Ақшұқыр мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Джумагалиева Назира Сейткуловна
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», — деп түсінемін.
Сабақ — әр мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сабақты жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынған ұстаздың ұтары анық. Сабақ — мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін дамытуды қажет еткен мақсат - міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Бала білімділігінің деңгейі мұғалімнің сабақты өту шеберлігі мен мазмұндылығы, әдіс-тәсілдер ұтымдылығы және сабақтағы жан дүние, сезім кеңістігінің үйлесімділігі сай келгенде ғана жоғары болады. Сабақ тек жалаң білім беруге құрылмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс — танымына орай құрылуы қажет.
Ұйымдастыру және оқу — таным іс - әрекетін асыру әдістері:
а) сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, нұсқау, дәріс, дискуссия, диспут;
ә) білімді, білік және дағдыны жетілдіру мен бекітуді оқыту әдістері; жаттығу, үлгі жұмыс бойынша жаттығу, түсінік беретін жаттығулар, вариантты жаттығулар, практикалық жұмыс — жеке дара, топтық ұжымдық, шығармашылық;
б) практикалық оқыту әдісі : өндірістік оқу лабораториялық іс — тәжірибе, жаттығу оқу- өндірістік еңбек; бақылау;
в) көрнекілік: иллюстрация, демонстрациялау, оқушылардың бақылауы;
г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, жалпы қарап шығу, цитаттау, мазмұндау жоспар құру, конспектілеу;
д) бейне таспа әдісі: өру оқыту, электрондық оқулық, интерактивті тақта;
2.Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс - әрекеттік стимулдар әдісі.
а) оқушылардын танымдылық қызығушылығын қалыптастыру әдісі;
ә) білімді игерудің қажеттілік әдіс;
б) оқыту мазмұнына ықпалды байланысты әдістері;
в) танымдылық ойындар;
Оқу материалдарын сапалы игеру мұғалімнің жеке басы мен оқушымен қарым — қатынасына, сонымен қатар педогогикалық тактикасына, оқушылармен жеке дара қарым — қатынасына, өзін қоршаған құбылыс және пәннің мазмұның оқу танымдық іс - әрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.
Халқымыздың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Ұстазға берілген осындай үлкен бағаның басқа баламасы да болуы мүмкін емес. Ендеше, еліміздегі мұғалімнің мәртебесі мен беделі арта берсін деуіміз керек қашанда.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі