Өлең, жыр, ақындар

Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары

Алматы қаласы, Алмалы ауданы №167  ж.б.б.м
Мырзатай Сәуле Бақытжанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
4 сынып қазақ тіл

Сабақтың атауы

   Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары септік жалғаулы сөздермен тіркесіпкеліп,оған қосымша мән үстеп тұратындығын және алдындағы сөздердің септік жалғауда тұруын қажет ететінін түсіндіру.

Міндеттері:1.Шылау және оның қолданылуы жайлы білімдерін тереңдету.

2.  Жаттығуларды    ауызша,жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.                                                                       

3.Сабақ   барысында еңбекқорлыққа, іздемпаздыққа, салт-дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, ой қорыту, өз бетімен жұмыс, сағат тілімен әдісі, ойын...

Көрнекіліктер: кесте, семантикалық карта, слайд,үлестірмелі материалдар, әр топқа тапсырмалар, әр топ мүшесіне тәттілер.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

 Психологиялық даярлық

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуақпен төгіп нұр.

Сен мен үшін,

Мен сен үшін

Қуанышты болайық.

Оқушылар орындарынан тұрып қарама-қарсы тұрған оқушыға қарап, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту.

Топқа бөлу

 

Оқушылар қолдарыңа берілген кәмпит түстері бойынша топқа бөлінейік.

Қызыл кәмпит-қаратпа

Сары кәмпит-қыстырма сөз

Жасыл кәмпит-шылау

Оқушылылар кәмпиттерін алып, өз орындарына отырыды.

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

-Ал енді оқушылар әр топ өзімізге  берілген атаулардың ережесін айтайықшы

-Шылау,қыстырма, қаратпа сөздердің қандай ұқсастықтары бар

-Қандай айырмашылығы бар,айтып жіберейікші.

 

Үй тапсырмасы 87-беттегі 6-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.    -Таэквондо спорт түрі ме,төбеес әдісі ме?..

- Сұрақтарға жауап бер.

 Жапондық бағалау.  Ооо-5, Ммм-4          

Ережесін айтады,мысалдар келтіреді.

 

 

 

 

Әр топтан екі оқушыдан оқиды.Оқымаған оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

Сұрақтар

-          Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

-          Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

-          Сұраулық  мағына үстеп тұратын шылауларды атаңдар.

-          Өзі  тіркескен сөзге сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Мұғалімнің сөзі: - Балалар бүгін біз сабағымызды тәтті бастадық емес пе? –Ендеше сабағымызды  да ары қарай да көңілді жалғайық.

Жаңа тақырыпты ашу

Өрнектердің мәнін тауып, жаңа тақырыпты ашады.(Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары)

250×6+350×6=3600  үшін                           (176+124)×450=135000 дейін

(125+875)×24=24000  туралы               

Жаңа сабақ

Тақтада төмендегідей кесте көрсетіледі.

1.Атам маған Қамбар батыр ... жыр айтып берді.

2.Ана баласы ... түн ұйқысын төрт бөледі.

3.Әлі тау басына ... біраз жер бар.

Туралы, үшін, дейін (шейін)

 Оқушылар мынадай тапсырмаларды орындайды:

Көп нүктенің  орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді оқиды (Атам маған Қамбар батыр туралы жыр айтып берді);

Шылаулардың тіркесіп  тұрған сөздері қай сөз табы және олар қай септікте тұрғанын  анықтайды (Қамбар батыр туралы).

 

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларының өзіндік белгілері қарастырылады:

 - Шылау, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзінің алдындағы сөздерінің белгілі бірсептікте тұруын қажет етеді;

 - Үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін, шейін шылаулары барыс септіктегі сөздермен тіркеседі;

 - Бұл  шылаулар белгілі септік жалғаулы сөздермен тіркесіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, т.б.) мән үстейді.

 - Өздері тіркескен сөздерден бөлек жазылады.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,шылауларды тап.

      Ерден атай Ер Төстіктің достары-Желаяқ,Саққұлақ,Таусоғар,Көлтауысар туралы әңгімеледі. Спортшы қыз қызыл таспаны жеделдеткен күйде бұрылысқа дейін барды. 

 Шылауында  болу сөзінің мағынасын түсіндіру.

Сабақ ортасы

2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып,көшіріп жаз.

«Сағат тілімен» әдісі

                              Сүйінбай Аронұлы

    Сүйінбай- ақын, жыршы. Сүйінбайды Жамбыл Жабаев  өзіне пір тұтты. «Менің пірім-Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деген қанатты сөз арнаған. Сүйінбай  ақындық өнерін айтыстан бастаған. Өмір туралы өлеңдері шоқтығы биік туындыларының қатарына жатады.

-Сағат тілімен алдарында тұрған сөйлемдерді рет-ретімен жабыстырып шығады.

-Шылауды тауып, қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтату -туралы.

Өзі тіркесіп тұрған сөзге қандай мағына үстеп тұр. -үстеме

-Туралы, дейін (шейін) шылауларын қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.

«Дене шынықтыру»  әдісі арқылы бағалау

Сергіту сәті

Қара жорға биі.

 

3-жаттығу. Өлеңді көшіріп  жазып, шылаулардың астын сыз.

Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,

«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.

-Үшін шылауын алып тастап оқып көріңдер.Не байқадың?

-Үшін  шылауы атау септіктегі сөзге тіркесіп, екінші сөзге байланысып тұр және сөз тіркесін құрап тұр. Мысалы, шылауды алып тастап оқысақ, онда «ел еңбек етсең» болып шығады. Үшін шылауы мақсаттық қатынаста байланысып тұр.

Ойын.

Не артық

 1.мен, -бен,-және, -бе

 2. –ма, -ме, -ба, -де

 3. –үшін, -туралы, -және, -дейін

Осы сөздердің ішінен артығын алып тастау.

-Қай топ бірінші табар екен

 

4-жаттығу. Ауызша

Мақалдарды оқып, мағынасын аш. Шылауларды тап.

Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.

Біліп тұрсаң да, сұрап ал.

-Отан туралы тағы қандай мақал-мәтелдер білеміз,айтып жіберейік.

Үйге тапсырма

5-жаттығу,89-бетте

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.Өзара бағалау, топты бағалау

 

Рефлекция

Шығу билеті.

-Сабақтан не үйрендім?

-Не үйренгім келеді?

Оқушылар шығу билетін толтырады

 


Пікірлер (2)

Айко

Шейін сөзіне сөйлем кұрап беріңіздерші

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз