Өлең, жыр, ақындар

Математика әлемінде

Нұр-Сұлтан қаласы №88 мектеп-лицейі
Математика мұғалімі Абдыкаримова Алия Кажикеновна

Сабақтың тақырыбы: «Математика әлемінде»
Көңілді тапқырлар сайысы. 5 «А» сыныбы
Математика пән мұғалімі: Абдыкаримова Алия Кажикеновна
Уақыты: 22.04.2020ж
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ой- өрістерін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Еңбекке, өзін-өзі басқару, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Алған білімдерін пысықтау.
Көрнекілік: түрлі-түсті безендірілген тапсырмалар.
Сабақтың эпиграфы: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика» М. Ломоносов
Сабақтың барысы:
Кіріспе: Құрметті оқушылар! Бүгін біз математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар шегеміз. Бүгін біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, «Математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысын бастайық!
Сайыс екі топ арасында өткізіледі.
І сайыс: Үй тапсырмасы
Әр топ топтың атын, ұранын, эмблемасын, математика жайында 1-2 шумақ өлең дайындайды.
ІІ сайыс: Кім жылдам?
Жылдамдыққа есептеу жұмысын жүргізеді.
ІІІ сайыс: Жұмбақ сандар
Логикалық есеп. Жасырын сандарды табу керек.
ІV сайыс: Кім шапшаң?
Процентке берілген есеп.
V сайыс: Суретке қарап есеп құрастыру
VІ сайыс: Сиқырлы шаршы
Квадрат тор көздерін тігінен де, көлденең де, диагональ бойымен де қосындылары тең болатындай  1, 2, 3, 4, 5 ,6, 7, 8, 9 сандарымен толтыру.
VІІ сайыс: Тапқырлар сайысы
Сіріңке шиімен берілген есеп
VІІІ сайыс: Ойшылдар сайысы
Логикалық есеп
Қорытынды: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалмен бүгінгі сайысымызды қорытындылаймыз.


Пікірлер (4)

Ержан

Киын есеп Бер

сүлтан дынмухамед

сууууууй

сүлтан дынмухамед

әдемі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз