Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі жанындағы
«Балбөбек» шағын орталығы
Тәрбиеші: Убишева.Э.Б.
«Қауіпсіздік ережелері» (ойын сабақ)
Білім беру саласы: «Таным»,
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Қауіпсіздік ережесі»
Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Көрнекілікітер: дәрілік, ұшы өткір, сіріңке т.б. заттар, слайд, үлестірмелі материалдар, қарындаштар, суреттер.
Сөздік жұмыс: қауіп, қауіпсіздік.
Билингвальді компонент: қауіпсіздік ережелері – правила безопасности, қайшы-ножницы- скисорс, сіріңке-спички- матчс, ине-иголка-нидлс, от – огонь, пышақ-нож, балта – топор
Іс-әрекет кезеңдері
Ұйымдастыру-іздестеру
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен. Бәріміз алдымен қонақтармен амандасайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
- Сәлеметсіздер ме!
- Балалар бүгінгі күніміз ерекше болмақ, себебі кауіпсіздік ережелері туралы айтамыз.
Тосын сәт:
- Балалар кәне құлақ салайықшы біреу есік қағып тұрған сияқты, қәне қарап көрейік.
Ішке жылап Буратино кіреді.
- Буратино сен неге жылайсын? - қолымды пышақ кесіп кетті.
- Қалай ойлайсыздар Буратино неліктен қолын кесіп алды?
- Ия себебі пышақ қауіпті, Буратино қауіпсіздік ережесін сақтамаған.
- Буратино сенде қонақ бол қауіпсіздік ережесін үйрен.
- Балалар мен сендерге мына Буратино сияқты қауіпсіздік ережесін сақтамаған ертегі кейіпкерлерін жасырамын, ал сендер тауып көріңіздер.
1. Қай ертегі кейіпкері үлкендердің ұрықсатысыз терезеден орманға жалғыз кетеді? (Бауырсақ)
2. Ал мына ертегі кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды, себебі олар оған есік ашады. (Жеті лақ ертегісі)
3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін қауіпті жағдайға ұшырайды, ол кім? (қызыл телпек)
- Ия балалар бұл кейіпкерлер нені сақтаған жоқ?
- Дұрыс қауіпсіздік ережесін сақтамаған үшін не істеді олар?
Өте керемет, рахмет
- Тағы қандай қауіпті заттарды білесіздер? - пышақ, қайшы, балға, дәрі дәрмек, ине, сіріңке т.б
- Ол құралдар қайда тұру керек?
- Ия дұрыс айтасындар, әр қайссысының өз орындарында тұру керек.
- Ендеше «Өз орнына қой» ойынын ойнайық
Рахмет сендерге балалар.
- Ендігі кезекті жұмбақтарга берейік
- Келісесіздер ме?
Аузы жоқ, сөйлейді,
Көзі жоқ, көрсетеді. (Теледидар)
Өзі күнде шаң жеген,
Шаң жеп әбден дәндеген. (Шаңсорғыш)
Көйлек қыртыс-қыртыс
Ол жүріп өтсе теп-тегіс (Үтік)
– Өте керемет, бұл заттарды тұрмыстық техникалар дейміз.
– Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек? (балалар жауабы)
– Дұрыс айтасыңдар, электрқұрылғыларды сөндіру керек.
– Себебі олар өте кауіпті , өрт шығуы мүмкін
– Ал өрт шыққан жағдайда қай номерге қоңырау шаламыз? - 101
« Ұйқасын тап» ойыны:
• Бір, екі, үш, төрт, үйде болып жатыр …….(өрт)
• Түтін басып кетіпті, сөндірмеген біреу……(үтікті).
• Қызыл жалын лаулады, демек сірінкемен біреу…….. (ойнады)
• Тек тұрғаның жарамас, тез 101 ге сен …… (хабарлас)
• Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні тез…….( шақыр)
- Ал сендер кауіпсіз электротоғын білесіздерме?
- Ендеше зерттеп көрейік (зерттеу жұмысы жүреді, қағаз көбелектер)
- Көрдіңдерме балалар элекктротоғының қауіпсізі де болады екен.
Жақсы балалар біздер бір неше кауіпті және қауіпсізде заттарды үйрендік,
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Иелеміз оңға бір,
Иелеміз солға бір.
Жоғары қолды созамыз,
Біз тынығып отырамыз.
Жұмбақ:
Үш көзді батыр
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл, сары, жасыл. Бұл не? (Бағдаршам)
Ал жол ережесін, көше қауіпсіздігін білесіздерме?
- Үлкен қалаларда көше ережесін қалай сақтап жүреді?
- Ия бағдаршам және белгілер болады, соған қарап адамдар, көліктер жүреді.
- Мына белгілерді білесіздерме?
- Белгілер нені білдіреді?
Слайд көрсету
Қорытынды:
- Егер өрт шықса қайда хабарлаймыз? - 101
- Егер үйге бөгде адамдар кіріп бұзақылық жасап жатса? - 102
- Егер бір жерімізді жарақаттап, ауырып қалсақ қайда хабарласамыз? - 103
- Бағдаршамның қызыл көзі жанса?
- Жасыл көзі жанса?
- Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүруге…..?
- Үлкен адамдарға жолдан өтуге көмектесуге......?
- Өте жақсы рахмет, осы өткен қауіпсіздік ережелерін сіздер сақтап жүреді деп ойлаймын.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы.
Түсінеді: Үшкір заттармен, отпен ойнамау керектігін.
Қолданады: қауіпсіздік ережелерін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі