Жамбыл облысы Меркі ауданы
«№34 Жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өзін–өзі тану пәні мұғалімі Нурмаханбетова Гульнар Абеновна
Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз
Құндылық: ішкі тыныштық
Қасиеттер: ізгілік,саналылық,риясыздық
Мұғалiм: Сынып: 1 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғындыра отырып,ізгілік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушыларды ізгі қарым-қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйрету. Тәрбиелік: оқушыларды ізгілік,риясыздық,саналылық қасиеттеріне тәрбиелеу. |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! |
Ресурстар |
Үй тапсырмасын тексеру: М.Төрежановтың «Қамқорлық» әңгімесін оқып келу берілген. - Жақсылық жасау адамға парыз ба? Неліктен? (біреуге жақсылық жасау арқылы өзінің мерейін үстем ете алады, жақсылық адамға тән іс-әрекет, жақсылық жасау адам жанын жадыратады ) - Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай құндылықтар болады? (ізгілік, риясыздық, саналылық) - Өздерің басқаларға жасаған жақсылықты естеріңе түсіріп айтыңдар. (әңгімеде үлкеннің, кішіге қамқорлығы туралы айтылған, әрбір адам өзінің айналасында болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарамай, мұқияттылық танытса, барлығы ретті, үйлесімді бақытты болары сөзсіз.) |
Сабақ барысын талқылау: |
Дәйексөз:
|
|
Әңгiмелеу (сұхбат): Тату ағайындылар |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1.Кубизм стратегиясы. 2.«Жақсылық»-дегеніміз-мейірімділік,әдептілік,үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу, көмек көрсету, жанашырлық таныту, қолдау. |
|
Сергіту сәті: |
|
Қорытынды. Жақсылық жасау дегеніміз-адамдарға, айнала қоршаған ортаға, табиғатқа деген қайырымдылық пен қамқорлық, жақсылық жасау адамдарды достастырады |
|
Топпен ән айту. Бақыт әні. Өлеңін жазған: Т.Молдағалиев Әнін жазған: И.Нүсіпбаев |
|
Үй тапсырмасы: Н.Шакузадаұлының «Мейірімнің күші» әңгімесін оқып келу. |
|
Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларға жүрекшелер үлестіру. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі