Өлең, жыр, ақындар

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

№9 Меркі колледжі КМҚК

Пәні: Экономикалық информатика

Арнайы пән оқытушысы:  Иса Эльмира

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты құруға, сақтауға, мәтінді пішімдеуді үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету;

Дамытушылық: Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;

Көрнекі құралдар: интер белсенді тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.

Сабақтың жүрісі:     

Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын және дайындығын қадағалау.

Үй жұмысын тексеру. Аңшы ойыны бойынша

Аңшы

 

1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
2. Microsoftword 2010 программасын ашу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз.
3. Программа интерфейсі дегеніміз не?
4. Жаңа құжат құру үшін қандай қандай әрекеттер орындалады?
5. Қаріп дегеніміз не?
6. Абзац дегеніміз не?
7. Интервал дегеніміз не?
8. Нөмірленген және маркерленген тізімдер дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ.

Пішімдеу – бұл мәтіннің сыртқы түрін анықтайтын қасиетін өзгерту түрі.

Құжатты һ пішімдеу дегеніміз –бұл:

- өрісті орнату;   

- абзац пен шегіністі кірістіру;

- мәтінді туралау:

- жоларалық  интервалды кірістіру;

- мәтінге графикалық нысанды кірістіру;

- орфографиялық және тексеруді орындау және т.б.

Мәтіннің сыртқы түрін өзгеру тәсілдерінің бірі – қаріпті өзгерту. Қаріпті өзгертудің барлық амалдары мәтін үзіндісі мен сөзді бөліп алуда қолданылады. Бөліп алған мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі тәсілдері бар.

1. Бөліп алған үзіндіні алмасу буферіне көшіру
2. Бөліп алынған мәтін үзіндісін қиып алып буферге кірістіру
3. Буферден кірістіру.
4. Бөліп алған мәтін үзіндісін басқа орынға апаруға болады.

Мәтіннің бөліп алған үзіндісін пішімдеуге әртүрлі әрекеттер қолданылады. Солардың ішінен кейбіреуін қарастырайық

•    Қаріп гарнитурасын таңдаймыз
•    Қаріпті өзгерту мен өлшемін таңдау
•    Қаріптің  әлпетінбасқару
•    Керлингті (символдар арсындағы аралық) өзгерту
•    Туралау әдісімен басқару.
•    Абзац арасына интервал қою
•    Регистрді өзгерту.

Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздер

1. Пішімдеу- форматрование-formatting
2. Өлшем-  размер-size
3. Қиып алу- вырезать-cut
4. Кірістіру- вставить-insert
5. Көшіру- копировать-copy

IV. Пернелер бекеті. Жұмбақтарға жылдам жауап бер, сәйкестендіру.

1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым!  Shift + Alt

2. Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Тақырыпты жаза алмай пернемен
Барлығы да кіші әріп қайтемін?
Көмек берші, енді нені басам мен? Caps Lock

3. Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім   
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің? Пробел

4. Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым,айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын  Shift +

V. Сабақты бекіту: Компьютер бекеті (Компьютермен жұмыс)

I тапсырма

1. Шрифтің жазылу түрін Times New Roman жазыңыздар?
2. Шрифтің өлшемі 24 өлшемде болсын?
3. Жазылу типі  қалың, асты сызық болсын?
4. Шрифтің түсі қызыл түсте болсын.

Жақсылыққа жетем десең, қолыңда,
Бар жақсылық жақсы адамның жолында.
Жаман болып тумайды ешкім анадан,
Жаман адам қайдан шыққан соңында?

II тапсырма:

Есептеуіш техникасының даму тарихы  бірер ғасыр бұрын басталған және олардың дамуын төрт кезеңге бөлуге болады: қол саусақтарымен санау, механикалық, электромеханикалық, электрондық.

Қол саусақтарымен санаудан басталған кезең, ол біздің заманымыздан бұрынғы 50 мыңжылдықтан бастап XVII ғасырға дейінгі кезенді алады.

Механикалық кезең XVII ғасырда механиканың дамуына сәйкес шықты.

Электромеханикалық кезеңнің дамуы 60 жылға ғана созылды.

Электрондық кезең ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап дами бастады.

Компьютерлік кезең  ХХ ғасырдың 80 – жылдарының ортасында дами бастады.

VI. Сергіту сәті (Көз жаттығулары)

VII. Білім қаласы. Сөзжұмбақ .

1. Қағаздағы суретті немесе мәтінді экранға түсіруші? (Сканер)
2. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әртүрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
3. Килобайтты неге теңейміз? (Байт)
4. Баспа құралы. (Принтер)
5. Зиянкес программа қалай аталады? (Вирус)
6. Компьютер экраны қалай аталады? (Монитор)
7. Перне тақтадағы ең ұзын перне қалай аталады? (Пробел)
8. Іске қосу-батырмасын ата. (Пуск)
9. Microsoft Power Point не үшін арналған программа? (Слайд)
10. Компьютер ауруларынжоятын программа? (Антивирус)

Оқушыларды бағалау. Тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз