Корейская косметика премиум класса

Тіршілік үшін күрес

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің кешкі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
биология пәні мұғалімі Ордабаева Эльмира Қойшыбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Тіршілік үшін күрес».

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: оқушыларға тіршілік үшін күрестің үш түрі жайлы толық мағлұмат беру, оның ішіндегі ең бастысы түрішілік күрестің ерекшелігі мен маңызын оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың жеке тұлғасын жан - жақты дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: табиғатты аялауға, ізденімпаздылыққа баулып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым – қатынаста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілікпен жұмыс, Венн диаграммасы, сәйкестендіру тестімен жұмыс.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, бейнефильмдер, суреттер, үлестірмелі материалдар.

Пән аралық байланыс: эволюция негіздері, жаратылыстану. 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру: оқушылармен амандасып, түгелдеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау: 

1. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не? 

2. Қолдан сұрыптау дегеніміз не?

3. Қолдан сұрыптау табиғатта жүзеге асадыма? 

4. Ч. Дарвин қандай еңбегінде «табиғи сұрыпталу» деген ұғымды ғылымға енгізді?

Үй тапсырмасын Венн диаграммасымен бекіту.

Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталудың айырмашылықтарын жазу:

Қолдан сұрыптау

Табиғи сұрыпталу

1.Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін пайда болды

1.Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді.

2.Адамның араласуымен болады

2. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді.

3.Малдарды, жануарларды адамға пайдалы түрлерін алу үшін сұрыптайды

3.Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады.

4. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды

4. Табиғатта сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ.

5. Жағымсыз жағы- пайда болған белгілер организмге зиян, олар табиғатта дәрменсіз.

5. Ортаға жақсы жақсы бейімделгені қалады, бейімделе алмағаны тіршілігін жояды.

6.Нәтижесінде жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар алынады.

6. Жаңа түрлер пайда болады.

 

III. Жаңа сабақтың мазмұны:

Төмендегі слайдтардың көмегімен сабақ түсіндіріледі (1-4 слайд)

Ч.Дарвин түршілік үшін күрес өзара бірін-бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді,ол себептері: 

А) тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі.

Ә) екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі.

«Күрес» ұғымы бірін-бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес.Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, селқос бәсекелестіктің және бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн.

Ч. Дарвин тіршілік үшін күрестің 3 тобын ажыратты:                                                                    

1.Түраралық күрес (5-6 слайд)-бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы түршілік үшін күрес. «Жыртқыш-олжа», яғни «қоян-қасқыр», немесе «мысық-тышқан» қарым-қатынастары үлгілі мысал бола алады.Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет.Бұған «паразит-ие» қатынасы, сондай-ақ ұқсас жағдайларды қажет ететін (мысалы,саваннадағы киіктердің әр алуан түрлері) жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады.Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін.Мәселен,орманда жапырақты және қылқан жапырақты орманда (мысалы,қарағай және қайың), ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар бәсекелеседі.

2. Түрішілік күрес ( 7-10 слайд)- күрестің бұл формасы тек бір түрге жататын даралардың арасында өтеді.Мұндай күресте бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі;қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі мысал бола алады.Күрестің бұл түрі өте шиеленіскен форма,оның барысында көбінесе дарақтар өледі.Шынында да көптеген сүтқоректілерде күрестің бұл түрі тууға дейін басталып кетеді.Көп ұрпақ беретін аңдардың (тышқандар,иттер) бір ұяласында салмағы мен мөлшері біркелкі емес күшіктері болады.Бұл ұрықтық деңгейден-ақ туыстас еркек және ұрғашы күшіктер қағанақ арқылы анасының ағзасынан түсетін қоректік заттар үшін бәсекеге түсетінін дәлелдейді.

 

Түрішілік күрес үш бағытта іске асады:

1. Қорек үшін. 

2. Жыныстас әріптесі үшін

3. Аумақ үшін күрес.

Өсімдіктерде жыныстас әріптесі үшін күрес, әсіресе өздігінен тозаңданатын түрлерде шартты сипатта болады. Бұдан басқа бүкіл түрішілік және түраралық күресті тура және жанама деп бөлуге болады.Тура күрес кезінде дарақтар ашық соқтығысады.Мысалы; көптеген түрлердердің аталықтары аналықты иелену үшін қақтығыс-жарысқа түседі.Жанама күресте ашық соқтығыс болмайды. Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәсекелеседі.Ұялау орнына орналасқан кезде жыл құстарында ашық қақтығыстың болмауы да мүмкін. Алайда ең «шапшаңдары», яғни қыстаудан ерте оралғандары жақсы үлескілерді бәрібір иемденеді.Өсімдіктерде болатын түрішілік жанама күреске көбірек мысалдар кетіруге болады.Мәселен, жеңіл тозаңды көбірек өндіретін,желмен тозаңданатын түрлердің дарақтары тозаңы жеткіліксіз өскен өз туыстарын көбеюден ығыстырады.Ал бунақденелілер өздерін күшті еліктіре алатын гүлдерге тозаңды көбірек тасымалдайды. 

3. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес (11-12 слайд)- өлі табиғатпен күрес.Түршілік үшін күрестің бұл түрі күрделі және сан алуан ағзалардың өзін қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын қамтиды. Мысалы,табиғи апатта, тасқын су,ерте үсік жүру,қар жауудың ұзаққа созылуы, жанартау газдарының шығуы және т.б.тірі қалу үшін күрес; таулы аудандарда тәуліктік температураның шұғыл алмасуына бейімделу т.б.

Сонымен тіршілік үшін күрес барысында:

1. орта жағдайларына жақсы бейімделген дарақтар тірі қалады және ұрпақ қалдырады;

2. әсіресе түрішілік күрес күштірек өтеді, ал қалған екі форма көбінесе соны күшейте түседі; 

3. қолайсыз белгілері бар дарақтардың барлығы мүлде жойылып кетпейді. Кездейсоқтықтың нәтижесінде олардың бір бөлігі бәрібір сақталып, саны аз ұрпақ қалдырады;

4. тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталуға жеткізеді. 

 

 IV.Жаңа тақырыпты қорытындылау: слайдта бірнеше сурет беріледі сол суреттер  арқылы  және  «тіршілік үшін күрес», «өмір үшін күрес» бейнефильмдерін көрсетіп жаңа тақырыпты қорытындылау.

 

V.Сабақты бекіту: оқушылардың жаңа сабақты түсінгендерін тексере отырып, сәйкестендіру тестімен жұмыс жасау.

 

Сәйкестігін тап

Сұрақтары

Жауаптары

 

1.Түраралық күрес

 

а )бір түрге жататын даралар арасында жүреді

 

 

ә ) әр түрге жататын даралар арасында жүреді

 

2.Түрішілік күрес

 

б) жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік

 

 

в)паразиттік жағдайдағы бәсекелестік

 

 

г)қорек, жарық, ылғал, орын үшін күрес

 

3.Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес

 

д) бір түрге жататын даралардың аталықтарының арасындағы күрес

 

 

е) қатты аяз, үсік шалу, су тасқыны

 

 

с) шөлді аймақта ылғалдың аз болуы

VI.Бағалау: оқушылардың сабаққа қатысуына, жауап беруіне қарай бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру: «Тіршілік үшін күрес» тақырыбын оқу, тіршілік үшін күрестің үш тобына кесте жасап, оның әрқайсысына өздеріңе таныс мысалдар келтіріп жазып келу.


Қарап көріңіз

Пікірлер (1)

Димаш

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

×