Ж.Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектеп
Шарзадина Индира Толеутайевна
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов "Жетім"
Сабақтың мақсаты: Шығарманың негізгі ойын ашуға ықпал ете отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға жетелеу; Оқиғаны елестетіп, мейірімділікке, әлсізді қорғауға үйрету, тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: Мұхтар Әуезовтің суреті, АКТ, кесте.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру. – Балалар, көңіл-күйлерің қандай?
Топтарға бөліну “Шаңырақ” әдісі арқылы (Мұғалім бір жақ ұшы біріктіріліп түйілген ленталарды ұстап тұрады, оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап, лентаның екінші жақ ұшын ұстайды. Сонда шаңырақ пайда болады).
– Балалар, бұл не пайда болды? (Біз барлығымыз бір шаңырақтың астында тұрмыз. Ол нені білдіреді деп ойлайсыңдар? (Ия, балалар, біз барлығымыз әртүрліміз, бірақ бір шаңырақтың астында, барлығымыздың мақсатымыз бір, барлығымыз тату, ұйымшылдықпен сабағымызды бастайық).
– Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес»
(М. Әуезов).
– Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер? (Әр ұлт өз тілін білу керек. Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі. Өткені дегеніміз ол – тарих, тарихтың айнасы – әдебиет. Біз одан оқып білеміз).
Қызығушылықты ояту кезеңі
– Ал қазір мына слайдқа қарап Мұхтар Әуезов туралы мәліметпен танысайық
– М. Әуезов туралы мәліметті сендер толық алдыңдар деп ойлаймын. М.Әуезов туралы не білдіңдер? (Мұхтар Әуезов (1897 – 1961ж) Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында туды. Қазақтың ұлы ғұлама жазушысы. Ұлы Абайдан үлгі өнеге алды. Драматург. М.Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы «Абай жолы» деп аталады.
Қосымша мәліметтер беру. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Атасы Әуез бен әжесі Дірнәсілдің тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап ауылдастарына оқып беретін дәрежеге жетеді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1908-1913 жылдары Семейдегі орыс гимназиясында оқыды. 1923 жылы Ленинград университетінің филология факультетіне түседі. 1945 жылы Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі. Жазушының шығармалары әлемнің 27 тіліне аударылды.
– М.Әуезовтің қандай шығармаларын білесіңдер? («Әбілмансұр», «Бала Абай», «Әке арманы», «Боран», «Кешкі дөң басында» атты шығармаларымен таныстық).
Ой қозғау
– Балалар, сендер «жетім» деген сөзді қалай түсінесіздер?
– Сол замандағы сұрапыл соғыс кезіндегі тағдыр тауқыметінен жетім балалар көп болды. Әке-шешелері соғысқа аттанып, оралмады, балалар жетім қалды. Сондай баланың бірі
– Қасымның тағдыры туралы М.Әуезовтің «Жетім» деген шығармасында көрсетілген.
Мағынаны тану кезеңі
Шығарманы тізбектей оқу: мұғалім – оқушы – мұғалім. Түсініксіз сөздерді белгілеп отырыңдар.
– Көңіл-күйлерің өзгерді ме? Неліктен?
– Қасым неліктен жеті түнде жалғыз, жаяу келе жатыр? Жеті түнде Қасымды айдап шыққан кім?
– Қасымның тағдыры неліктен қиын болды? Ол кімдерден қорлық көрді?
– Қасымның тағдыры не болды? Әңгіме неліктен “Жетім” деп аталды?
– Әңгіме қалай басталады?
– Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген? Қасымның көз алдына нелер елестеді?
Рөлдерді сомдау Кітаптан Қасымның сөздерін оқиды
Шығарманың идеясы және құндылығы: Әр бала өзінің ата-анасымен бақытты. Жетім көрсең жебей жүр. Ата-ананың қадірін бағалай білейік).
Ой толғаныс кезеңі
Топтық жұмыс:
1 топ. Табиғат пен баланың көңіл күйін суреттеуде қандай байланыс барын мәтіннен тауып, мына кестеге толтырып жаз.
Көңіл күйінің үндесуі кестесі
Табиғаттағы өзгеріс
1. қалың қара бұлт
2. бұлт жиі-жиі күркіреп,күн жарқылдайды;
3. ымырт жабылып, қас қарайған шақта ...
Баланың көңіл күйі
1. жалғыз жаяу бала
2. түсі де, көңілі де қартайып, жүдеп
3. жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп...
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс. Әңгіме бойынша құрылған мына жоспарды оның мазмұнына қарай реттеп жазу.
Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.
Қасымның әжесінен айырылуы.
3 Тау ішіндегі қорқыныш.
Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
– Өздерің автор рөлінде болсаңдар, әңгімені қалай аяқтар едіңдер? (топта ой бөлісіп, ортаға салады).
- Фариза Оңғарсынованың Жетімдер монологын видеороликтен көру
– Ал, қазір мен сендерді «Ашық микрофонға» шақырамын.
(Оқушылар орындықтарын алып, үлкен шеңберге отырады. Мұғалім шеңбердің ортасында отырады. Екі микрофон пайдаланылады: біреуі мұғалімде, екіншісі оқушыларда).
– Балалар, қалай ойлайсыңдар, қазіргі кезде жетімдер бар ма?
-Олардың ата-анасынан айырылу себебі неде?
-Жетім балалар қайда тәрбиеленеді?
-Олардың жағдайы қандай деп ойлайсыңдар?
-Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ресми деректерге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде).
- Сол балалар үйінде жетімдер азаю үшін не істеуге болады,қандай ой қоса аласыңдар?
– Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?
Видеоролик "Шетелдегі балалар"
Рефлексия.
Табыс критерийлері |
Жеттім |
Талпындым |
Ақын туралы тың деректер білдім. |
||
Әңгіменің мазмұнын түсініп, негізгі ойды түсіндім. |
||
Жетімдер жайлы мол мағлұмат алдым. |
Тақтаға ілінген смайликтерге сабақтан алған көңіл-күйлерін салады
Қортындылау
4-5 сөйлемнен эссе жазу.
Өлең шығару
Мұғалім сөзі: Балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да, ата – ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді. Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін! Ана мейірімін көрмеген бала өмірге риза бола ма? (Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлады емес пе?!
Ал қарт адамдар жетім болады ма? Неліктен?
(Ата-ананың қадірін бағалай білейік. Айналамыздағы адамдарға немқұрайлықпен қарамау т.с.с.).
– Ендеше, балалар, үйлеріңе келгенде ата-аналарыңды құшақтап, мен сіздерді қатты жақсы көремін – деп, бетінен сүйсеңдер, ата-аналарың бір қуанып қалады.
Тоғыз жетім бар: Өмірде ата-анасы жоқ – бала жетім. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Хан ақылсыз болса – халқы жетім. Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім. Суы жоқ – құдық жетім. Ұлы жоқ – әке жетім. Қызы жетесіз болса – ана жетім. Досы жоқ – жігіт жетім. Шәкіртсіз – ұстаз жетім.
– Қай жерде жүрсеңдер де, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, қоғамда өз орнын таба алмаған адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке-шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді құрбы – құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар, нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады, – дейді. Ендеше, жетімін жылатпаған ел болайық.
Хормен : Слайдтан оқу.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
Үйге тапсырма:
1. «Бал балалық» тақырыбына сурет салу,мазмұндау
2. Бағалау.
Табиғаттағы өзгеріс |
Баланың көңіл күйі |
|
|
Табыс критерийлері |
Жеттім |
Талпындым |
Ақын туралы тың деректер білдім. |
||
Әңгіменің мазмұнын түсініп, негізгі ойды түсіндім. |
||
Жетімдер жайлы мол мағлұмат алдым. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі