Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылы
«Балдырған» балалар бақшасының
Ересек тобының тәрбиешісі: Омарова Эльмира Рахымжановна
Тақырыбы: «Тұңғыш президент күні»
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке арттыру патриоттық сезімдерін ояту, «1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президентімен таныстыру.
Көрнекілік: Тұңғыш президент портреті. Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреті т/б.
Сөздік жұмыс: Республика, рәміздер, ту, елтаңба, әнұран.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар шеңбер бойына тұрып алақанымызбен бір-бірімізді ұстайықшы. Бір бірімізден жылу сезініп тұрмыз ба балалар?
Балалар: Алақанымыздан жылу сезініп тұр
Тәрбиеші: Балалар менің мына сұрағыма жауап беріңдерші. Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Ал бір аптада неше күн бар?
Балалар: Жеті күн бар.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте керемет!
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде» 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған» оқу қызметі.
Мемлекетіміздің әнұранын орындалады.
Тәрбиеші: Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланғанына 28 жыл. Біздің президент қазақ еліміз үшін көп еңбек етті. Көптеген мектептер, зәулім-зәулім ғимараттар, балабақшалар салынды. Кішкентай ғана Елордамызды кеңейтіп, үлкен қалаға айналдырды. Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Міне осының бәрі біздің тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың арқасы. Ал қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Біз осындай елбасымыздың барында біз бақыттымыз.
Ал, Отан деген не екенін кім біледі?
Балалар: Отан дегеніміз - бұл біздің анамыз, еліміз, туған ыстық жеріміз.
Тәрбиеші: Ал Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.
Тәрбиеші: Отан, Қазақстан туралы тақпақ білесіңдер ме?
Дияр: Қуат алам өзіңнен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
Еркежан: Кең жазық Отан мекенім
Сенде өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым
Мұны біліп өтемін.
Тәрбиеші: Балалар сендер Отанымыз Қазақстанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Балалар олай болса мені мұқият тыңдаңдар. Бізідің Қазақстанымыз тәуелсіз ел, еркін ел. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар түрік, орыс, өзбек, қытай және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. Қане балалар сендер осы туған өлкеге Отанымыз Қазақстанға қандай тілектер айтасыңдар?
Балалар: Тыныштық болсын, соғыс болмасын, еліміз аман болсын, ауырмайық, нанымыз көп болсын. Бақытты болайық.
Тәрбиеші: Өте тамаша,олай болса келесі менің сұрағыма жауап беріңдерші. Қазақстан Республикасының ең алғашқы президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Балалар біздің елдің рәміздерін атаңдаршы?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, Рәміздер туралы кім тапақ айтады?
Еркемай: Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім ән ұран, ту, елтаңба,
Рәміздері жатқа білу жөн кісі.
Тәрбиеші: Балалар мемлекеттік туымыздың түсі қандай екенін кім айтады?
Балалар: Мемелекеттік туымыздың түсі көк.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар туымыз көк түсті,ортасында алтын күн орналасқан. Ол біздің әрқашанда аспанымыз ашық, төбемізде күн жарқырап тұрсын деген мағынаны білідіреді. Күн астында қыран құс ол біздің еліміз биікке, еркіндікке болашаққа ұмтылсын деген сөз. Ал шетінде қазағымыздың ұлттық өрнегі орналасқан. Мемлекеттік туымыздың авторы Шәкен Ниязбеков.
Н.Нұрали: Айнымайды аспанан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Тәрбиеші: Балалар біз әрқашанда туымызды жоғары көтеріп қастерлеуіміз керек. Енді балалар елтаңбаға қараңдаршы, елтаңбада шаңырақты айнала күн сәулесі орналасқан,уықтар шаншылған. Адам баласының досы-қос тұлпар және бес жұлдыз. Ол біздің барлық жер шарындағы халыққа құшағымыздың шаттығын білдіреді. Елтаңбаны салған суретші Жандарбек Мәлібеков және сәулетші Шота Уәлиханов.
Санжар: Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза үй.
Тәрбиеші: Балалар мемлекеттік тіліміз қандай тіл, кім біледі?
Балалар: Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі.
Сезім: Ана тілін біліп қой,
Еркіндігім теңдігім
Ана тілін біліп қой
Мақтанышым елдігім.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?
Балалар: 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне арналған тақырыптық оқу қызметі болды.
Тәрбиеші: Біздің тұңғыш президентіміз кім?
Балалар: Н.Ә.Назарбаев.
Тәрбиеші: Қазақстан рәміздерін атап жіберіңдерші
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің 1 желтоқсан тұнғыш президент күніне арналған оқу қызметі аяқталды. Сендерге көп-көп рақмет!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі