Орал қаласы
Орал гуманитарлық колледжі
Информатика пәнінің жоғары санатты оқытушысы
Шоныраева Алия Рамазановна
/тәрбиелік шара/
Тәрбиелік шараның мақсаты:
Білімділігі: Бітіруші түлектерге кәсіби біліктілікті қалыптастырудағы әдіскер мен студент арасындағы ынтымақтастықты айқындау, педагогикалық үрдістегі өзара қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру;
Дамытушылығы: Білім алушыларға инновациялық ой-сана қалыптастыру, олардың инновациялық (жаңашыл) қызметін жүзеге асыру, ХХІ ғасыр мұғалімінің бейнесін даярлау;
Тәрбиелілігі: Білім алушыларға педагогикалық үрдістегі педагогикалық әдептіліктің өзіндік ерекшелігін қалыптастыру.
Тәрбиелік шараның түрі: Пікірталас.
Тәрбиелік шараның әдісі: Пікірлесу, сұрақ-жауап, ой-қозғау.
Тәрбиелік шараның көрнекілігі: Студенттердің әдістемелік папкалары, оқулықтар,дидактикалық материалдар, кітап көрмесі.
Тәрбиелік шараның техникалық құралдары: Интерактивті тақта.
Тәрбиелік шараның жоспары:
Кіріспе сөз:
Диплом алдындағы практика колледж түлектерін кәсіптік мамандыққа дайындаудағы болашақ мұғалімдерді өз беттерінше мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарына араласуға жіберетін қорытынды кезең болып табылады. Колледж студенттері әр сыныптар бойынша дайындаған күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, практика өтетін мерзімнің әр аптасындағы үлгі жоспар-конспектілерін,кестелер,үлестірмелі топшамалар, көрнекіліктер, үнтаспа, әр сабақ соңында жүргізілетін танымдық материалдар, тестілер жинағы,сөзжұмбақ, бейнесөз, мақал-мәтелдер және т.б. көптеген қосымша материалдарын практика портфолиосына жинақтайды. Ата-аналар жиналысын өткізуге баяндамалар әзірлейді. Педагогикалық шеберлікті және әдептілікті оқушылармен қарым-қатынас кезінде жүзеге асырады.
Кестемен жұмыс:
Бүгінгі студент |
Ертеңгі маман |
Мен қандаймын? |
|
|
|
Баланың тұңғыш ұстазы – оның мектеп табалдырығын алғаш күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Оқушының сабақ алған мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстазға саналады. Бірақ бұл жерде ұстаз сөзі мұғалім, оқытушы, ғылыми жетекші деген сөздерге әсте толық мағыналас болып шыға бермейді.
Б1 бағыты
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы – жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: Мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насихаттаушы; өз кәсібіне жан – тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік – педагогтік бағыттар. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстамдылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік.
Б2 бағыты
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіресе педагогтың іздемпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етеді. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта – ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды. Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты.Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн.
Балаға сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін өзі кінәлауға тиіс» - деп жазды. Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнін көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаларға әсер ету қабілеті.
Психологиялық–педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрін бөліп көрсетті.
- Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскекрлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
- Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, биология, тарих, т.б) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу.
- Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.
- Ұйымдастырушылық қабілет – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу – тәрбие процесін дұрыс ұштастыруы, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата – аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғаліснің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
- Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым – қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
- Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
- Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан–жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.
Б3 бағыты
Белгілі педагог Ш. А. Амонашвили мұғалімнің оқушымен қарыма қатынасын зерттей келіп, оны мағыналы етудің басты шарттарын атап берген.
1.Оқытуды және мектептегі басқа жұмыстарды оқушылардың қызығушылығы тұрғысынан басқару. Психологиялық дидактикалық талап бойынша оқушы ұсынылатын оқу мазмұнына, құралдарына мән беріп, оны тануға әрекет жасауы керек.
2.Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен болашағына үнемі сеніп отыру.Мұғалім әр уақытта мүмкіндіктеріне сенеді, оның дамуындағы кейбір ауытқуларды оқу – тәрбие жұмысында жіберілген қателік деп түсінеді.Бұл тұста ескеретін жағдай, оқушы өмірінде болатын сәтсіздікті қабілетсіздіктің нәтижесі деп қарау орынсыз.
3.Оқушылармен оқыту процесінде ынтымақтасу.Баланы оқуға машықтандыру мұғалімнің олармен ынтымақ жасауына байланысты.Ынтымақ деп отырғанымыз – мұғалім мен оқушының оқу материалын меңгеруге әрекеттерін бағыттауы, яғни, ортақ «тіл» табысу.
4.Оқушыларға әдепті болу, олардың ар – намысын құрметтеп отыру.Мұғалімнің оқушыларға әдепті болуының екі жақты ықпалы бар.Біріншіден, өзара сыйласудың жалпы мәнін және оқу – таным әрекетінің зорлықсыз екенін көрсетеді.Екіншіден, оқушыларға сыпайлықты және қоғамға қажетті тәртіпті қалыптастырады.
Б4 бағыты
Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар:Кәсіптік білім, біліктілік, дағды, ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіру.
Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқыту – тәрбиелеу жұмыстарының нәтижесін, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп оқыту, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтік оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.
Егер кез келген мұғалім ынта–ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Қорытынды:
Жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан-жақты дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершіліктің басты мақсаты.Осындай қасиеттерді бала бойына қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі