Сабақ жоспары
Сабақ: 3 Күні: Сынып: 5Т2 |
Мектеп: ХББ НЗМ, Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Мауытова Жаннур Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: |
|||
Бөлім атауы |
Аспан әлемінің құпиялары |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Жұлдыздар туралы аңыз-әңгімелер |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру; ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Тақырып бойынша өтілген сөздер арқылы өз көзқарасын еркін жеткізе алады; Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді орынды қолданып жаза алады. |
|||
Дескрипторлар |
Оқушылардың барлығы тақырып бойынша үйренген сөздерін мақсатқа сай қолдана алады, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажырата алады; Оқушылардың көпшілігі өз көзқарасын еркін білдіре алады, сөйлем түрлерін орынды қолдана алады. |
|||
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология: Аспан әлемі, күн жүйесі, планеталар, ай, галактика, Құс жолы т.б. Оқытудың тілдік мақсаты: Грамматикалық нормаларға сай жазба жұмысын сауатты ұйымдастыра алады, құрылымдалған ой жүйесін нақты жеткізеді. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Идеясын салыстырсақ, тақырып ерекшелігі бойынша, мазмұндық өзгешелігі, салыстырмалы түрде айтатын болсақ, т.б. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Тақырып жөніндегі оқушылардың түсініктерін халықтық аңыздар арқылы кеңейту, адамзаттық ауқымды мәселелерді ойлануға итермелеу, бірін-бірі бағалау арқылы сыни ойлау қабілеттерінің қалыптасып дамуына мүмкіндік жасау. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Астрономия, физика, дүниетаным, фольклор |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта арқылы бейнекөрсетілім көреді, слайдтар арқылы оқылым материалымен танысады. |
|||
Жоспар |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5 минут
Сабақтың ортасы 5 минут
15 минут
3 минут
10 минут
3 минут
Сабақтың соңы 4 минут
|
Берілген суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжату. Санау арқылы сыныпты 4/5 топқа бөлу. http://www.kazmuz.kz/index.php?lang=ka&id=27038 Оқушылар топқа бөлініп жатқанда Н.Өнербаевтің «Ай да күн де жақсы ғой...» әні қосылады. Оқылымалды тапсырма. ТЖ. Миға шабуыл Әр топқа зымыран сұрақтар оқу. (сұрақтар жеңіл болады, ашық сұрақ болуы тиіс)
1-тапсырма. Оқылым тапсырмасы ТЖ Әр топқа оқылым мәтіндері таратылып беріледі. Сол мәтіндерді оқып болған соң, топ мүшелері тұрғызылып, мәтін туралы өз көзқарастарын білдіреді, топ мүшелерінің әрқайсы 2-3 сөйлеммен бірін-бірі жалғастырады, оларға келесі топтардан сұрақтар қойылады, соған жауап беруі керек. 1-топ мәтіні Қазақта Жетіқарақшыға байланысты екі аңыз бар. Біріншісі: Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады. 2-топ мәтіні Қазақ халқы шаруашылық жағдайы түнде көп жүруді қажет етті. Түннің қаншасы өткенін, таңның қашан атуын білу үшін, жер тараптарын айыру үшін малшылар жұлдыздар жүйесін бақылаған. Әлем бейнесінің шеңберінде аспан денелері атауларының берер ұлттық дүниетанымдық ақпараты мол. Мысалы, Жетіқарақшы туралы этимология қалай қалыптасқан екен? Жетіқарақшы. Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы (Большая Медведица). Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдалаған. «Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді. http://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/34411/ 3-топ мәтіні Аңыздардың бірінің сөйлеуінше, күн мен ай - сұлулығы бір-бірімен таласқан екі қыз екен. Десек де, Ай күннен көріктірек болса керек, онысын қызғанған күн бауырының бетін тырнап алады. Ай бетіндегі тыртық дақ содан қалған деседі. Ертеде күн мен ай бір-бірін қатты сүйіпті.Екеуінен туған жұлдыздар олардың балалары болыпты.Олардың бақытын көре алмаған жын-перілер олардың сыртынан өсек айтып, екеуін айырылстырып жіберіпті.Сол күннен бастап ай шұбырған балаларын ертіп күннің сонынан жүреді екен.Бірақ күн оған қарамай кетіп қалады.Сөйтіп үміт оты сөнген ай батып кетеді де, қайттан уміті оянып толады екен.Осы күнге дейін ай шықса күн батып, күн шықса ай батып кетеді екен. 4-топ мәтіні Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. Дескрипторлар Мәтінді түсініп оқи алады; Мәтін жөніндегі өз көзқарастарын білдіре алады.
Кері байланыс: Топтар алдын-ала таратылған жұлдызша жапсырмаларын қай топтың жауабына көңілі толса, сол топтың тақтадағы аспан әлеміне жапсырып кетеді. Егер уақыт жетіп жатса, комментарий бере отырып, жапсыруға да болады(әр топқа алдын--ала тапсырмалар санына орай 2 жұлдызша жапсырмадан беріледі).
2-тапсырма. «Кинометафора» әдісі. ТЖ. Барлық топтарға «Хранитель луны» мультфильмі дыбыссыз режимде көрсетіледі. http://kinoprofi.org/3610-hranitel-luny-2015.html Осы мультфильмнің фрагментіне балалар қазақша дубляж жасауы тиіс. Дубляждың басты мақсаты - топ оқушыларының әрбірінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету әрі тілдік бағдар мақсаты бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолдана отырып, дыбыстау жасау. (яғни кейіпкерлердің эмоциясы мен көңіл күйін дыбыстау арқылы жеткізу)
Дескрипторлар Рольді сенімді дыбыстай алады; Сөз қолданысында сұраулы, лепті, бұйрықты, хабарлы сөйлемдерді қолданады.
Кері байланыс: топтар ЖК бойынша дубляжы ұнаған топтың «аспан әлеміне» жұлдызшасын жапсырады. Комментарий білдіруге болады.
Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады. (Парақшада оқушының не жазуы тиіс екені толығымен көрсетілген). Рефлексия парақшасын жеке оқушыға да, топқа бойынша да толтыртуға болады. |
слайд
Зымыран сұрақтар
Оқылым мәтіндері
стикерлер, «аспан әлемі» қағазы
http://kinoprofi.org/3610-hranitel-luny-2015.html
стикерлер, «аспан әлемі» қағазы
рефлексия парақшасы |
||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы |
||
Қабілеті жоғары оқушылар:
Қабілеті орта оқушылар:
Қабілеті төмен оқушылар:
|
|
|
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрысжүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
||||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Назым
Тамаша
аруна
сабакымды орыдап алдым рахмет
Айым
Көп көп рақмет
жамангул
көп көп рахмет
Асел
күшті ақпараттар
Даяна
Керемет
Жұлдызай
Маған қатты ұнады!
Махамбет
Маған ұнады
Аруна
онша емес
Жансая.
Барлық мәтіндер өте керемет. Аруна сізге аңыздарбың қай жер ұнамады? Дұрыстап оқсаңыз бәрі өте әдемі.
Жансая.
Барлық мәтіндер өте керемет.
Өте тамаша жазялған. Жазған ада дар да кереметекпн. Сіздерге алғысым шексіз
Ақмаржан
Рахмет сізге
Жұлдыз
Рахмет сізге өте керемет
Qwerty
Ote jaksi
сагыныш
Оте керемет болган
Жұлдызай
КЕРЕМЕТ!!!
Нағима
Маған ұнамады
Ая
Керемет!!! Зор.
Мадина
Керемет!☺ Өте жақсы!
Шахмаран
Маған өте керемет ұнады жақсы
Айым
Мында бір алгыс ұнады
Анель
Керемет сөзім жоқ! Тамаша!
Балжан
Өте керемет, тамаша маған қатты ұнады әдемі жазыпты! Бірақтан мен бұл жерден өзіме керегін таба алмадым
Айгүл
Өте жақсы Бірақ мен өзіме керектігін таба алмадым
Зарина
Өте керемет маған ұнады
Myrza
тамаша
Ақлима
Маған қатты ұнайды
Гүлжан
Маған ұнады бірақ мен өзіме керегін таба алмадым білесіздер ме қазақша жұлдыз атауларын басқа тілдердегі атауларымен салыстырыңдар плииз бүгін керек болып тұр
Айша
Өте өте керемет
Назым
Керемет айтарға сөз жоқ