Өлең, жыр, ақындар

Еңбек адамды көріктендіреді

Тәрбиеші: Сматилдаева Джанета Жанабиловна

Мақсаты: «Еңбек »адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелік: еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, плакаттар, бейнеролик.

I. Шаттық шеңбері:

Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды.

Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл,
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады
Жақсы көрер бар адам.

II. Әңгімелесу:  Тәрбиеші сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.

* Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

* Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

* Өздерің еңбектің қай түрімен айналысқанды ұнатасыңдар?

* Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары.

- Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал  тағам, дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.

III. Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.  (Ө.Тұрманжанов)
Қайдан келдің бауырсақ?
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ?-
- Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім
- Нан сатқан,-
- Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жақтан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
- Жер анам менің көсілген,
- Диқандар мені өсірген.

Нан дастарқанға қандай еңбекпен келді екен?

IV. Нанды құрметтеудегі қандай тыйым сөздерді білеміз?

1. Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды.
2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3. Нан - қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды.
4. Нанды бір қолымен үзуге болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
5. Нанды аяқ астына тастама.

V. Шығармашылық жұмыс.

Екі топқа бөлініп жұмыс істейді.

1 – тапсырма: «Еңбекқорлар елін» безендіру. Балаларға жеміс ағаштарын суреттерін бояп, қиып, жапсырып, бақшаны гүлдендіреді.

2 – тапсырма: көкөністердің суретін бояп, қиып, жапсырып, бақшаны көркейтіп еңбектенеді, әр топтан бір бала жұмыстарын қорғайды.

VI. Ортада дөңгеленіп еңбек туралы мақалдар айтамыз.

Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбегіне қарай табысы, Ерлігіне қарай дабысы.
Еңбегінен ел таныр.
Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме.
Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.

VII. «Құмырсқалар» – бейнебаянын көрсету.

Бейнеролик. Еңбек еткенде жұмыла жасау керек, сонда ғана жұмыс өнеді, яғни бірігіп істеген жүк жеңіл болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар». ( Балалардың  пікірін  тыңдау)

VIII. Жүректен-жүрекке

Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып, бір-біріне жүрек жарды тілектерін айтады
“Еңбек.” Н.Жанаев.

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты---ЕҢБЕК
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты-ЕҢБЕК.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең-ЕҢБЕК.
Қиындықтың бәрін,
ЕҢБЕК - қана жеңбек.

IX. Қорытынды:

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз