Абубакирова Гүлназ Сахитжановна
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№70 орта мектебі
Класы: 5 «ә»
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, PowerPoint бағдарламасымен
жасалған слайдтар, үлестірмелі фишкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Класс жұмысы.
ІV. Бекіту.
V. Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру: - оқушылармен сәлемдесу;
- сабаққа назарларын аудару;
- сабақтың мақсатын хабарлау;
ІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ ертегілер еліне саяхатқа шығу арқылы түсіндіріледі.
Мұғалім:
- Балалар, сендерге ертегі оқыған ұнай ма? Ертегілерде қандай кейіпкерлер болады? Бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шыққыларың келе ма?
Ендеше, мен мынандай бір жаңалық естідім:
- Сонау «Ондық бөлшектер» елінде Натурал сан деген ханның Көбейту атты жалғыз қызы бар екен.
Бір күні хан саяхатқа кеткен кезде, кішкентай ханшайымды алыс жерде мекендейтін айдаһар ұрлап әкетеді. Жалғыз қызын жоғалтып қатты қайғырған хан:
“Жалғыз қызымды тауып әкелген
адамға бар байлығымды беремін”
деп еліне жар салып жатыр. Бірақ айдаһарды іздеп тауып, онымен айқасуға ешкімнің күші жетпей жатыр екен. Айдаһарды табу үшін көптеген қиындықтардан өтіп, көптеген тапсырмаларды орындау қажет болыпты. Бағын сынап көрген батырлардың барлығы «ондық бөлшектерді натурал санға көбейту» ережесін білмепті. Біз де осы ережені мұқият түсініп алып, бағымызды сынап көрейік:
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
Ереже |
Мысал |
натурал сандарды көбейткендей көбейту керек.
2. Шыққан көбейтіндіде оң жақтан ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, сонша цифрды үтірмен айыру керек. |
25,85 × 7 = 180,95
25,85 * 7 __________ 180,95
|
Мысалдар:
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек.
Мысалы: 2,103 × 10 = 21,03
7,549 × 100 = 754,9
3,5461 × 1000 = 3546,1
Ережемен таныстық, енді жолға шығуымызға болады.
ІІІ. Класс жұмысы. Есептер шығару.
1) «Тасқа жазылған тапсырма» Осы тапсырманы дұрыс орындай алсақ, айдаһардың қамалына апаратын дұрыс жолды табамыз:
6,3 × 7 = 4,5 × 12 = 9,03 × 17 =
8,35 × 3 = 8,31 × 14 = 9,04 × 14 =
9,6 × 8 = 9,5 × 11 = 2,15 × 12 =
2) «Жол қысқарту».
Ауызша көбейтіңдер:
13,7 × 10 = 8,071 × 100 = 6,304 × 1000 =
6,5 × 10 = 2,15 × 100 = 12,7 × 1000 =
1,23 × 10 = 18,07 × 100 = 0,91 × 1000 =
62,95 × 10 = 48,316 × 100 = 4,8316 × 1000 =
0,7 × 10 = 0,1 × 100 = 0,001 × 1000 =
3) Жүре-жүре ну орманға кез болдық. Сол орманда бір жалғыз үй тұр. Ол үйде жалмауыз кемпір тұрады екен. Жалмауыз кемпірден айдаһардың қайда тұратыны сұрайық.
Жалмауыз кемпір: - менің көртен бері шешуін таппай жүрген тапсырмам бар еді. Соны тауып берсеңдер, мен сендерге көмектесемін,- дейді.
«Жалмауыз кемпірдің тапсырмасы». Оқулықтағы №1082, №1083 есептерді шығарту.
№1082
0,5 × 45 = 0,8 × 5 = (1,7 + 2) × 4 =
0,4 × 40 = 0,7 × 3 = (5,3 + 1,4) × 3 =
0,2 × 9 = 0,3 × 25 = (6,15 + 3,5) × 5 =
№1083
1,5 × 20 = 0,06 × 30 = 0,08 × 400 =
0,7 × 40 = 0,33 × 40 = 1,23 × 600 =
3,6 × 70 = 0,651 × 50 = 0,91 × 7000 =
Есепті толық шығарып болғанан кейін, жалмауыз кемпір айдаһарға жол сілтеп, оның қамалына кіретін кілттің осы ормандағы ең биік ағаштың ұшар басында, «алтын сандықтың» ішінде екенін айтады.
4) «Қасқырдың тапсырмасы».
Тік төртбұрыштың ұзындығы 3,2 дм, ені 2 дм.
Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар?
5) «Аюдың тапсырмасы».
Жеңіл машина 74,8 км/сағ жылдамдықпен жүргенде 4 сағатта қандай қашықтыққа барады?
6) «Көмектесіңдер!». Аспанды шырылдап ұшып жүрген құстың балапанының «көсектесіңдер» деген дыбыс естіледі. Ол шығарған есебінің қатесін тауып беруін өтінеді.
- Егер біз оған қатесін тауып берсек, бізге ол ең биік ағаштың қайда екенін тауып берер, солай емес пе балалар?! Көмектесеміз бе?
13,48 123 300
* 8 * 1,5 * 0,01
1,0784 18,45 30,0
Құстың балапаны бізге ағаштың ұшар басындағы сандықтан кілтті алып береді. Сонымен кілт табылды. Енді айдаһардың қамалына да жақындап қалдық.
V. Бекіту.
«Кім мерген?». Айдаһармен арпалыс.
Өз бетімен орындауға 3 тапсырма беріледі: 1) 67,8 × 6 – 3,75 × 100 + 9,23 =
2) 0,63 × 12 + 0,9 × 30 - 25,56 =
3) 83 – (17,27 × 10 – 8,93 × 11) =
Үйге тапсырма: 1) №1095, №1096 есептер
2) ережелерді жаттау
VІ. Қорытындылау.
Кулшат
мен үшін өте қажет.Жақсы жасалған
Жулдыз
Өте керемет маған сабағыңыз ұнады. Биік жетістікке жете беріңіз.
Əділет
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу туралы жазынызшы
Gulnara1981
жүйелі жасалған