Өлең, жыр, ақындар

Торғай. Жүсіпбек Аймауытов

Ақтөбе қаласы
№15 орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі
Мамбетниязова Даригул Карагуловна

Cабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Сабақтың мақсаты:

1. Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету;
2. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;
3. Мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тапсырмалар беру, әңгімелеу, топтау

Көрнекілігі:  Ж.Аймауытов суреті, өмірі, үнтаспа,  торғай,  жылан суреттері, сөзжұмбақ., шығармашылық тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз
- Ана тілі сабағында үнемі кімдермен танысамыз?
- Олай болса, осы ақын – жазушылардың атымен топқа бөлінесіңдер.
І - топ: С. Сейфуллин
ІІ - топ: А. Құнанбаев
ІІІ - топ: А. Байтұрсынов
ІҮ - топ: Ы. Алтынсарин
Енді топтың ережелерін еске түсірейік
1. Мұғалімді тыңдау.
2. Сабақта тыныш отыру.
3. Бір - бірімізді дұрыс тыңдау.
4. Топпен жұмыс жүргізу.
5. Толық жауап беру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ы. Алтынсарин «Өзен»
І - топ. Автор туралы мәлімет беру.
ІІ - топ. “Өзен”өлеңін мәнерлеп оқу
ІІІ - топ. Өлеңнің мағынасын ашу
ІҮ - топ. Қазақстанда қандай өзендер бар?
- Балалар, әр заттың өзіне тән үні, дауысы, дыбысы болады. Өзеннің сарқырап, дүркіреп ағатынын білдік. Ал, мына дыбыс ненің дауысы екен тыңдайықшы. (үнтаспадан құстардың дауысын тыңдау)
- Елімізде құстардың неше түрі бар? (480 - 500 түрі бар)
- Олай болса, құстарға байланысты сөзжұмбақ шешіп көрейік.
ІІІ. Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шешу.
1. Көктемгі еңбек туралы жырлаған өлеңді ата? (Қ. Аманжоловтың «Көктем» өлеңі )
2. С. Сейфуллиннің қайыңға, терекке, желге қатысты қандай өлеңі бар?
(«Орман»)
3. Қуанышты күннің, жаңа жылың құтты болсын қазақ! – деген жолдарда қандай мейрам айтылған? ( Наурыз)
4. Бізді қоршаған ортаны не дейміз? (Табиғат)
5. «Көктем» сәні ертегісінде «Көктем сәні – жасыл желек» деген қай кейіпкердің сөзі (Ақбөкен)
6. Жаңбыр өлеңінің авторы кім? ( Майлин)
- Балалар, ерекше торкөздерден қандай сөзді көріп отырмыз? Торғай туралы не білесіңдер?

Торғайлар  – құстар тобына жатады. Торғай-сүйір тұмсықты кішкене құс.Олар ұсақ жәндіктермен,өсімдік дәндерімен,тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Африка, Еуропа мен Азияда кең таралған,  Көпшілігі – отырықшы, кейбіреулері – жыл құстары. Ұзындығы 12 – 15 см. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады.

Ендеше, бүгін Ж. Аймауытовтың «Торғай» мәтінімен танысамыз.
ІҮ. Жаңа сабақ:
Жүсіпбек Аймауытов - қазақтың аса көрнекті жазушысы. (1889 - 1931) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында дүниеге келген. Алғаш өлеңін 13 жасында жазған. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша - қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, 1918 жылы аяқтайды. Шымкент педагогика техникумында директор болып істейді «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнекейдің жазығы», «Жаман тымақ», «Шернияз», психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған.
Ү. Оқулықпен жұмыс
- Балалар, мәтінге қарайықшы, мәтін неше бөлікке бөлінген? (төрт)
(Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқу)
- Әр топ бір бөліктен оқып, түсінгендерін айтады және ат қояды.
І - топ. Торғайдың шырылы.
ІІ - топ. Сұр жыланның арбауы.
ІІІ - топ. Ақбілектің көмегі.
ІҮ - топ. Ақбілектің қуануы
ҮІ. Ой қозғау
1. Мәтінде неше кейіпкер бар? (үш)
2. Ақбілектің сұр жыланды өлтіргені дұрыс па? (Әр топтан бір оқушы өз ойын айтады)
3. Суретпен жұмыс:
Суреттен не көріп тұрсың? Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.
ҮІІ. Сергіту сәті
ҮІІІ. Дәптермен жұмыс

Венн диаграммасы Торғай мен жыланды салыстыру
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс:
Топтық жұмыс жүргізу:
1 - топ. Сабақта алған түсініктерін пайдалана отырып, құстар тіршілігі туралы шағын әңгіме жазу.
2 - топ. Құстар туралы өлең шумағын құрастыру.
3 - топ. Торғайдың суретін салу.
(жұмыс жасай отырып, құс дыбыстары қосылған әсем әуен тыңдау).

4-топ.  Құстар туралы жұмбақтар, мақал - мәтелдер жазу.
ІХ. Қорытынды:

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),
Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез  болуға …. (болмайды),
Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады),
Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады),
Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды),
Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады),
Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл  болуға …. (болады),
Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады),
Жаман болуға …. (болмайды),
Айтпақшы,
Жаман болуға ….! (болмайды).

- Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер және нені білгілерің келеді. Бұған дейін нені білетін едіңдер?
1. Білемін.
2. Нені білдім?
3. Нені білгім келеді?
- Балалар, жаңа сабақ сендерге ұнады ма?
- Егер ұнаған болса, орындықтарыңның артында алмалар жапсырулы тұр. Алмаларды алып, «ұнады» немесе «ұнамады» деп жазып, тақтада тұрған «көңілді» және «көңілсіз» смайликтерге жапсырамыз.

Х. Үйге тапсырма: 1. мәтінді оқу, әңгімелеу, суретін салу.
Бағалау.

Торғай йй

Торғай - кішкентай, шырылдайды, дәрменсіз.

Жылан

Жылан - улы, түсі суық, құстардың жауы, басы найзадай.

Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады?

1. Торғайдың аянышты халі.
2. Жыланның күш көрсетуі.
3. Ақбілектің көмегі.
4. Ақбілектің торғайды аман алып қалуы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз