Өлең, жыр, ақындар

Балық өсірудің тиімділігі

Сәлеметсіздерме оқытушылар, студенттер

Бүгін бізде Технологиялық бөлімінің пәндер апталығына байланысты РХ-921 тобында «Балық өсірудің тиімділігі» атты сабақтан тыс шара өткелі отыр. Сабақтың мақсаты балық өсірудің әдіс-тәсілдерін тереңірек зерттеу, балық өсіру тиімділігін анықтау,  сөз жұмбақ, балық түрлерін жасыру арқылы терминдерді тез табу, түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтарды пысықтау мақсатында жүргізгелі отырмыз.

Топты екі топқа бөлеміз. Яғни топқа бөлгесін сайыс түрінде өтеді. Сондықтан қатысушы оқытушылар арасынан әділқазылар алқасын таңдап аламыз (Маржан, Тойған т.б.). Бірінші топтың аты Кардинал (Ранида), ал екінші топтың аты Хариус (Аяжан).

Алдымен топ оқушысы Ранида еліміздегі балық шаруашылығының даму бағыттары туралы қысқаша мәліметпен танысырады.

Ранида

«Еліміздегі Балық шаруашылығы мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Жалпы әрбір тұрғын жылына 10 кг астам балық өнімін тұтынуы қажет екендігін білеміз. Қазіргі кезде біздің елімізде бұл көрсеткіш 5,2 кг құрап отыр.  Балықшылар табиғи қорлардан балық аулаумен ғана шектеледі. Статистика агенттігің ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда аквакультура жағдайында өсірілген тауарлық балықтардың көлемі 700 тоннаны құрады. Бұл бүкіл ауланған балық көлемінің 2 пайызына да жетпейді. Шетелде жағдай тіпті басқаша. Мәселен, Өзбекстанда қолдан өсірілген балық көлемі – 60 мың тонна. Қытайда бұл көрсеткіш 70%-ды құрайды. Ал бізде табиғи су көздерінен балық аулау кесіренен елдегі оның қоры азайып бара жатыр. Аталған мәселені шешудің жалғыз жолы бар – ол қолдан балық өсіруді дамыту.

Елімізде тоғанда және бассейндерде балық өсіру жақсы қолға алынып келеді. Соның бір мысалы ретінде қаламыздағы «Аквакультураның тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешенін» айтуға болады (слайд көрсету). Бұл зауыттық толық өндірістік күші жылына 135 тонна бекіре балығының етімен 10 тонна қара уылдырық өндіруге есептелген. Осындай құнды тауарлық балық өсіретін зауыттар Қарағанды, Алматы, Ақтау, Шымкент т.б. қалаларда да салынып өз жұмыстарын бастауда.

Өте жақсы Ранида орынына отыра ғой.  

Келесі кезеңде әр топқа нақты балық өсіру әдістерінің тиімділігін көрсету тапсырмасы берілген болатын.  Берілген тапсырма бойынша өз тақырыптарын қорғау қажет.

Бірінші болып Кардинал тобы тақтаға шықсын.

Жақсы ендігі кезекте Хариус тобы тақтаға шықсын.

Келесі кезеңде әр топ бір-бірлеріне красворд жасырады.

Келесі кезеңде әр топқа 5 балықтың суреті көрсетіледі, суретке қарап балық атын табу қажет. Бірінші Кардинал тобы, екінші Хариус тобы.

Слайд көрсету

Сабақтан тыс шараға қатысқан ҒЖ жөніндегі әдіскері А.М Дүйсенгалиева өз әсерімен бөлісіп, оқушыларға рахметін айтты, және арнайы пәндер оқытушысы М.Б Губайдуллина алынған тақырып бойынша көп мәлімет айтылғанын, болашақ мамандықтарының өмірлеріне қажеттігі туралы, жақсы маман болып қалыптасуды тіледі. Қорытынды сөзді А.Б.Шапенова және М.М Кдирбаев сөйледі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз