Өлең, жыр, ақындар

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы

Сабақтың тақырыбы:

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы

Мұғалімнің аты-жөні: Қозыбекова Дүйсенкул Жумановна

Күні: 19.01.2018

СЫНЫП: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру

7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда  қолдану.

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайды.

 Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.     Фиизикалық ұғымдармен таныстыру олардың мағынасын ашу.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.Есептер  шығарып,   формулаларды  меңгереді.

Бағалау критерийі

Тақырыптың жалпы мағынасын айту.

Анықтамаларды жатқа айту

Формулаларды меңгеру

Өлшем бірліктерді түрлендіру

Тілдік құзіреттілік

Қысым, Паскаль заңы, цилиндр

Ресурстар

Түрткі сұрақтар парақшасы, «Қар үйіндісі» әдісі

«Сақина салмақ» ойыны

«Кім жылдам?» әдісі

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, химия, геометрия.

Алдыңғы оқу

Қатты денелердің қысымы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Басталуы

3  минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Сандар бойынша топтарға бөлу

1,2,3,4,5,6

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Жылы лебіз» тренингі

мадақтау

Үй  тапсырмасын  пысықтау

10 минут

 

 

 

 

«Қар үйіндісі» әдісі

Қысым деп нені айтады?

 

Қысымды қалай анықтайды?

 

Қысымның формуласы?

 

Қысымның қандай бірліктерін  білесіңдер?

 

Шаңғысыз жүрген адам неге қарға  омбылайды?

 

1 Па неге тең?

 

Қатты дененің қысымы қалай  беріледі?

 

Әр оқушы сұрақ  бойынша емес,  тапсырма  бойынша  бағаланады.

Жаңа білім

8 минут

 

Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты емес, жан–жаққа бірдей таратады.

P=pgh

Алынған формула сұйықтың қысымының ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайды, тек қана биіктікке және судың тығыздығына тәуелді болады.

Оқулық, сұрақтар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

«Сақина салмақ» ойыны арқылы жаңа сабақты пысықтау.

Әр топта оқушының қолына сақина салу мақсатында сұрақтар тарқатылады. Топтағы дайын оқушы  жауап береді.

 1. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді?

 2. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?

 3. Сұйықтар мен газдардың қысымы қандай формуламен анықталады, ол қандай шамаларға  тәуелді.

 4. Әр түрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыс түбіне түсіретін қысым күші бірдей бола ма?

 5. Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді.

Кеспе қағаздар

Бағалау

 

7 минут

 

 

 

 

 

Кері байланыс

2 минут

Әр топ «Кім  жылдам» әдісі бойынша есптер шығару

 1. Керосиннің 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар?

 2. Теңіздің 10900 м тереңдіктегі қысымын есептеңдер. Судың тығыздығы 1030 кг/м3

 3. Адам суға 9 м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін қысымды  есептеңдер. Судың тығыздығы 1030 кг/м3

 4. Деңгейі түбінен 9,5 м мұнайдың қысымын есепте.

 5. Тығыздығы 1800 кг/м3  сұйықтың деңгейі 10 см цилиндрдегі қысымы қандай болады?

Қандай физикалық шама?

P

p

g

h

F

S

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітаппен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А-4  парағы.

Қосымша ақпарат: Оқушылар сұйықтар мен газдардағы түсірілетін қысымды біледі. Өлшем бірлігін біледі. Формуласын меңгереді.   Физикалық шамаларды талдайды.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушыларды балдық жүйе бойынша  бағаладым. Сабақта үш тапсырма орындаса – «5»

Екі тапсырма  - «4»

Бір тапсырма - «3»

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

 

Сабақ мақсатына жетті.

 

Оқушылар Оқушылар сұйықтар мен газдардағы түсірілетін қысымды білді. Өлшем  бірлігін білді. Формуласын меңгерді. Физикалық шамаларды талдады.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушыларға қызық болды. Сабақ түрленіп өтті.

Уақыт ішінде үлгердім. Себебі уақыт белгіленіп алынған.

 

Қорытынды бағамдау

 Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 1: топпен жұмыс

 2: бағалау критерииі

 Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 1: «Сақина салмақ» ойыны

 2: «Қар үйіндісі» әдісі

 Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз