«Үш тілдер патшалығына саяхат»
«Tour to the kingdom of three languages»
Бердісүгірова Айкерім Әмзеқызы
Кентау қаласы «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың шет тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Білім беру саласы: коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Ағылшын тілі
Сөздік жұмыс:Introduction, numbers, colours, domestic animals, days of the week,proverbs.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, үйрету, әңгімелесу, сұрақ-жауап, қорытындылау.
Пән-аралық байланыс: Орыс тілі, драма.
Көрнекіліктер: плакаттар,музыкалық техника,түрлі-түсті қағаздар, слайд, зал оқу қызметіне сай безендірілген.
Сабақ барысы:
Мұғалім: Good morning, dear our guests! Welcome to our English demonstrative lesson. The theme of todays lesson is- Travelling to the kingdom of three languages.
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Біздің «Балдаурен» тобының «Үш тілдер патшалығына саяхат» атты ашық сабағына қош келдіңіздер!
Залға балалар әуенмен кіріп, жарты шеңберге тұрады.
Мұғалім: Балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық!
ҚР әнұранын екі тілде орындап берейік.
(Балалар әнұранды екі тілде орындайды)
Warm up:
Teacher:Children, come here and make a circle. What do you see in my hands?
Жылулық шеңбері:
Мұғалім: Балалар менің жаныма жақындап, шаттық шеңберін құра қойыңдар. Менің қолымнан нені көріп тұрсыңдар?
Children: Mickey Mouse
Teacher: I give you Mickey Mouse and you must tell your friend your wishes.
Мұғалім: Мен сендерге сүйкімді тышқанды беремін, ал сендер осы арқылы жылы лебіздеріңді білдіресіңдер.
Children: Good luck!
Be happy!
I wish you health!
Be clever boy!
Have many friends…
Балалар: Жолың ашық болсын!
Бақытты бол!
Денің сау болсын!
Ақылды бала бол!
Достарың көп болсын!
Teacher: All right, children, thank you.
Мұғалім: Жақсы, балалар, рахмет.
Teacher: Children, What season is it now?
Мұғалім: Балалар, Қазір қандай мезгіл?
Children: Spring
Балалар: көктем
Teacher: How many months in the spring?
Мұғалім: Көктемде неше ай бар?
Children: Three months
Балалар: үш ай
Teacher: Say it
Мұғалім: атап өтіңдер
Children: March, April, May
Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр
Teacher: What month is it now?
Мұғалім: Қазір қай ай?
Children: April
Балалар: Сәуір
Мұғалім: Аптада неше күн бар?
Балалар: Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Біріншісі- дүйсенбі,
Екіншісі- сейсенбі,
Үшіншісі- сәрсенбі,
Төртіншісі - бейсенбі,
Бесіншісі- жұма,
Алтыншысы-сейсенбі,
Жетіншісі-жексенбі.
Теасher: How many days in the week?
Children: 7 days
Teacher: Say it
Мұғалім: Атап өтіңдер
Teacher: Monday,Tuesday, Wednesday, Thursday,Friday,Saturday,Sunday.
-Балалар,біз сендермен бірге қай елде тұрамыз?
-Қазақстанда.
-Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз Еуразияның орталығы – Қазақстанда тұрамыз.Балалар,сендер Үш тілдің патшалығына саяхат жасағылырың келеме?
-Иә
-Біз тілдер патшалығына қалай жетеміз?Ол өте алыста. Біз кімнің көмегіне жүгінеміз?
-Сиқыр ханшайымының
-Балалар, ендеше, сиқыр ханшайымын көмекке шақырайық!
-Fly, little fairy,fly
Fly into blue sky
One, two, three
Please, help me!
Сиқыр ханшайымы: Hello, my dear friends! Сәлеметсіңдерме, достар!I will help you!Қымбатты достарым, мен сендерге көмек беруге келдім. Close your eyes! Көздеріңді жұмыңдар!
So,no,go, So,no,go
Lets go! Lets go!
Lets go to the kingdom!
(Балалар сиқыр көмегімен патшалыққа келеді.)
Мұғалім: Балалар, біз сиқыр көмегімен патшалыққа да жеттік.
Не деген керемет патшалық!
Тосын сәт.Үш тіл Патшалығы патшайымының көмекшісінің кіруі.(жарлықтың әуені)
Көмекші:«Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Кішкентайлардан бастап үлкендерге дейін, қалалар мен ауылдарда үш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) сөйлеуді үйренетін болыңдар!».
«Всем! Всем! Всем! От мала до велика, в городах и селах научиться разговаривать на трех языках(казахском,английском,русском)».
«To everybody! The young and the old in the cities and villages should learn three languages - Kazakh,English,Russian!»
Teacher: Hello,I am sorry we don’t know you.
Мұғалім: Сәлеметсізбе, кешіріңіз, біз сізді танымадық.
Көмекші: Hello, everybody! I am an assistant of the Queen.Барлығыңа сәлем, Мен –тілдер патшалығы патшайымның көмекшісімін.Патшайымның жарлығымен келдім.
Мұғалім: Өте керемет. Балалар патшайым көмекшісімен ағылшынша амандасайықшы.
Children: Good morning,good morning,
Good morning to you.
Good morning, good morning,
I am glad to see you.
Көмекші:Рахмет, балалар! Менде сендерді біздің патшалықта көргеніме қуаныштымын.Ал,сендер, тілдер патшалығының патшайымын көргілерің келеме?
Балалар: Иә
Көмекші: Егер менің тапсырмамды дұрыс орындасаңдар, патшайым естіп келеді.
1ші тапсырма-үш тілде 10ға дейін санау
2ші тапсырма- үш тілде түстерді атау
(Балалар тапсырманы дұрыс орындайды,әуен ырғағымен Патшайым ортаға шығады.)
Көмекші: Very good! You are very clever! Өте керемет! Бәрің ақылды балалар екенсіңдер!
Патшайым: Hello, dear children. How are you? Сәлеметсіңдерме,балалар! Мен өзімнің патшалығымнан сендерді көргеніме қуаныштымын.
Teacher: We are glad to see you . Our boys and girls like you very much.I am a teacher of this group. My name is Aigerim.
Мұғалім:Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз. Сізді қатты ұнатамыз.Мен осы топтың ағылшын тілі мұғалімімін. Есімім-Айгерім. Енді біздің балалар ағылшынша өздерін таныстырсын. (балалар ағылшынша өз аттарын айтады).
Патшайым:Oh, it is good! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Менің көмекшім жарлығымның орындалуын сендерге тапсырма беру арқылы тексереді. Қане,көмекшім, баста!
Мұғалім: Балалар, патшайым жарлығын орындауға дайынбызба?
Балалар: Иә
(Көмекші тапсырмаларды мұғалімге беріп тұрады.)
Мұғалім: 1ші тапсырма- «Тіл- асыл қазына!»
Тілге деген құрметті үш тілде тақпақтар арқылы білдіру.
Балалар 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) мәнерлеп өлең оқиды.
1.Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
2. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
3. Наш Казахстан - наш край родной
Живем мы здесь большой семьей
Здесь есть родные и друзья,
Учителя - дают нам знанья!
4.Хотим мы знать, читать, писать,
Ну и конечно поиграть!
Здесь садик милый мой большой,
Детсад «Жулдыз» - мой дом родной!
5. We learned our ABC's
And counting 1, 2, 3's.
And now we know all these,
The kindergarden class.
6.And we learned how to share.
And we learned how to care.
Just ask us if you dare,
The kindergarden class.
Патшайым: Жарайсыңдар, балалар! Менің сендерге үлкен сыйлығым бар. Ол -«білім кілті». Қане көмекшім, білім кілті салынған қорабымды беріп жіберші.
Көмекші: Ах, Патшайым, кілт орнында жоқ, білім кілті жоғалды. Бұл кімнің ісі екен?
Патшайым: Бұл кілтті ұрлаған кім екенін ішім сезіп тұр ғой деймін. Жақында жалмауыз кемпірдің елді бір дүрліктіріп жүргендігін естігенмін. Түбі бізге жеткен ғой!
(Әуен. Хабарлама үні. )
Көмекші: Патшайым, хабарлама келді. Жалмауыз кемпір тікелей эфирде. Тыңдайық! (экраннан жалмауыз кемпір шығады).
Жалмауыз кемпір: «Патшайым және балалар! Сендердің жоғалған кілттерің менде. «Білім кілтін» алып, одан әрі білімдеріңді шыңдайын деп отырсыңдар ғой, бірақ бұлай болмайды. Мен ол кілтті сендерге ешқашан бермеймін. Ж - о - о - о - қ! Егер сендер өте білімді, үш тілге жетік болсаңдар сендерді уысыма қалай түсірем? Сендер менен қашып, шетелге асып кетесіңдер ғой! Мен болашақта балалардың білімді болғандарын қаламаймын. Ал, ендеше, батылдарың жетсе алып көріңдер!» - деп мысқылдап күледі (ха - ха - ха).
Патшайым: Қорықпаңдар, балалар! Бұл кедергіден құтылудың амалын табуға болады. «Білім кілтінің» екінің бірі біле бермейтін қасиеті бар. Бұл кілт кім білімді, соның қолына өзі еш кедергісіз келетін болады. Бұған жалмауыз кемпір де кедергі бола алмайды.
Көмекші: Ендеше, «Білім кілтін» жалмауыздың қолынан алу үшін үш тілді үйренуді жалғастырайық! Мұғалімге тапсырманы береді.
Мұғалім: 2ші тапсырма- «Мақал - сөздің көркі» Үш тілде мақал - мәтел айту
Балалар мағыналас мақал - мәтелдерді үш тілде айтады.
1. Ештен кеш жақсы.
Лучше поздно, чем никогда.
Better late, than never.
2. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
Having friends is better than having money.
3. Еңбексіз өнбек жоқ.
Без труда нет плода.
No pains, no gains.
4. Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Не все то золото что блестит.
All is not gold that shines.
5. Денсаулық – зор байлық.
Здоровье – дороже денег.
Good health is above wealth.
6. Білімі саяздың адымы тар.
Незнание приносит вред.
Little knowledge is dangerous thing.
7. Қанағат қарын тойғызар.
Хорошенького помаленьку.
Enough is as good as a feast.
Көмекші: Жарайсыңдар, балалар, өте керемет!Келесі тапсырманы берейін.
Мұғалім: 3ші тапсырма - «Ұйқас тауып, тіл үйрен!». Сөздердің ұйқасын табу керек.
1. Үйірме – кружок,
Секіру – прыжок.
2. Бала – мальчик,
Саусақ – пальчик.
3. Сладкий – тәтті,
Твёрдый – қатты.
4. Горох – бұршақ,
Кукла – қуыршақ.
5. Мальчик – boy,
Ойыншық – toy.
6. Красный – red,
Плохой – bad.
Көмекші: Балалар, егер шаршаған болсаңдар, сергіту жаттығуларын жасасаңдар болады.
Сергіту сәті. (Wheels on the bus)
Мұғалім: 4ші тапсырма- жұмбақ шешімін табу. Жұмбақтың шешімін 3 тілде айту.
1. Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. (сағат - часы - clock)
2. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - sun)
3. Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады. (сабын - мыло - soup)
4. Зверь я горбатый
А нравлюсь ребятам. ( верблюд - түйе - camel)
5. Голодная - мычит,
Сытая - жует,..
Всем ребятам
Молоко дает. (корова - сиыр - cow)
6. Сто одежек,
Все без застежек. (капуста - қырыққабат - cabbage)
Мұғалім: 5ші тапсырма- «Ойлан, тап» ойыны
Үй жануарларының суретін жартысынан тауып, қай жануар екенін 3 тілде айту.
A sheep-қой-баран
A dog-ит-собака
A horse-ат-лошад
A cow-сиыр-корова
A hen-тауық-курица
A cat-мысық-кошка
A pig-шошқа-свинья
A rabbit-қоян-заяц
(Сиқырлы әуен)
Көмекші: Патшайым, қораптың ішінде бір нәрсе жылт - жылт етеді. Кәне, ашып көрейікші! Ой, Патшайым, қорап ішінде «Білім кілті» тұр. «Білім кілті» жалмауыз кемпірдің қолынан қалай келген?
Патшайым: Міне, балалар, мен сендерге айтып едім ғой, «Білім кілті» білімдінің қолына өзі - ақ келеді деп. «Білім кілті» сендерді адаспай тапқан екен.
(Әуен.Хабарлама үні.)
Көмекші:Патшайым, хабарлама келді. Жалмауыз кемпір жақындап қалған сияқты.
(Жалмауыз кемпірдің кіруі.)
Патшайым: Ей, жалмауыз кемпір, сені мұнда кім шақырып еді? Балаларға тағы да қиянат жасамақшысың ба?
Жалмауыз кемпір: Жоқ, менің сізге және балаларға айтар сөзім бар. Балалар, сендер үш тілге де жүйрік екенсіңдер ғой. Сондықтан «Білім кілті» менің қолымда ұзақ тұра алмады. Мен кілтті бекер ұрлап алған екенмін. Ай, ақымақ басым - ай! Сендерден және патшайымнан мың рет кешірім сұраймын. Балалардың үш тілге жетік екеніне көзім жетті. Енді мұндай жамандық жасамаймын. Мені кешіресіз бе, патшайым?
Патшайым: Алдымен, мұны балалардан сұрайық. Балалар, жалмауыз кемпірді кешіресіңдер ме?
Балалар: Иә, кешіреміз!
Патшайым: Балалар кешірсе, мен де кешіремін сені. Тек енді адамдарға ешқашан жамандық жасамаймын деп уәде бер!
Жалмауыз кемпір: Иә, патшайым, иә, балалар, мен енді ешкімге қиянат жасамаймын. Мен елімізде бейбітшілік пен білімді ұрпақ көп болсын деп тілеймін! Сау болыңдар, балалар!
Патшайым: Міне, балалар, енді «Білім кілті» сендердікі! Осы кілттің атына сай білімді де тілге жүйрік болыңдар! Әлі де алатын асуларың алда. Сол асулардан сүрінбей өтіңдер дегім келеді.Бұл кілтті мұғалімдеріңе тапсырайын. Ал сендерге,білім жүйріктеріне арналған тағыда сыйлықтарым бар.Балалар сендермен уақытымыз өте қызықты өтті. Мұғалім: Патшайым,көмекші сіздерге көп рахмет.Біздің балабақшаға оралатын уақыты мызда боп қалды.Қалай барсақ екен?
Патшайым:Онда мен сендерге көмектесейін. Сиқыр көмегімен өз балабақшаларыңа апарайын. Қанекей көздеріңді жұмыңдар! Сlose your eyes!So,no,go,So,no,go- Lets go to the Kindergarden!Good bye! Сау болыңдар! До свидание!Good bye!(Балалар патшайым және көмекшімен қоштасады.)
Мұғалім: Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық. Білім-бәрінде жеңбек! Патшайым және оның көмекшісі расында ерекше екен...Балалар,бүгінгі саяхатымыз ұнадыма? Қай жері қызықты өтті?
Балалардың жауаптары
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі