Өлең, жыр, ақындар

Махаббат - өмір өзегі

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп : Атамекен ауылының орта мектебі                           

Мерзiмі:

Мұғалiм: Асанова Ботагоз Беймендиновна

Сынып: 3   Оқушылар саны :

Тақырып: Махаббат-өмір өзегі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, мейірімділік

 Сабақ мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншілік күндылық тәжірибе арқылы «Махаббат-өмір өзегі» тақырыбының мәнін ашу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер, интерактивті тақта, дәйексөз, оқулық, дәптер)

1 мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

2.Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәтi.

                                «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек  шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

аймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

3мин

 

        Баяу музыка ойналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

3.Үй тапсырмасын тексеру

№9 сабақ. «Махаббат шуағы» мәтіні
Талқыланатын сұрақтар:

  1. «Махаббат»ұғымын қалай түсінесіңдер?
  2. Махаббат адамға не үшін қажет ?

     3. Шуағын шашу деген не?

 

4. Сабақтың дәйексөзі

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ...
В. Г. Белинский

  1. В. Г. Белинский туралы не білесіндер?
  2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

5 мин

  1. 5. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.
  2.  Жан ана
    Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Біз - қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз.
    Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен
  3.    Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.
    Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп.  «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» деген тамаша сөздер бар. «Кімде - кім ата - анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.
    Ана - отбасымның тірегі.
  4. Аналарымыз  ауырмаса екен.  Барлық аналар аман болсын.

Сұрақ:
- Мәтін не туралы?

-Мәтінде халық арасында кеңінен таралған  қандай даналық сөздер айтылған?

-Өзіңнің  анаңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресің?

8 мин.

  1. 6.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1 – топ: «Отан»

Тапсырма: Оқушылардың Отбасына, Отанына деген махаббаттарын жадында сақтап,өмірде қолдану  мақсатында тапсырма беру:

Алдарыңда жатқан параққа Отанға деген махаббаттарыңды сурет арқылы бейнелейсіңдер

 

2 –топ «Отбасы»  Махаббат  туралы  мақал- мәтелдер жазады.

 

 10 мин

 

 

Ватман қағазы,түрлі-түсті қарындаш

 

 

Дәптер

  1. 7.Топпен ән айту.

             

Ана туралы жыр
Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған.
Даланың әр күнін, жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арналған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап, өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей, көзіңнен танимын.
Қайырмасы
Өтеуге борышым, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін, әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын, сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ме ай, күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы

3 мин

 

Музыка ойнап тұрады

8.Үй тапсырмасы

№10 сабақ «Туған ел» әңгімесін  мәнерлеп оқу.                                                                  33 - бет

2 мин

Өзін- өзі тану пәнінің оқулығы

9.Соңғы тыныштық  сәті.

 - Балалар, біз бүгін не туралы сөз қозғадық? Қандай жақсы  қасиеттерді білдіңдер?

Олай болса , жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!

 

1 мин.

Демалу жаттығуларының

музыкасы ойнап тұрады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз