Лейла Саденова,
Қарағанды қаласындағы
№ 74 ЖББОМ-тің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Сөздік қорды байытқан Астанаға саяхат
Сыныбы: 5 «А» сынып
Сабақтың мақсаты:
Түрі: саяхат сабағы.Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Әдіс-тәсілдері: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Бүгін кезекші кім?
-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс айларын атаңдар?
Өткен сабақты қайталап, сөзжұмбақты шешу.
Үй жұмысын сұрау . Қөңіл-күйлерін қандай ?
Мен сіздерге сәттілік тілеймін
Кім жылдам ?
-Сен қандай қалаларда болдың ?
-Қазақстанның Елордасы қай қала ?
-Сен қай қалада тұрасың?
-Алматы қаласының бұрынғы атауын ата ?
-Қазақстанда неше облыс бар?
Жаңа сабақ:
Қөңіл-күйлерін қандай ?
Сабақтың тақырыбын білу үшін біз сендермен сөзжұмбақты шешуіміз керек
Сөзжұмбақ
1.Век 4.Народ
2.Мавзолей 5.Реки
3.Независимый 6.История
1.ҒАСЫР
2.ЕСКЕРТКІШ
3.ТӘУЕЛСІЗ
4.ХАЛЫҚ
5.ӨЗЕН
6.ТАРИХ
-Қазақстанның бас қаласы қай қала?
Жақсы .Бүгін біз балалар,Отанымыздың бас қаласы Астанаға саяхат жасаймыз.Бүгін нешесі ?
Жақсы.Жаздыңдар ма? Ендеше, вокзалға барып, қандай автобус керек екенін анықтайық.
-«Қарағанды-Астана» автобусына барып отыруымыз керек.
Дұрыс.Автобусқа отырып, назарларыңды тақтаға аударыңдар.
Жолда адасып кетпеу үшін жолымызда кездесетін ауылдар мен қалаларын есте сақтауымыз керек.
1.Қарағандыдан Астанаға барғандағы бірінші аялдамамыз қай жер? (Қарағандыдан Астанаға барғандағы бірінші аялдама- Теміртау қаласы)
2. –Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, Елбасымыздың өмірінде Теміртау қандай орын алады?
(Біздің Елбасымыз Теміртау қаласында зауытта жұмыс істеді)
3.Автобустың терезесінен қандай ауыл көрінеді?
( Автобустың терезесінен біз Батпақты ауылын көріп отырмыз)
4.Батпақтыдан кейін біздің автобусымыз қайда тоқтайды?
(Батпақтыдан кейін біздің автобусымыз Осакаров ауданына тоқтайды.)
5.Осакаров ауданынан кейін, балалар , біз қайда келеміз?
(Осакаров ауданына тоқтайды)
6.Осакаров ауданынан кейін, балалар, біз қайда келеміз?
(Осакаров ауданынан кейін біз Аршалыға келеміз)
-Жақсы балалар, сендер ауызша сұрақтарға дұрыс жауап беріп жатырсыңдар , қазір грамматиканы қайталап кетейік
Аршалы сөзін септеңдер
-Аршалыдан кейінгі аялдамамыз қай қала, балалар?
(Астана қаласы)
-Дұрыс,балалар, сөйтіп біз Қарағандыдан Астанаға жеттік.Жолда қандай қала мен ауылдар кездесті?
(Теміртау, Батпақты, Осакаров, Аршалы)
Сөздік
Ғимарат- здание
Аялдама-остановка
Көрікті-красивый
Жаға-берег
Орталық-центр
Субұрқақ- фонтан
Саябақ- парк
Елбасы-Президент
Жастар сарайы-Дворец молодежи
Сөйлем, сөз тіркесін құраңдар Астана –жас қала
Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Астанада ескертікштер көп
Аршалыда Жастар сарайы бар.
Бәйтерекке міну үшін мынадай тапсырма орындауымыз керек.
1 -тапсырма.Берілген сан есімдерді мағынасына қарай бөліп жазыңдар
11,50-60,алтау, жетпістей, мыңыншы, жүздей, біреу, бес-бестен, 242, қырықтай, 40-50, отыздай, 1100, жетінші, екеу, оннан екі, төртеу, бір бүтін, мың жарым.
Есіптік |
реттік |
жинақтық |
топтау |
болжалды |
бөлшектік |
11, 242, 1100
|
Мыңыншы, жетінші |
Алтау, біреу, екеу, төртеу |
50-60, 40-50, бес-бестен
|
Жетпістей, жүздей, қырықтай, отыздай |
Оннан екі , бір бүтін, мың жарым
|
Бірінші аялдамамыз-Астана-Бәйтерек монументі
Бәйтерек -Астананың төріндегі
Өресі биіктіктің өмірдегі.
Аялы алақаны Елбасымның-
Секілді өшпейтұғын сенім мөрі.
Самсаған қара орманым- байтақ едің.
Еңсесін елдігіңнің биіктеткен-
Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің.
Бәйтерек –Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы.Бәйтерек - бас қаламыздың символы.Монументтің биіктігі – 97 метр.Юля Бурак
-Міне, балалар, Бәйтерекке мініп көрдік , ұнады ма ? Онда саяхатымызды жалғастырамыз.
2-тапсырма. Сөздердің аудармасын табыңдар.
Саяхат барс
Халықаралық памятник
Ғимарат здание
Шешен Будущее
Ескерткіш международный
Барыс политика
Болашақ оратор
Келесі аялдамамыз –«Думан» ойын - сауық орталығы.
Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал.
Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.
Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.
Біз «Думан» ойын-сауық орталығына да жетіп қызықтадық. Ұнады ма балалар. Саяхатымызды жалғастырамыз.
Келесі аялдамамыз, «Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы»
Оған жету үшін біз тағы бір тапсырманы орындауымыз керек.
127 беттегі 1-тапсырманы орындаймыз. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын жазыңдар
-Міне, балалар , Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайына да жеттік.
Астанадағы Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық нысандар бүкіл әлемде жоқ. Ғажайып жобаның авторы- британ сәулетшісі Норман Фостер.
«Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы» ұнады ма? Жақсы балалар, онда саяхатымызды жалғастырамыз.
Перфокартаны қосу таңбасы арқылы белгілеу
Сан есім мысалдары |
Есіптік |
реттік |
жинақтық |
топтау |
болжалды |
бөлшектік |
Бір мың екі жүз бес |
+ |
|
|
|
|
|
Екіден бір |
|
|
|
|
|
+ |
Отызыншы |
|
+ |
|
|
|
|
Бес-бестен |
|
|
|
+ |
|
|
Бесінші |
|
+ |
|
|
|
|
Беске жуық |
|
|
|
|
+ |
|
жүздеген |
|
|
|
|
+ |
|
оннан |
|
|
|
+ |
|
|
біреу |
|
|
+ |
|
|
|
Екі бүтін оннан үш |
|
|
|
|
|
+ |
Астана, сегіз , 74 сөзіне сатылай - кешенді талдау жасаңдар.
Мақал-мәтелдер
1. Жеті атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға қырық үйден тию.
3. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5. Білгенің – бір тоғыз , білмегенің – тоқсан тоғыз.
6. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
Поэзиялық үзіліс.
а) Суретке қарап, “Отан” туралы бір-екі шумақ жырды жатқа айтыңыз.
ә) Отан туралы мақал-мәтел білесіз бе? Есіңізге түсіріңіз. Біріңізден кейін біріңіз жалғастырып айтыңыз.
Сиқырлы сандық» қазақ тілі мұғалімдері сендерге Астана туралы сұрақтар дайындап келіпті.Соған мұқият жауап беріңіздер.Жақсы жауап берсеңіздер сендерге сыйлық ретінде қазақ тілі мұғалімдері ән шашу дайындап келіпті . Астана әні . А.Жорабаева
1.Астана қандай қала? (Астана жас ,әдемі, таза қала)
2.Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев )
3.Ақмола бұрын қалай аталған? (Целиноград)
4.Монументтің биіктігі неше метр? 97 метр
5.Астана қай жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды ? ( 1997 жылдан бастап Астана болып жарияланды)
6.Астанаға саяхат сендерге ұнады ма?
Бекіту:
INSERT әдісі
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
Астана - ҚР астанасы |
Астанадағы мәдени орындар |
Астананың болашағы туралы |
Венн диаграммасы
Үй тапсырмасы. Астана туралы эссе жазу
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет
Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімінде жатыр.
Р. Эмерсон
Лейла Саденова,
Қарағанды қаласындағы
№ 74 ЖББОМ-тің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ануар
Жақсы екен