Өлең, жыр, ақындар

Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі.

Сабақтың мақсаты: Прозалық шығарманы талдау, шығарманың тақырыбын, идеялық мазмұнын ашу, шығарма мазмұнын көркем тілмен баяндауға дағдыландыру.

Дамытушылық: өз пікірін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтау, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата-ана алдындағы перзенттік парызын сезіндіру.

Түрі: Бекіту сабағы.

Әдісі: сұрақ жауап, екі жақты күнделік, топтастыру әдісі,семантикалық карта, графикалық диктант, ойлаудың алты қалпағы, ой-толғау, тест, болжау.

Көрнекілігі: Төлен Әбдіков портреті, компьютерден слайд көрсету.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Топқа бөлу

(парақшада ата-ана туралы мақал-мәтел жазылған, жалғасын табу арқылы топты құру, мақал мағынасын бір оқушы түсіндіру).

1. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

3. Атаңа не қылсаң,
    Алдыңа сол келер.

4. Ананың көңілі балада,
    Баланың көңілі далада.

 

Топта жұмыс істеу ережесі: 
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 
2. Болып жатқанға белсенді қатысу. 
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы
4.Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 
5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.
 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Оқушылар, біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-«Қонақтар» әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі. Біздер өткен сабағымызда «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен толықтай таныстық.

Біз бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?

Автор көтерген проблеманы анықтау;

Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау;

Кейіпкерлерге образдылық талдау;

Тақырыпты тапсырмаларға сай қолдана білу.

- Автор туралы не білеміз?

Графикалық диктант

- Балалар, әңгімеде не суреттеледі?

Әңгімеде Ерғабыл қарттыңөмірінің бір күні мен бір түні суреттеледі. Әңгімедегі негізгі оқиға біреу-ақ, ол-қалада тұратын Сапабектің  курорттан келе жатып жолшыбай ата-анасына бір күнге соғып кетуі. Әңгімені оқи бастағанда әлдебір сиқырға сенетін сиятысың, қарттардың үміттері ақталса екен деп тілейсің. Ал шығарманы оқып біткенде көңілің құлазиды,қайғырасың. Әкесінің баласынан күткен үмітінің ақталмағанын көріп, көңілің түседі. Яғни, бүгінгі сабағымыздың мақсаты- ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жағдайы, баланың ата-ана алдындағы борышы туралы.

«Ананың  көңілі – балада, баланың  көңілі- далада»  дегендей , баласы   Сапабектің   ойы   қала  мен   жұмыста  екенін  ашық  бейнелеген.

Әңгіме  соңында   қарттардың  көңіл-күйі    су  сепкендей     басылады. Қонақ  болып   келіп, ата

ана  көңіліне   қаяу  салып  кеткен  баланың   жайы   әңгімеде  шынайы  көрсетілген.

Әңгіме бойынша жоспар құру, берілген бөлім мазмұнын айту.

І топ 1-3 беттер    ІІ топ 4-6 беттер

Жоспар:

1. Ұлын күткен қариялар

2. Ерғабыл шалдың арманы

3. Қонақтар

4. Жат немере

5. Құлазыған көңіл.

 

 «Иесін тап» семантикалық карта

Мысалдар

Ерекең

Кемпірі

Сапабек

Жеңіс

Тома

Аспандияр

1

- Басым сынып өлеін деп жатырмын, мазалай бермеші

 

 

 

 

 

 

2

- Мама, мама, ребята идут на озеро...

 

 

 

 

 

 

3

- Әлгі жаман қайда? Әкеліп пе едіңдер?

 

 

 

 

 

 

4

- Ты что, с ума сошел!

 

 

 

 

 

 

5

Баланы ше? Жеңісті тастап кетпейсіңдер ме?

 

 

 

 

 

 

6

- Трактористпін

 

 

 

 

 

 

7

Қажыған шығарсың, шай қояйынба, мызғып аласың ба?

 

 

 

 

 

 

8

Бұл арада орыс мектебі жоқ. Мұны қалай оқытамыз деп отырсыңдар?

 

 

 

 

 

 

 

- Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған? Қонақтар деп отырғаны кімдер?

- Қазақта қандай қонақ түрлері бар?

- Сапабек қандай қонақ түріне жатады деп ойлайсыңдар?

- Біздер әңгімеге жоспар құрдық, енді кейіпкерлеріне талдау жүргізейік.

  Кейіпкерлері кімдер?

Ерғабыл қарт Тома

Жеңіс Ауыл адамдары

Аспандияр Кемпірі

Сапабек

 

- Портреттерін тауып көріңізші

а) Сапабек – ат жақты, қапсағай сары жігіт

ә). Тома – омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген,

шашын қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек

б). Жеңіс- аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар

шамасындағы ұл бала

 

- Бұл сыртқы келбеті, ал енді олардың іс әрекетіне қарап мінездеме беріп көрелік.

           І топ Ерекең        ІІ топ Сапабек

Ерғабыл қартқа (мейрімді, арманшыл төзімді, қажырлы еңбекқор, баласын жақсы
көреді, ақылды)

Сапабек бейнесіне (қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, парызын өркөкірек түсінбейді, салт - дәстүрді білмейді)
 

 

- Ал Тома ше? Қазақта келін қандай болу керек?

- Осындай Сапабек сияқты балаларының кесірінен не болуы мүмкін?

 

Бейнеролик «Қарттар үйі»

- Балалар бұл бейне роликті көргенде не сезіндіңдер?

- Қариялар жасы ұлғайғанда қараусыз қалуға тиісті ме?

- Қарттар үйіндегі қарттар саны неліктен көбеюде?

- Қалай ойлайсыздар, қарттар үйі қажет пе, жоқ па?

 

Ой-толғау

«Егер мен Сапабек болсам...»

«Сапабекке хат»

 

Білімленд. Тест  сұрақтары:

1.Ертемен   ерте  тұрған  Ерғабыл   қарт  қай  затын  іздеді?

а/  таяғын     ә/ мәсісін    б/  мәсісін  

2.Сапабектің  мамандығын  көрсет.

а/геолог       ә/жолсерік    б/  биолог

3.Кешке  үйге  қонақтар  жиналғанда  Сапабек   жастарға  қандай   коньяк  құйды?

а/италияндық     ә/ қазақстандық    б/ югаславиялық

4. Шығармадағы   мақтаншақ  кейіпкер?

а/Аспандияр   ә/Сапабек   б/ Абыл  қарт

5.  Т.Әбдіковтың   романын  көрсет.

а/ Оралу    ә/Оң  қол      б/Өлара

(бірден тексеру)

 

Әңгіме қалай аяқталды, балалар?

Автордың    орнында  сен  болсаң    әңгімені  қалай  аяқтар  едің?

Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма, әлде ақталмады ма?

Қалаға асығыс аттанған Сапабек не ұсынды? Қалай ойлайсыздар, перзентінің ата - анаға деген махаббаты ақшамен өлшене ме?
Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?

 

Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?

 

«Ойлаудың алты қалпағы»

«АҚ ҚАЛПАҚ» сабақ бойынша ұнамды сәттері.

«ҚАРА ҚАЛПАҚ» сабақ бойынша жағымсыз сәттері.

«ҚЫЗЫЛ ҚАЛПАҚ» тақырып бойынша ішкі сезім

«ЖАСЫЛ ҚАЛПАҚ» тақырып бойынша нені өзгертер едіңіз, жаңалығыңыз.

«САРЫ ҚАЛПАҚ» сабақ тақырыбының өмірмен байланыстылығы, қажеттілігі.

«КӨК ҚАЛПАҚ» сабақ бойынша қорытынды ой.

 

«Ата-ананы құрметтеу» бейнеролик.

 

Сабақты қорытындылау:

Балалар, қалай ойлайсыңдар, Тома сияқты әдет-ғұрыпқа немқұрайлы қарайтын, білгісі де келмейтін кесірлі келіндер, Жеңіс сияқты қиқар немерелер, Сапабек сықылды туған ата-анасына көңіл бөлуге мұршасы келмейтін, қолы тимейтін, ата-ана алдындағы парызын ұмытқан перзенттер бар ма бүгінде?... Ендеше, балалар, бұл шығарма өміршең шығарма екен.

«Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» демекші, дүниедегі ең жақын адамдар, бізге өмір сыйлаған аяулы ата-аналарымыздың қабағына кірбің түсірмей аялауымыз керек.

Қамшының сабындай аз ғана ғұмырымызда бір-бірімізге кешірімді болып, әсіресе ата-ана алдындағы перзенттік парызымызды ұмытпайық, балалар!

 

Үйге  тапсырма:  

Т.Әбдіковтың  «Қонақтар» әңгімесіне сүйсіне отырып, «Ата – ана  қадірі» деген тақырыпқа шығарма жазу.

Бағалау

Бағалау парағы бойынша


Пікірлер (2)

Айнур

Өте жақсы сабак

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз