Өлең, жыр, ақындар

Бірдей сандарды қосу

Мақсаты:
1.Білімділік: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу туралы түсінік беру жəне оны толық меңгертуге мүмкіндік жасау,екі амалмен  шығарылатын есепті түрлендіруді, геометриялық фигуралардың периметрін табуды пысықтау.
2.Дамытушылық: Ой-өрісін есте сақтау қабілеттерін арттыру,шапшаң ойланып, тез есептеуге баулу,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Тəрбиелік: Қазақтың салт-дəстүрін құрметтеуге,жылқы малына қамқор болуға, ұйымшылдық, ауызбіршілікке тəрбиелеу.
Түрі:кіріктірілген сабақ

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барлығына құрметпен 

Бас иеміз біз.

-Балалар көңіл -күйлерің қалай?

-Сабаққа дайындықтарың ше? 

2.Үй жұмысын тексеру.

Балалар сендерге "Орамал тастамақ"ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы орындайды.Мұнда орамалды алған оқушы тапсырманы оқып,қалғандары дұрыстығын тексереді.

100-68=32        100-26=74           100-93=7          100-7=93

65+35=100         54 +46=100         18+82=100      27+73=100

3.Топқа бөліну

Жылқы малымен байланыстыра отырып топқа бөлінейік.Бұның ерекшелігі барлығымыз шаршамай шапқылап,математика пəнінен жүйрік аттай тез есептеп,асу - асу белестерден бәйге атындай қиналмай өтейік.Қазақ халқында аты аңызға айналған тұлпарлар өте көп.Соның бірі:Байшұбар, Тайбурыл, Құлагер, Тарлан. Ал онда тобымыздың атын ашып,суретін көрсету. Қазақтың киелі жануары жылқы, төрт - түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Жылқы туралы аңыз -əңгімелер,өлең -жырлар, ертегілер көп. Жылқы қасиетті жануар. Жылқының Қазақстанда 58 түрі бар.Мысалы,тұлпар,жел жетпес,сəйгүлік ат, дүлдүл, таза қанды жəне т.б. Бұл аталған жылқылар жүйрік жылқылардың түріне жатады. Жылқы малы өте таза, құнарлы шөптермен ғана қоректенетін төрт түліктің бірі. Сондықтан оның еті,сүті өте пайдалы.

Олай болса біз тақтаға қарайық,тақтаға мен жылқылардың суретін ілдім. Бірнеше жылқы жайылып жүр еді.Осы жылқыларды əр топ өздеріне теңдей етіп қораларына бөліп кіргізулері керек.Ал енді əр топ неше жылқыдан өз қораларына кіргізіп алды? Əр топта неше жылқыдан болады? 

- Осыдан қандай өрнек құрастыруға болады?

- Осы өрнектен не байқадыңдар? 2+2+2+2

Қосылғыштары бірдей

- Олай болса, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз "Бірдей сандарды қосу "

Оқулықпен жұмыс 

1.Домбыра қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті көп пернелі музыкалық аспабы. Бұрынғы заманда көне аспаптар əн, жыр, ертегі-аңыздарды сүймелдеу үшін қолданылған.Енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Домбыраның 20-дан астам түрлері бар. 

Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын əсемдік бұйымының бірі -сырға.Қазақ зергерлері сырға жасаудың тым көне сырларын меңгерген. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға,тас көзді сырға, күмбез сырға, қозалы сырға, салпыншақ сырға, шұжық сырға, сабақты сырға, шашақты сырға, деген сияқты əр өңірде əр түрлері өте көп. 

Дауысы бар,жаны жоқ

Шертсең күйі, əні көп

Құлағын он бұра 

Ол не? 

1.Ауызша орындау. 

а)Екі екіден неше домбыра? 2+2+2=6

Екі домбырадан неше сөреге қойылған? 3 сөреге 

ə)Екі екіден неше сырға? 2+2+2+2=8

Екі сырғадан неше қорапқа салынған? 4 қорапқа

"Бəйге "ойынын ойнайық. Олай болса əр топтан бір - бір оқушы шыға қояйық.

3.Есепті оқып талдау жəне шығару 

"Наурыз"-жыл басы. Парсы тілінде "нау "-жаңа "руз "-күй деген ұғымдарды береді. Наурыз достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. 22-наурыз "Ұлыстың ұлы күні ".Наурыз көже жасалады. 

Шарты :Түсті қағаз -37

Ақ қағаз -? 18 артық 

Ш:(37+18)+37=92

Бір амалды есепке айналдыру,шығару.Ауызша. 

Түсті қағаз - 37

Ақ қағаз-? 18 артық 

Ш:37+18=55

Жауабы : ақ қағаз 58 парақ 

4."Сергіту сəті "."Жорға биі "

5."Көкпар" ойыны.

Қазақтың ұлттық ойыны "Көкпар тарту".Көкпар жайлы не білеміз?

Бірліктерін қосқанда 16,ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын бірнеше теңдіктер жаз. 

18+28=46             46-28=18

19+17=36             36-17=19

38-48=86              86 -48=38

- Қосындыны қандай амалмен тексереміз. 

- Қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайтсақ, бірінші қосылғыш шығады. 

5.Жеке оқушымен жұмыс. Əр топтан өзін көрсетпей отырған оқушыларға беріледі."Қыз қуу"ойыны. Бағалау. 

Байшұбар              Тайбурыл 

Қыз                            Ұл

х-32=53                     84-х=24

х=53+32                    х=84-24

х=85                          х=60

85-32=53                 84-60=24

53=53                        24=24

6.Периметрлері бірдей екі үшбұрышты тап.

Р=5см+4см+3 см

Р=12 см

Р=4см +4см+4см

Р=12см 

Қорыту:Бүгін не білдік?Тор көздерге бірдей сандарды қос.

Үй жұмысын беру.


Пікірлер (2)

kz2015

Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз