Сыныптан тыс тәрбие сағаты
Парыз тәртіптен бастау алады
7-8-сыныптар
Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу. Білімділігі: Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ;Дамытушылығы: –Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; Тәрбиелілігі:–оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, видеосюжет, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері, ақындар жинағы. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 1 ұпайдан беріледі. Психологиялық дайындық.Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы:Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай аламын.Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,Болып кетер сонда дереу жан - жағым. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» Ой шақыру: Тәртіпке байланысты «Құмырсқа» видеосюжетін көрсету. |
Видеосюжет, музыка |
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды кезек-кезек оқыту. Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтар. |
|
3.Дәйексөз :Тәртіпке бағынған ел құл болмайды. Бауыржан Момышұлы Дәйексөзді қалай түсінесіздер?Жұмыс дәптеріне жазып аламыз.Тәртіп – адамның ең жақсы қасиеті. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деді емес пе. Бірін-бірі сыйлаған, құрметтеген, тәртіп пен парызын адал атқарған ел ешқашан опық жемейді. Тәртіпсіз басталған жұмыс жүйесіз аяқталуы мүмкін. Тәртіп адамның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді. |
|
4.Әңгімелеу. «Шектен шықпа» Аңыз.Бұл ежелгі Грекияда болған деседі. Түн ұйқысы төртке бөлініп, елдің ертеңін ойлап, ұрпақ қамын жеген елдің зиялы қауымының өкілдері келіп Грекияның даңқы жайылып, дәуірі жүріп тұрған жеті данышпанына өтініш айтады. Ішінде Анахарсис бар осы жеті данышпанға: «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды. Сол білетіндеріңізді халық түсініп жадында сақтайтындай етіп, бір-екі ауыз сөзге сыйдырып мәңгі өлмес өсиет қалдырсаңыздар», – деп өтініпті. Содан жеті данышпан жеті күн ойланып-толғанып келіп, ақыр соңында ақыл-ойларын былай деп бір ауыз сөзге сыйдырыпты: «Шектен18 шықпа!» Бары осы-ақ! Астарына қарасаң кімді де болса, тәнті етер, таңғаларлық тереңдік! «Шектен шықпа»! Асып - тасып қуанғанда да шектен шықпа, қабырға қайыстырарқайғыда да шектен шықпа, мәз болып күлгенде де шектен шықпа, ашуланып ұрысқанда да шектеншықпа, жаның жасып жылағанда да шектен шықпа, мансабың 19 тасығанда да шектен шықпа, меселің 20 қайтып мойығанда 21де шектен шықпа, қалжыңдасқанда да шектен шықпа, ойнағанда да шектеншықпа... өмірдің барлық сәтінде де шектен шықпа»,- дегенді аңсаған ақылмандар бар білігі мен ілімін осылай бірауыз сөзбен бекітіп кеткен екен. Заманалар ауысып, табиғатымыз өзгеріп, тірлігіміз жаңа осы бір ауыз сөздің құны да, қасиеті де бәз қалпында демеске шара қайсы?! ● Мәтіндегі «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қарахалық оқып игере алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер? ●Адам шектен шықпауы үшін оның бойындақандай қасиеттері болуы керек? ● Шектен шықпау мен тәртіпті не байланыстырады? Шектен шықпаудеген тәртіптілік пе? ● Шектен шықпай, тәртіпті болуың үшін өзіңе қандай талаптар қоясың? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
5.Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс: 1. Төменде берілген ой-тұжырымдарды оқыңдар. Өздерің үшін дұрыс жауапты таңдап алып, дәлелдеңдер. Тәртіп – белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ, орындалуы міндетті ереже, заң. Тәртіп – адамды мәжбүрлі түрде реттеу құралы. Тәртіп – бір нәрсенің реті, жөн-жобасы, жеке адамның мінез-құлқы. Тәртіптілік – амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап. Тәртіптілік – айнала қоршаған ортаға өзі жайлы жақсы ой туғызатын айла-амал. 2. Өз өміріне тәртіп ережесін құру. Жұп болып таныстыру. |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. Жұп болып таныстырады. |
Тренинг: «Джунглидегі жаңбыр» . Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз.Жаттығу сіздерге ұнады ма? Қандай сезімде болдыныздар? |
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.Уақыт: 10 минут |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
7.Топпен ән айту «Ерлікке шақыру» Сөзі мен әнін жазған Мұхтар Шаханов |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |
7.Үйге тапсырма: 1. Дәптермен жұмыс. «Ерлікке шақыру» өлең жаттау. |
|
8. Соңғы тыныштық сәті.Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,Кемесіз дариядан өтем деме.Кеудеңде саңан болса, талап ізде,Талапсыз мақсатыңа жетем демеБүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
Әнді ерекше көңілмен айту. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі