апт
Сабақтың тақырыбы: Маркетингтік шараларды жүзеге асыру
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың білімдерін арттыруда маркетингтік жоспарлар жайлы толық мағлұмат беру, айқындап, түсіндіру.
Б) ой-өрісін дамыту: Қосымша тапсырмаларды ұқыпты орындауға дағдылау.
В) Тәрбиелік: Маркетингтік жоспарлар жайлы айта отырып, болашақ мамандарды ұқыптылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу. Сапалы жұмыс жасауға бейімдеу.
Сабақтың түрі: теориялық; Сабақтың типі: аралас
Сабақтың өткізілу әдістері: Сайыс түрінде, проблемалық оқыту-логикалық сұрақтар, ситуациялық сұрақтар, түсіндірме жұмысы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, таратпалы материалдар, бейнежазбалар
Пәнаралық байланысы: «Маркетинг негіздері», «Кәсіпорын экономикасы»
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- білім алушылармен сәлемдесу; - аудиторияның тазалығын қадағалау;
- білім алушыларды журнал бойынша түгендеп, әр балаға үлестірмелі қағаздар беру.
Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру:
Үйге берілген тапсырма оқушылардың түсірген жарнамасына назар аудару және оны талдау.
Қ |
А |
М |
К |
Н |
Т |
І |
Н |
Қ |
Н |
Н |
М |
А |
Р |
Е |
Е |
Ш |
И |
К |
Г |
Ұ |
А |
Р |
Е |
М |
Ы |
С |
Ә |
Р |
І |
Н |
Р |
К |
Н |
Ж |
Н |
Л |
К |
Ұ |
С |
Ы |
П |
О |
Ы |
Ы |
Е |
Е |
О |
Э |
Ұ |
Ө |
А |
Б |
Қ |
Б |
Д |
Б |
К |
К |
С |
К |
Л |
Н |
Ж |
А |
Р |
Ә |
Ж |
Е |
Т |
С |
Ы |
І |
Ы |
Ғ |
Е |
Ж |
М |
С |
А |
Т |
Н |
П |
Қ |
М |
А |
А |
К |
Е |
Е |
Қ |
У |
О |
Ы |
А |
Б |
З |
Н |
Ң |
Н |
К |
А |
О |
С |
Р |
П |
А |
Қ |
Ш |
Н |
Е |
Т |
Р |
Р |
Т |
А |
Н |
А |
Қ |
Ұ |
А |
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар
1. Маркетингті жопарлау мәні мен түрлері
2. Маркетингтік стратегия және оның жоспарлау процесі. Бизнес жоспар
1. Маркетингті жопарлау: рөлі, түрлері, кезеңдері
Іс жүзінде маркетингтік жоспарлау — бұл жетістікке жеткен көптеген компаниялардың қолданатын танымал жолы. Жоспарлау сатып алушылардың қажеттілігін, бәсекелестер туралы мәліметті әрдайым біліп, қорларды тиімді пайдаланып және күтпеген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артыкшылықтары: Маркетингті жоспарлау мақсатты нарықтардың қызмет көрсетуіне бағытталған стратегияларды жасауға және нақты артықшылықтарға назар аударуға мүмкіндік береді; Қорлардың өте тиімді қолданылуына мүмкіндік туғызады; Компанияның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, қауіптерді және мүмкіндіктерді табу, пайда болатын қауіптерді азайтуға және күтілетін өзгерістерді жақсартуға мүмкіндік береді; Қызметкерлердің жұмысын үйлестіріп, олардың арасындағы коммуникацияны жақсартуға жақсы мүмкіндік береді; Болашақа болжамды мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Маркетинг жоспары — бұл нақты уақыт аралығында маркетинг мақсатына жету үшін жүйелік және бүтіндік бағдарламалардың жиынтығынан тұратын арнайы құрылған жоспарлы құжат.
Маркетингті жоспарлауды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:
Маркетингтік жоспарлаудың кезеңдері. Маркетинг жоспары бірнеше кезеңдерден құрылады:
Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет. Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп, ұжымда талқылануы керек. Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін, рөлін, мақсаттарын, талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп, оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.
(Бизнес жоспар жайлы бейнежазба)
Маркетинг стратегиясы – бұл кәсіпорынның стратегиялық басқарудың құрамды бөлігі. Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған. Стратегиялық жоспарлау- компанияның басқа да жоспарларының негізін қалайды. Ол жаһандық мақсаттар мен компания миссиясын анықтаудан басталады. Миссия деп- компания мақсаттарын белгілі бір нақышқа келтіруді айтады. Миссия компания ұжымын белгілі бір ортақ бағытқы қарай беттейді.
Стратегиялық жоспар - әрдайым өзгергіш ортада компанияға өз мүддесіне мүмкіндіктерді қолдануға көмек көрсету үшін құрылады. Ол терең мақсаттар мен компанияның борышын анықтаудан басталады, содан кейін SWOT-талдаудың нақты мақсаттары белгіленеді (компанияның мықты және әлсіз жақтары жайлы және мүмкін қауіп-қатер туралы есептеме).
Стратегиялық жоспарлауға бірнеше компоненттер кіреді:
- Борыш (компанияның негізгі мақсаты). Мыс: әр адамға компьютерлер сатып алуын ұсыну.
- Стратегиялық аудит (экономикалық ортадағы бәсекелестіктер, мұнда ұйымдастыру, баланс, пайда мен шығындар есебіне талдау жасалады)
- SWOT-талдау (мықты, әлсіз жақтар және қауіп-қатер). SWOT-ТАЛДАУ- ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа тақырыпты бекіту. Жалпы жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелерінің мақсаттарын анықтайды, біріккен жоспарлар өнімнің барлық түрлерін қамтыса, ал ерекше жоспарлар маркетингтің әрбір бөлімдері бойынша жасалады. Мысалы, маркетинг жоспары жарнама, өткізу, жаңа өнімдер бөлімшелері үшін жасалауы мүмкін. Жалпы жоспарларды әдетте, өндіріске арналған тауарларды өндірушілер жасайды, ал бірыңғай біріккен маркетинг жоспарын көбіне қызмет көрсететін фирмалар қолданады. Маркетингтік қызмет өнім түрі бойынша ұйымдастырылған кәсіпорындарда маркетинг жоспарлары әрбір өнім үшін, ал географиялық принципі тұрғысынан ұйымдастырылғанда - әр аймаққа арналып жасалады.
Сабақты қортындылау. «Quizlet» бағдарламасы арқылы екі топқа жаңа тақырыпта өткен терминдерді естерінде сақтап қалуы үшін ойындар ойнату.
Оқушыларды бағалау: үйге берілген тапсырмалардың орындалуы мен сабақ барысында белсенділігіне жаңа тақырыпты меңгеру деңгейіне баға қою. Сабаққа белсене қатысқан студенттерді ерекше атап өту, бағалау.
Үйге тапсырма. Оқушыларға пайдаланылатын әдебиеттерді атап өту. Бизнес жоспар жасау.
Әдебиеттер:
1. Хожаназаров. Маркетинг негіздері. Алматы., Экономика. 1996.
2. С.Н.Нысанбаев, Г.А. Садыханова. Маркетинг негіздері. Алматы., 2002.
3.Н.М. Мамыров. Маркетинг. Алматы., Экономика, 1998.
4. Тойкин С.Х. Маркетинг негіздері: Оқулық / С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. - Астана : Фолиант, 2007.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі