«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары
Мектеп: №142 жалпы білім беретін мектеп
Мерзімі: 10.10.2016
Мұғалім: Садыкова Галия Ахметовна
Сынып: 3 «А»
Оқушы саны: 25
Тақырыбы: Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: тіл алғыш болу, дұрыс тамақтану, ұқыптылық
Сабақтың мақсаты: Мақсаты: Оқушыларға астың адам өміріндегі маңызы,адам ағзасындағы асты қорытып,сіңіруге қатысатын мүшелер,олардың үйлесімді қызметі туралы түсінік беріп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіру; Сабақтың міндеттері: 1. Тамақтану ережесі, оны ұстанудың адам денсаулығын сақтаудағы маңызы туралы біліктерін қалыптастыру; 2. Тазалықты сақтауға, ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу; 3. Дүниетанымдарын кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, дұрыс тамақтануға үйрету; |
Ресустар: (материалдар, көздер) |
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) І.Ұйымдастыру кезеңі. 5Т ережесімен таныстыру 1. Тәртіп Тыныштық сәті: Нұрға бөлену 2. Үй тапсырмасы. Тыныс алу мүшелері Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру: 1.Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан? Ол қандай қызмет атқарады? 3. Дәйек сөз: «Асқазанды артық жеген ас бұзады» Халық мақалы |
Ескерту |
Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) Ас қорту жолы ауыз қуысынан басталады. Мұнда асты шайнап, тістердің көмегімен ұсақтайды. Ауыз қуысынан бөлінетін сілекей асты ылғалдайды да, тіл арқылы араластырып жұтады. Жұтылған ас жұтқыншақтан өңешке өтеді, одан әрі қарынға түседі. Қарында асқазан сөлінің көмегімен астың көп мөлшері қорытылып, одан ұзын жіңішке ішекке өтеді. Ас қорыту мүшелері: ауыз қуысы, өңеш, жұтқыншақ, асқазан, ішек, бауыр жатады.Осы мүшелер қатысқанда ғана, біздің ас қорытылуымыз дұрыс болады. Сол сияқты біздің де бойымызда ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау құндылықтары болғанда ғана рухани биік тұлға бола аламыз. Ішкен асымыз ұйқы безінен бөлінетін сөл арқылы қорытылып, сұйық, ерімтал күйде ащы ішек қабырғаларынан қанға өтеді. Ол қан тамырларымен дененің барлық мүшелерін қоректендіреді. Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығарылады. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, ұқыптылықпен дұрыс тамақтануымыз керек. Ата-анамыздың айтқанын тыңдамай мезгілсіз тамақтансақ, тамағымыз дұрыс сіңбей, небір ауыруларға тап боламыз. Сол себептен күн сайын белгілі бір мезгілде тамақтанғанымыз жөн. Сондықтан денсаулығымызды сақтап дұрыс әрекет жасауымыз керек. Шығармашылық жұмыс. 1 топ. Ас қорыту мүшелері атаңдар. |
|
Сабақтың қортынды сәті. Балалар денсаулығымызға қарап, ұқыпты болып, тамақтану ережесі мен гигиенасын сақтап, дұрыс әрекет жасайық. Балалар осымен сабағымыз аяқталды, бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізде сақтаңыздар. |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі