Өлең, жыр, ақындар

«ЭКСПО 2017» – балалар көзімен!

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№1 "Ақбота" балабақшасы
тәрбиеші: Атагалиева Жумакул Бектургановна

Мақсаты: 

- Балалардың Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

- Рәміздерді білуге үйретуді  жалғастыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Сурет салу арқылы балалардың  эстетикалық сезімін, шығармашылық қиялын дамыту.  

- Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Табиғатты аялай  білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ғажайып сәт, мнемокесте, картоп бастырмасы, граттаж әдісі.

Көрнекілігі:  слайд, видеоролик, гуашь, сүрткіш, қылқалам, тұз, картоп.

Сөздік жұмыс: көрме, хат, Отан.

Билингвиальді компонент: көрме-выставка, хат-письмо, Отан-Родина.

Шаттық шеңбері.

Армысың, қайырымды Аспан Ата!
Армысың, мейірімді Жер-Ана!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Армысың, тәуелсіз елім менің!

- Жарайсыңдар, балалар.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір жылдың күз мезгілі.

- Далада ауа-райы қандай?

- Күн салқындай бастады, жапырақтар түсе бастады, адамдар жылы киіне бастады т.б.

- Жарайсыңдар, балалар.

- Балалар тақтаға қарайықшы. Суретке қарап өлең шығарып көрейікші.

«Күз»

- Балалар біз тұратын мемлекет қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.Ол біздің отанымыз, туған жеріміз.

- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

- Астана қаласы.

Онда түрлі ғимараттар бой көтерген.

- Бәйтерек, Ақ орда Ханшатыр.

Қазақстан Республикасының рәміздерін айтып беріңдерш.

- Ту, елтаңба, ән ұран.

- Өте жақсы.

- Мемлекетіміздің елбасы кім?

- Н.Ә.Назарбаев.

- Туған жер, Отан туралы тақпақ, мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.

Мақал-мәтел.

Отан оттан да ыстық

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Туған жердің түтіні де ыстық

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Туған жер- тұғырың

Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем.
Осы менің туған өлкем!

Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.

Жайдарлы жерім бар,
Өрісті елім бар.
Ерлікке баулитын,
Егемен елім бар.

Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң.
Отан - аудан, ауылың.

Кең жазық Отан мекенім
Сенде өсіп көктедім
Сені қорғау парызым
Мұны біліп өтемін.

Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең
Қазағымның даласы

Туған елім - гүл елім
Қасиетіңді білемін
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан-өлең, Отан-жер,
Көтерген көкке ел даңқың.

- ЭКСПО туралы мағұлымат беру.

- Ғажайып сәт: Сәуле, Қуат, Мөлдір қонаққа келеді.

Бізге хат әкеліпті.Оқиықшы. (Хатты ашу)

-  Балалар, Айжұлдыз бен Төре бізге хат жолдапты. Сендерге оқып берейін.

«Құрметті «Ақбота» балабақшасы №5 «Аққу» ересектер тобының бүлдіршіндері! Биыл елордамыз Астана қаласында «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі өткелі жатыр. Осы көрмеге шығармашылық жұмыстарыңды жіберіңдер. Сендердің шығармашылық жұмыстарыңды дүниежүзінен келген қонақтар көретін болады»

Ізгі ниетпен Айжұлдыз және Төре.

 «ЭКСПО» көрмесі дегеніміз ол не, балалар?

Ендеше, «ЭКСПО-2017» көрмесі жайлы бізге «Айжұлдыз» айтып берсінші.

«Айжұлдыз» мультфильмі.

(Балалар ЭКСПО-2017 көрмесі турал мағлұмат алады)

Сергіту жаттығулары.

Музыка әуенімен, видеороликке қарай отырып

«Мен қазақпын» сергіту жаттығуларын жасау.

- Балалар ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің қаламыздан көптеген адамдар барды. Ал сендер Астана қаласына бардыңыздар ма?

Көрмеге барған балалар сөйлейді. (Видеоролик)

Сөздік жұмыс: көрме, хат, Отан

Балалар, біз көрмеге шығармашылық жұмыстарымызды жіберейік. Сендерге сурет салған ұнай ма?

- Олай болса балалар, біз жұмысқа кірісейік. Сендер үш топқа бөлініп отырыңдар.

І топ.  Ақ қағазға  желім мен түрлі-түсті тұзды пайдалана отырып, сурет салады.

ІІ топ. Бастыру және картопты таңбалау арқылы сурет салу

ІІІ топ.  

Балалардың жасаған жұмыстарына баға беру, көрме ұйымдастыру.

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.

- Балалар, біз қай жыл мезгілі туралы өлең жаттадық.

- Күз мезгілі туралы.

- Бізге кімнен хат келді?

- Айжұлдыз бен Төреден.

- Біз қандай жұмыстар жасадық?

- Сурет салдық, боядық.

- Бұл шығармашылық жұмысты қайда жібереміз?

- ЭКСПО 2017 көрмесіне

- Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін өте керемет жұмыс жасадыңдар.

- Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын. Көк туымыз желбіреп, еліміз тыныш болсын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз