Қосарал орта мектебінің тарих-құқық пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы Капитал нарығы және табиғи ресурстар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың капитал нарығына деген қызығушылығын арттыру.нарықтық экономикалық жүйе функцияларын тереңдетіп түсіндіру және табиғат ресурстары туралы мәлімет беру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы:
Сабақ презентациясымен бірге жүреді.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды топтарға бөлу 1-2-3 топ
1-топ Ақша
2-топ Өндірістік қор
3-топ Табиғи ресурс
Өткен білімдерін (үй тапсырмасын тексеру.
Еңбек нарығы
1-топ тапсырмасы Дұрыс немесе дұрыс емес
Субьектілердің әрекеті |
Дұрыс |
Дұрыс емес |
Еңбекке сұранысты жұмыс берушілер қалыптастырады |
||
Жалақы жоғары болған сайын жұмыс күшіне сұраныста көбейеді |
||
Жалақы төмен болған сайын жұмыс күшіне сұраныста көп болады |
||
Жалақы жоғары болған сайын еңбек ұсынысы төмен болады |
||
Еңбек ұсынысын тек ірі ұлттық компаниялар қалыптастырады |
||
Нарықтық экономикада жалақыны мемлекет белгілейді |
||
Жұмысшыларды жұмысқа орналастыру үдерісін ұйымдастырумен кәсіподақтар айналысады |
||
Кәсіподақтар қызметкерлердің мүдделерін қорғайды |
2-топ тапсырмасы
Сәйкестендіру
Термин |
Анықтама |
|
Номиналды жалақы |
Адамның еңбек қабілеті,оның өз қызметінде пайдаланатын дене және рухани қабілеттерінің жиынтығы |
|
Еңбек нарығы |
Бұл қызметкерге еңбегі үшін,оның жұмыс күшін пайдаланғаны үшін берілетін төлем |
|
Нақты жалақы |
Ерекше тауар жұмыс күшін сату-сатып алуға байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы |
|
Жұмыс күші |
Бұл-қызметкердің еңбегі үшін алған ақша сомасы |
|
Еңбекке сұраныс |
Халықтың саны және құрамы/жынысы,жасы,білімі,кәсібі,біліктілігі және т.б./сипатталатын жұмыс күшінің жалпы саны |
|
Еңбек ұсынысы |
Еңбек нарығында ұсынылған жұмыс күшіне деген қоғамдық қажеттіліктердің жалпы көлемін бейнелейді |
3-топ сұрақтары
1.Экономикалық ғылым қанша өндірістік фактордан тұрады.Оларды ата.
2.Жұмыс күшінің бағасы.
3.Қызметкерге еңбегі мен жұмыс күші үшін берілетін төлем.
4.Кәсіподақтың мақсаты.
5.Еңбекшілердің неғұрлым бұқаралық ұйымдары.
6.Тауарлар мен көрсетілген қызметтерді өндіретін тікелей субьектілер.
7.Еңбек дегеніміз не?
8.Номинальды жалақы дегеніміз.
9.Еңбек биржасының негізгі қызметтері қалай аталады.
Жаңа сабақтың жоспары:
•Капитал нарығы
•Жинақтар
•Бағалы қағаздар нарығы және қор биржасы
•Несие және оның формалары
•Табиғи ресурстар нарығы
Капитал
лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Капитал әлеуметтік-экономикалык санат ретінде қаралады. К.Маркс бірнеше анықтама келтіреді:
1) Капитал - жүмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты және қоғамның белгілі бір сипатын корсететін оздігінен осіп отыратын құн. Капиталдың осу козі жүмысшьшарға толенбеген еңбек болып саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал — еткен еңбекті қанағандағана барып жанданатын қанаушы секілді ол еңбек
Капитал нарығы дегеніміз-ақша қаражатының қаржы нарығында бір жылдан астам мерзімде айналымға түсетін бөлігі.
Капитал нарығының үш сегменті бөліп көрсетіледі:
1.Капиталдық игіліктер нарығы,бұл жерде өндірістік қорлар сатылады және сатылып алынады.
2.Капитал-көрсететін қызметтер нарығы,мұнда бұл қорлар белгілі бір төлем үшін жалға берілуі мүмкін
3.Несиелік қаражаттар немесе несиелік капитал нарығы.
Инвестиция дегеніміз-пайда табу мақсатында белгілі бір салаларға салым салу.Өндіріске,кәсіпорындарға құрылысқа экономика саласындағы ауылшаруашылығына салым түріндегі шығындар жиынтығы.
Несие /кредит,қарыз/-бұл ақшаны немесе тауарларды қайтарымдылық,ақылы және мерзіміділік шартарымен уақытша пайдалануға берген кезде әр түрлі заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Бағалы қағаздар
Құнды қағаздар сатып алатын әрбір адам,жалпы айтқанда, өзінің болашағына инвестициялайды. Және инвестициялауды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым ұтады.
Дегенмен, қандай да бір жұмсалмаған қаражат қалса, заттар, тұрмыс құралдарын немесе автокөлік сатып алғаннан гөрі, белгілі бір табысты қазақстандық компанияның акцияларын немесе облигацияларын сатып алған жөн.
Сатып алған кез–келген затыңыз уақыт өте келе жарамайтын болып қалады немесе үнемі жөндеуден өткізуді қажет етеді. Ал қағаздардың қымбаттай түсетін қасиеті бар, олар өзінің иесін және оның ұрпағын байытады.
Құнды қағаздарды екі негізгі категорияға бөліп қарастыруға болады: үлестік (акциялар) жне қарыздық (облигациялар).
Үлестік құнды қағаз – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда өзінің иесінің мүліктен белгілі бір үлесін растайтын құнды қағаз.
Қарыздық құнды қағаздар — эмитенттің (қарыздардың) осы құнды қағаздарды шығару талаптарымен негізгі қарыз сомасын төлеу туралы міндетін растайтын құнды қағаздар.
Қор биржасы — бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
• қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
— өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын
несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырлан-дыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өн-дірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Топтық тапсырма
1-топ
Жинақтар
2-топ
Несие және оның формалары
3-топ
Бағалы қағаздар нарығы және қор биржасы
Несие түрлері
Несие формалары |
Коммерциялық |
Банктік |
Халықаралық |
Ипотекалық |
Тұтынушылық |
Мемлекеттік |
Өндірісі факторы ретінде жерде мынадай ерекшеліктер бар:
1.Жердің мөлшері шектелген
2.Жер адам еңбегінің өнімі емес.
3.Жер орнын ауыстыруға көнбейді.
4.Ұтымды пайдаланған кезде тозбайды,сондай-ақ өз өнімділігін арттырады.
Қазақстан Республикасында жерге меншік мынадай болады:
1.Мемлекеттік /субьектісі-Қазақстан Республикасы/
2.Жекеменшік/субьектісі-азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар/
Жер ұсынудың ерекшелігі оның мөлшерінің шектеулі екендігі болып табылатындығында,өйткені адамдар жаңа жерлерді жасай алмайды,оның мөлшері табиғатпен берілген.Жерге ұсынысқа әсер ететін негізгі факторлар жердің мөлшері мен сапасы,яғни оның құнарлылығы мен орналасқан жері болып табылады.
Жерге сұраныстың ерекшелігі шаруашылық айналымына пайдалаушылар көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда ең жақсы жер телімдерінің/құнарлылығы,орналасқан орны басқа да пайдалы сипаттамаларының содан кейін орташа және нашар жер телімдерінің тартылуы болып табылады.
|
Ақшамен және бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын үкіметке,кәсіпорындарға,азаматтарға қаржылық қызмет көрсететін ақша несиелік институт |
|
Мемлекеттік ақша кредиттік жүйесінің негізгі буыны,айналыстағы ақшамен ұлттық валютаны алмастыру мүшін үкімет құрған. |
|
Мемлекеттің халыққа және жеке бизнеске беретін қарызы |
|
Сауда кәсіпорындарымен халыққа бөліп төлеуге сатқан тауарлары түрінде және көрсетілген қызметтерге төлем жасау үшін беріледі. |
|
Ақшаны немесе тауарларды қайтарымдылық,ақылы және мерзімділік шарттармен уақытша пайдалануға беретін қатынастар жүйесі |
|
Бағалы қағаздардың қалыпты айналасының қажетті жағдайларын қамтамасыз еттеін,ақпарат жинайтын таратын ұйым |
|
Банктердің жылжымайтын мүлікті, негізінен, жерді, құрылыстарды, ғимараттарды кепілдікке алумен жеке тұлғаларға беретін ақшалай қарыз |
|
Банктердің шаруашылық жүргізуші суьбектілерге ақшалай қарыздар беруі. |
|
Табыстардың белгілі бір уақыт кезеңінде пайдаланылмаған бір бөлігі |
|
Табиғи ресурстардың аса маңызды түрі |
Инвестиция
Суреттегі сұрақтарға жауап беру арқылы.инвестиция салады
Сабақты қорытындылау:
Елбасының 2017 жылы қаңтарда жолдаған жолдаудағы 4 ші басымдықпен қорытындылау
Бағалау:Суретте берілген шетелдік купюралармен бағалау
Үйге тапсырма:23 параграфты оқу
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі