Петропавл қаласы М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің
математика пәні мұғалімі Билялова Малика Сакеновна
«Математикалық турнир» атты интеллектуалдық ойын
Қатысушылар: 5Ә-5А сынып оқушылары
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шындау, оқушылардың математикаға қызығушылығн арттыру.
Түрі: топтық сайыс
Ойын жоспары:
І тур – «Блиц сұрақтар»
ІІ тур –«Кім жылдам»
ІІІ тур – «Сиқырлы сандар»
ІVтур – «Капитандар сайысы»
Vтур – «Жаңылмаймын»
VI тур – «Көрермендермен ойын»
Айжан:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!
Қайырлы күн қадірменді оқушылар мен мұғалімдер! МИФ онкүндігі аясында 5 сыныптар арасындағы өткізілетін «Математикалық турнирге» қош келдіңіздер.
Бүгінгі «Математикалық турнир» атты интеллектуалдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!
Малика:
Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік!
Ойын барысы
Айжан:
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен, - деп бірінші турымызды бастаймыз.
Бірінші тур – «Блиц сұрақтар» деп аталады. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Тез жауап берулеріңіз керек. Қалған топтар өз мезетін күтеді. !Әділ қазылар алқасы мұқият болыңыздар!
I топқа арналған сұрақтар:
1.Тәуліктің 24-тен 1-і? 1 сағат
2. Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м
3. 16 нешенің квадраты? 4 санының
4. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 100
5. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? 100 теңге
Малика:
ІІ топқа сұрақтар
1. Тәуліктің 6-дан 1-і? 4 сағат
2. Қайсысы үлкен 2 кг немесе 2000 грамм? тең
3. 8 саны нешенің кубы? 2-нің
4. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қояды. Үстелде неше стақан бар? 3 стақан
5. 1 т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? Бірдей
Айжан:
ІІІ топқа сұрақтар
1. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 50
2. Бір жанұяда 4 қыз бар, әр қыздың бір інісі бар. Жанұяда неше бала бар? 5
3. 4-тің кубы неге тең? 64 саны
4. Ең үлкен уақыт өлшемі? Ғасыр
5. Өзара кері сандардың қосындысы неге тең? 1-ге
Малика:
Топтарға рахмет, ал келесі ІІ-ші турымыз – «Кім жылдам» деп аталады. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманыең бірінші және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.
Сандардың орналасу тәртібін өзгертпей, сандардың арасына таңбаларды қойған кезде, нәтижесінде 1 шығатын болу керек. Орындалған тапсырмаларыңызды әділ-қазылар алқасының көмекшілері арқылы беріп жіберулеріңізді сұраймын.
1 2 3
1 2 3 4
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5 6
Айжан:
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз,- деп келесі турға көшеміз. Келесі турымыз – «Сиқырлы сандар» туры. Бұл турымызда оқушыларға тапсырма беріледі. Бұл тапсырмалар сиқырлы сандарды дұрыс қою арқылы орындалады. Көмекшілерді тапсырманы таратуды сұраймын.
1-ден 9-ға дейінгі сандарды түзу бойымен қосқанда нәтижесінде 15 (1 фигурада) және 17 (2 фигурада)сандары шығу керек.
Малика: Әділ қазылар алқасы топтардың тапсырмасын тексеріп жатқанда, біз келесі турымызды бастаймыз. Келесі турымыз – «Капитандар сайысы». Топ капитандарын ортаға шақырамыз. Сіздерге тапсырма беріледі, сіздер оны орындап жатқан кезде, топ мүшелеріне бөлек тапсырма беріледі.
«Капитандар сайысы»
1 тапсырма: Жасырынды санды табыңдар
2 тапсырма
Айжан:
Капитандар мен топ мүшелеріне рахмет, әділ қазылар алқасы тапрсымаларын бағалап жатқанда біз келесі турымызға көшеміз. Келесі турымыз – «Жаңылмаймын» деп аталады. Әр топтан 3 оқушыны шақырамыз ортаға.
Келіңіздер!
Ойынның шарты мұндай: барлық қатысушылар бір қатарға тұрады. Сигнал бойынша ең бірінші оқушыдан бастап кезекпен 1- ден 30-ға дейін санау бастайсыздар. 3 санына аяқталатын, және 3 санына бөлінетін сандарды атауға болмайды. Осы санды айтуға тиісті қатысушы, орнында бір рет секіреді. Қателескен адам ойыннан шығып қалады және санау басынан басталады. Ең соңыңда қалған оқушыны жеңімпаз болып саналып және оның тобына 5 ұпай қосылады. Егер ойынның шарты түсінікті болса, онда ойынымызды бастаймыз.
Малика:
Ал біздің жеңімпазымыз - _____________. Рахмет саған, орныңа отырағой.
Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Ойынның шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет. Дұрыс жауапты айтқан көрермеңге медаль беріледі.
Жасырылған сөздер:
1. Турист
2. Боран
3. Піл
4. Көзілдірік
5. Қағаз
6. Компьютер
7. Жауын
8. Кәмпит
9. Мұғалім
10. Гүл
11. Кинотеатр
Айжан: көрермендерге көптен көп рахмет. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі.
Малика:
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Құрметті мұғалімдер, 5 сынып оқушылары! Бүгінгі
«Математикалық турниріміз» аяқталды, сіздердің уақыттарыңызды бөліп, ойынымызға қатысуларыңызға үлкен рахметімізді айтамыз. Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!
Жанар
Керемет
Айгуль
Өте керекмет құрастырылған сабақ
Myrza
Өте керемет
Сара
Жақсы құрастырылған сабақ