде, біз не істеу керекпіз?
- Дұрыс айтасыңдар, біз күту керекпіз, тек жасыл көзі жанған кезде өтуге болады.
- Ал балалар, сендер «жол жүру ережесін» естеріңе сақтаңдар. Шаршадындар ғой, енді орнымыздан тұрайық, сергіту жасайық.
3. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Біз жолға шығайық.
Ұзын,қысқа жолдарды
Біліп біздер алайық.
Оң жақта да, сол жақта да,
Биік үйлер бар екен.
4. «Бағдаршам» құрастыру ойыны.
Тақтаға «Бағдаршамның» сурет үлгісі ілінеді, ал балалар соған қарап «бағдаршамның» көздерін құрастырады.
Тәрбиеші: «Бағдаршам», сен де балаларға көмектесші, көзіңді құрастыруға. Мен де балаларға көмектесемін.
IІ – дейңгей: Омар.Дидар, Ернұр - бағдаршамның суретін салады, ІV – деңгей балалар: Бағлан, Тимур, Алихан – «бағдаршамның» көзін құрастырады.
III. Қорытынды.
- Енді біз бүгінгі тәрбие сағатымызды қортындылайық.
1. Балалар бүгін біз қандай тақырып өттік. Не білдік?
2. Жолдан қалай өту керек екен?
4. Жолда, көшеде ойнауға бола ма?
5. Бағдаршамның қандай пайдасы бар?
6. Қандай ескерту белгілерін білесіңдер?
7. Көліктер журетін жолда ойнауға болады ма?
- Балалар, осы «Жолда жүру» ережесін естеріңе сақтандар, ұмытпандар! «Жол жүру ережесін!», өмірімізді сақтау үшін керек, соны біліңдер.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі