Өлең, жыр, ақындар

Мектеп пен жанұя бойындағы ақпараттық мәдениетті қалыптастыру

Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы Бисен Жаникешев атындағы ЖББОМ-нің психологі ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЕВНА Мектеп пен жанұя бала бойындағы ақпараттық мәдениетті қалыптастыру \баяндама\ Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – жанұясы. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында, біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз елестету мүлде қиын. Өйткені өркениетті қоғамның өмірін компьютерсіз көз алдымызға келтіру мүмкін емес. 1990-шы жылдары табалдырығымыздан имене аттаған компьютер бүгінде төрімізді жаулап алған. ХХІ ғасыр – компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақтың виртуалды әлемді жан-жақты меңгергендігіне қуанамыз. Бір жағынан, бұл жайлы өмір сүрудің айнасы. Ал енді балалар әлеміне ғана игі әсер ететін жағын айтар болсақ, балалар сәби кезінен компьютерлік ойындарды еркін меңгерулері арқылы есейе келе стратегиялық шешімдерді жылдам қабылдай алатын қабілетке ие болатын көрінеді. Интернет арқылы сабақ әзірлеген кезде балалар есептеу, мәтінді оқу және географиялық карталармен жұмыс жасау, яғни тану үрдістерін танымдық тұрғыда едәуір жедел меңгеретін болып шықты. Сонымен қатар балалардың кішкентайынан интернет арқылы ақпаратты жабу, жинақтау және оны тиімді түрде сұрыптау істерінің шебері болатыны нақты істе дәлелденіп отыр. Дей отырсақ та, бесаспап бұл құралдың адамға тигізер пайдасымен қатар зияны да мол. Бұл телемания, теледидарға тәуелділік, басқа істерін тастап, барлық уақытын теледидардың алдында өткізу. Телемания бірнеше зиянды салдарларға әкеліп соғады. Олардың кейбіреулері:  Көздің әлсіреуі: көгілдір экран алдында көп отыратын баланың көз көруі нашарлайды;  Гиподинамия, арқа омыртқасының қисаюы;  Дене қимылының болмауы денеге артық салмақтың жинақтауына әкеледі;  Неврологиялық проблемалар (ұйқының бұзылуы, қорқақтық, ерекше ашуланшақтық).  Зорлық-зомбылықтың кең етек алғандығы, көптеген телеканалдар қазір ондай хабарларды барынша көрсетуге «тырысады», ол өз кезегінде, моралдық принциптердің өзгеріп, балалық басқыншылыққа жол салады; экрандағы зорлық көріністерін бала миында сол қалпында, өмірдегідей талқылайды; бірақ уақыт өте бере бала осыған үйрене бастайды және зорлық-зомбылыққа ересек өмірдің қалыпты жағдайы ретінде қарай бастайды. 6 жасқа дейінгі балалар барлық ақпаратты сол қалпында, сынамай қабылдайды. Оларға қайсы дұрыс, қайсысы теріс екенін айыру әлі қиын. Сондықтан, көгілдір экранда болып жатқан дүниенің бәрін олар таза ретінде қабылдайды. Ал көргендерін ойындарына, өзінің нақты әрекеттеріне ауыстырады. Телеманиядан құтылу өте қиын, бірақ оны істеу қажет. Ата-аналарға бірнеше кеңестер. 1. Балалардың теледидар алдында қанша уақыт өткізетіндігін үнемі бақылаңыз. Педиатрлардың пікірінше, теледидар бала өміріне 3 жастан бастап енуі керек. Оның үстіне оны 15 минут қана қарау керек. 2. Теледидарды электронды бала күтуші ретінде пайдаланбауға тырысыңыз. Балаға теледидарға байланысты емес іспен айналысуды ойлап табуға болады: конструктор ойыны, сурет салу. Баланың айналысқан ісіне қызығушылық танытып, бірер көмек көрсетіп жіберу жеткілікті. 3. Мектеп жасындағы балаға мектепке барар алдында теледидар көруге тыйым салыңыз. Себебі бала ерте көрген хабарлардан қозып, жұмыс уақытына көңіл қоюы қиынға түседі. 4. Кітап оқытыңыз. Оқуға деген махабатты ата-аналар ғана үйрете алады. бастысы кітаптарды таңдап, үй кітапханасын дұрыс құру керек. Ең басты және маңызды ереже – баланың өміріне деген риясыз қызығушылық. Егер ата-аналар баланың жақсы достары ретінде танылса, теледидар екінші орынға ауысады. Интернетке тәуелділік. Интернетке тәуелділік белгілері: 1. Бала интернетті есеңгіреуден айығудың тәсілі ретінде қолданады; 2. Бала интернетте отырғанда уақыттан тыс қалады; 3. Интернетте бала көп отыруы үшін ұйқысын қияды; 4. Бала достарымен отбасынан гөрі, интернетте көп отырғанды қалайды. 5. Бала интернетте отырғанда ата-аналары мен достарына жалған айтады. Оның мектепте проблемалары бар, қосымша сабақтар мен үйірмелерге ол мүлдем баруды қояды; 6. Баланың интернетке қосылуына рұқсат бермесе, ол тез ашуланады; 7. Интернетке дейін қызықтап жүрген істеріне деген баланың қызығушылығы тоқтайды. 8. Бала күніне бірнеше рет электрондық поштасын тексереді; 9. Ата-анасының интернетті пайдалануға берген мерзімдерін сақтамайды, компьютер алдында тамақтанады. 10. Баланың бойында өзгерістер пайда болады: мазасыздық, бой берместік; интернетті ұзақ уақыт пайдаланғасын қолы дірілдейді; 11. Бала интернет туралы көп ойлайды, виртуалды әлемді нақты әлемнен айыра алмайтын қалыпқа түседі. Интернеттегі алуан түрлі ақылы қызметтер ата-анасының ақшасын рұқсатсыз жұмсауына әкеліп тірейді. Интернет ойындарындағы зорлық-зомбылық жастар арасындағы мінез-құлыққа кері ықпалын тигізеді. Ғалымдардың пікірі бойынша, ата-аналар баласының компьютер алдында немесе айналысатындығына алдын-ала қызығушылық танытқаны дұрыс. «Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты медиа тәуелділікке жақын болады». Компьютерге кез-келген бала тәуелді болады. Бірақ, бастауыш сынып оқушыларының және жасөспірімдердің интернетке тәуелділігінің негізгі себептерін анықтауға болады:  Жылы қарым-қатынас пен отбасындағы эмоциялық қарым-қатынастың болмауы;  Баланың айналысатын мағыналы сүйікті ісінің болмауы;  Айналасындағылармен жағымды байланысты орната алмауы, достарының жоқтығы. Интернет пен одан тыс уақытта өткізетін уақыт арасындағы теңдікті игеруге арналған кеңестер: 1. Интернетке тәуелділік белгілерінің білінуін қадағалаңыз. Балаңыз интернетке қанша уақыт отыратынын анықтаңыз. 2. Көмек сұраңыз. Өзіңіз жаңа технология туралы мәліметіңіз аз болған жағдайда білетіндерден көмек сұраңыз. 3. Компьютерді ашық бөлмеде ұстаңыз. Компьютерде отырғанда сұйықтықты минералды немесе таза қайнаған су ішіп отырған жөн. Себебі, су биология тұрғысынан организмдегі су жетіспеушілігін толтырып отырса, екінші жағынан жиі дәретханаға барудың арқасында компьютерден ажырайды. Компьютерге тәуелділікке, негізінде, кез келген бала кездесуі мүмкін, бірақ ол мүмкіндіктер азаяды егер:  Отбасында мейірімділік, тыныштық, жайлылық пен сенімділік ахуалы болса;  Балада жан-жақты қызығушылық пен айналысатын ісі болса;  Бала айналадағылармен позитивті қарым-қатынаста бола білсе;  Бала өз алдына тым болмаса кішігірім мақсат қоя білсе. Құрметті ата-аналар! Өздеріңізді жоғарыдан төмен түсіріп, балаңызбен теңбе-тең қарым-қатынас жасаңыз, сонда ғана сіздің балаңыз өзін тәрбиеленуші ғана емес, сонымен қатар анасының қорғаны, әкесінің көмекшісі болып, сіздің балаңыздың жауапкершілігі мол, өзін-өзі басқара алатын және өзін де, өзгелерді де сыйлайтын адам болады. «Балаңды 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла» деген керемет ұлағатты нақыл бар. Қателігін түсіне білетін, Дұрыс жүріп, күтіне білетін. Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, Білімді жинап, дүниені шолатын балаларыңыз үлкен азамат болып өссін! Сөз соңында ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды» деген парасатты оймен түйіндегелі отырмыз.


Пікірлер (2)

Құрметті, rinata! Материалды өңдеп немесе өшіріп қайта енгізсеңіз дұрыс болар, Немесе мына адреске bilimall.kz@gmail.com жіберіңіз, кері жағдайда материал өшіріледі. Түсіністікпен қарайды деген үміттеміз... Алдын-ала рахмет.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз