Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Математика 1 А бөлім Сандар туралы ұғым Сандар қайдан пайда болды? |
Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||||||||
Сабақтың тақырыбы: «2 саны мен цифры» |
Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И. |
||||||||
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2 Математикалық тіл, модель |
||||||||
Сабақтың мақсаттары
|
1.5.1.2 сандарды салыстыру кезінде қолданылатын түсініктерді пайдалану 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, бір таңбалы сандарды әр түрлі тәсілдермен көрнекі бейнелеу: нүктелердің, таяқшалардың жиынтығымен, сандық сәуледе және т.б. 1.5.2.3 сандарды қосу мен азайтуды, сандарды салыстыруды (артық/кем), көрші сандарды, сандық аралықтарды және сандар тізбегін бейнелеу |
||||||||
Тілдік мақсаттар |
Сан, цифр, салыстыру, сандық сәуле,таяқша, нүкте,сандар тізбегі. |
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі және әдебиет, Ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс |
||||||||
Бастапқы білім |
1 саны мен цифрымен танысқан. |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы 7 минут |
(Ұ) Ертеңгі шеңбер (Б) Оқушылар шеңберге тұрады, кезекпен саналады.Бірден аттап санайды,өздерінің нөмерлерін атайды.( шеңбердегі балалар біреуі -тұрады келесі -отырады)Тұрған балалар хормен сол сандарды қайталайды. Содан кейін келесі балалар қайталайды. (Б) Санамақты хормен айтады. |
|
|||||||
Сабақтың ортасы 30 минут
|
(Ө) «Өзім жайлы» тақырыбы аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі борларды және т.б. заттарды санатыңыз. Ұлттық киім киген адамдардың киімдеріндегі заттарды санату. Екі затты көрсету арқылы, 2 саны және цифрымен таныстыру. Бірден кейін тұрамын. Сандар іші тұрағым. Бірді, бірге қосқанда Мен иіліп шығамын. Екі аяқпен жүремін, (Ж) Оқушыларға өзі ұнататын түсті заттардың топтамасын табуын сұрау. Оларды санату, оқушылар топқа немесе сыныпқа ұнататын түсі және сол түсті заттың қаншасын анықтағанын айтады. (Ж,Т,Ф) Оқушыларға жұппен немесе кішірек топтарда 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысал келтіру ұсынамын. Мысалы: 1- бөлмедегі мұғалімнің саны болуы мүмкін, 2- оқушының көздері болуы мүмкін және т.с.с. әр санды беттегі қалдырылған орынға сурет арқылы беруге болады немесе оқушылар өз ұсыныстарын айта алады. (Б) Мысал келтіре алмайтын сандарға оқушылардың арасында талқылау пайда болуы мүмкін (осы сандар қайдан пайда болды?). қандай сандарды натурал сандар деп атайтынын түсіндіремін. 0-ден басқа санауда қолдануға болатын заттардың барлығын НАТУРАЛ сандар дейміз. Санау барысында аталатын сандар - натурал сандар деп аталады. (Ж) Жұппен жұмыс Бір –біріне қарай отырып, үстілерінде қандай заттар көріп отыр, олар нешеу екенін анықтайды. Сергіту сәті Сағат болайық. Тик-так, тик- так! Құс болып ұшайық. 1-2-3-4! Балық болып жүзейік. 1-2-3-4! Әтеш болып жүрейік. 1-2-3-4! Доп болып секірейік. 1-2-3-4! Ия, ЖОҚ тапсырмасы |
|
|||||||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Қорытындылау Рефлексия
|
|
|||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі